
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2024
Жол апаты қайғылы қазаға ұрындырды
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында республикалық «Жезқазған-Петропавл» тасжолында Peugeot және Toyota Camry автомобильдері бетпе-бет соқтығысып, екі адам бірден қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2024
Аға буынның тәжірибесі ескеріледі
Бұдан дейін Солтүстік Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өткен жылы сатып алу бағасын 90 есе асырып, бюджеттің 1,8 млрд теңгесін орынсыз жұмсаған заңсыздықтарды анықтағанын жазған едік. Антикордың ашық әрі әділ қызметі қазір ел аузында.
Мирас • 22 Қаңтар, 2024
Қызылжар өңірі ұзақ жыл бойы ұлттық өнерден, соның ішінде әсіресе айтыстан қағажу көріп келді. Қолдаушы, қорғаушы ішінара табылып жатса да, алқалаған орта, белсенді ұйымдастырушы болмаған соң өнердің оты маздамай, шоққа айналып жүрді. Айтыс жиі өтіп, басқа облыстардағы додаларға үнемі қатысып тұрмаған соң ақындар қожырап, үлкен өнерден қол үзіп кетті.
Тағзым • 22 Қаңтар, 2024
Жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаев есімін бүгінгі балалар біле қоймауы мүмкін, бірақ 60–80 жылдардағы «Балдырған» оқыған алдыңғы буын жақсы біледі. Оның ауыл өмірінен балаларға арнап жазған қысқа, көркем, тартымды әңгімелері журналдың әр нөмірі сайын шығып тұратын. Оларды жас қауым қызыға оқып, талдап, өзара әңгіме қылып айтып жүретін.
Жемқорлық • 21 Қаңтар, 2024
Қоғам дертімен күрес тоқтамайды
Қоғамның жегі құртына айналған сыбайлас жемқорлықпен күрес жалғаса береді. Бұл мәселеге мемлекеттік мекемелер де, азаматтарымыз да бейжай қарамауға тиіс. Осы орайда жемқорлыққа қарсы күрес Солтүстік Қазақстанда жүйелі жүргізіле бастады.
Қоғам • 21 Қаңтар, 2024
Жуырда Петропавл қаласы өнерпаз өрендерінің «Қарлығаш» хореографиялық ансамблі Ресей астанасындағы балалар мен жасөспірімдердің «Московское время» атты халықаралық фестиваліне қатысып, бірінші орын алып келді.
Өнер • 20 Қаңтар, 2024
Жуырда Петропавл қаласы өнерпаз балаларының «Қарлығаш» хореографиялық ансамблі Ресей астанасында болған балалар мен жасөспірімдердің «Московское время» атты халықаралық фестиваліне қатысып, бірінші орын алып келді.
Құқық • 17 Қаңтар, 2024
Осы күндері Петропавл тұрғындары өздерінің, жақындарының, әсіресе балаларының өмірі үшін алаңдаулы. Өйткені жаза мерзімі аяқталған екі қандықол қылмыскер бостандыққа шыққалы отыр. Оның бірі қаңтар, екіншісі сәуір айында шығады.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2024
Биыл Солтүстік Қазақстанда қар қалың. Өткен жылдың аяғында бір аптадай 40-45 градустық қатты аяз тұрды, одан жылымық болып, қар еріп, тіпті жаңбыр жауып, арты көктайғаққа айналды. Жаңа жыл басталғалы аймақта ауа райы тұрақталып, 15-20 градус аязды көрсетіп тұр. Есесіне күнде дерлік қар жауады. Тазалаушылар жолды қардан аршып үлгере алмай, қаладан шығатын күре жолдар күн ара жабылып жатады.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2024
Петропавл қаласындағы 2-ЖЭО-ның 2022 жылдың наурыз айында ортан белінен опырылып түскен мұржасының жыры әлі де жалғасып келеді. Дәл Наурыз мерекесінің қарсаңында құлаған мұржа қала жұртшылығын ғана емес, барша ел халқын дүр сілкіндірді десек, артық айтқандығымыз емес. Құлаған кірпіш пен цемент кесектері қазандық цехын басып қалып, үйіндінің астында машинист-байқаушы болып істеген әйел адам қаза болды. Бұл уақытта Солтүстікте әлі жылыту маусымы аяқталмаған, өңір әлі де қыс ызғарының құрсауында еді. Сондықтан үйлерімізге жылу жетпей қала ма деген қалалықтардың қорқынышын да түсінуге болады.