
Қоғам • 22 Ақпан, 2024
Бес миллион теңгесін бере салған...
Аңқау петропавлдық өзін «банк қызметкерімін» деп таныстырып, сөзіне сендірген алаяқтың «ақшаңызды қауіпсіз шотқа аударыңыз, әйтпесе қапыда қаласыз» дегеніне көніп, 5 миллион теңгесін аударып жіберген. Өкініштісі, мұндай алаяқтарды анықтау оңай емес. Ұзақ уақыт маңдай термен жинаған дүниесінен бір-ақ сәтте айырылған жәбірленушінің де жағдайы мәз емес.
Экономика • 22 Ақпан, 2024
Қызылжарға қызығатын инвестор көп
Жуырда Петропавл қаласында халықаралық экономикалық форум өтті. «Qyzyljar Investment Forum – 2024» аталған жиынға ұлттық компания, қаржы институты, бизнес қауымдастық өкілдері, отандық және шетелдік компания басшылары қатысты. Форумның мақсаты – «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының (АЭА) жұмысын жандандыра түсу.
Денсаулық • 19 Ақпан, 2024
Жұқпалы дерттің алдын алған жөн
Қоян жылының суығы мен жылымығы қатар жүріп, инфекциялық аурулар көбейіп тұр. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуына қарағанда, былтырғы осы кезбен салыстырғанда биыл тұмау жұқтырғандардың саны 2,4 есе артып, 20 666-ға жеткен. Ал былтыр бұл көрсеткіш 8 561 болған еді.
Құқық • 16 Ақпан, 2024
Елімізде 2021 жылдың 1 шілдесінен бері Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енді. Мамандандырылған ауданарлық әкімшілік соттар осы кезден бастап өздерінің жұмысын бастады.
Қоғам • 15 Ақпан, 2024
Ерік Асқаровтың есімі айтыскерлігімен шықты. Алайда ол елдің рухын көтерген айтыстың қайта жанданып, өнер додасына айналған 80-жылдардың ортасынан бұрын жазба ақын ретінде әдебиет әлеміне танылған талант иесі еді. Алғашқы өлеңдері Мағжан ауданындағы Дүйсеке аулы мектебінің 8-сыныбында оқып жүрген кезінде облыстық «Ленин туы» газетінде жарияланған. Одан соң оқуын Алматыдағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектепте жалғастырған.
Өнер • 14 Ақпан, 2024
Жуырда Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының эстрадалық-симфониялық оркестрі Үндістанға сапарлап, Мумбай, Дели, Банголор, Майсори қалаларында қазақ өнерінің жетістіктерін көрсетті.
Қылмыс • 14 Ақпан, 2024
Өткен жылдың соңында Петропавл қаласының тұрғыны Вадим Приходченконың отбасын біреулер асқан қатыгездікпен қырып кеткен еді. Отбасының барлық үш жанын: ерін, әйелін және 17 жасар баласын қанішерлер бауыздап кеткен. Мұны естіген қала тұрғындары үрпиісіп қалды. Оқиғаны сан-саққа жүгіртіп, түрлі ой мен пікір айтылды, өсек-аяң таратушылар да аянып қалмады.
Жануарлар • 13 Ақпан, 2024
Табиғат еркесін аямағандар жазаланады
Биыл басқа жерлердегі сияқты Солтүстік Қазақстанда да қар өте қалың. Сондықтан қар теуіп азық табатын жануарлар шөпке жете алмай ауылдарға да кіріп кетіп жатыр. Жуырда, тіпті Қызылжар қаласының Есіл бойындағы «Жеңіс» паркіне кіріп кеткен еліктерге сол жердегі тұрғындар базардан жем сатып әкеліп төгіп, тамақтандырды. Тағы бір жануарларды қаңғырған иттер қуып жаралап, бір азаматтар жарасын таңып, мал дәрігеріне тапсырды.
Спорт • 13 Ақпан, 2024
Солтүстікқазақстандық полиция қызметкері, аға лейтенант Нұрсұлтан Жақыпов кикбоксингтен Үндістан астанасы Делиде өткен халықаралық үлкен турнирде алтын медаль алып, елімізге олжа салды. Турнирдің жартылай финалында ол Непалдық қарсыласын уақытынан бұрын тізе бүктірсе, финалдағы қарсыласы Иран палуанын айқын басымдықпен жеңді.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2024
Облыстың барлық аумағына биыл қар көп жауды, ал шет аумақтағы Ғ.Мүсірепов ауданында тіптен қар қалың. Бұл жақтың ормандары аз болғандықтан бораған қар көбінесе жолдарға үйіледі. Сондықтан мұнда тек қуатты техникалармен ғана жол аршылады. Ұйытқыған бораннан тұрып қалған жеңіл машиналардың үстінен қар жүріп кеткен жағдайлар да жиі кездесіп тұрады.