Аймақтар • 24 Сәуір, 2025

Ауылдың орнында ескерткіш қалды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сарыөзек ауылы болашағы жоқ ауыл санатына кіріп, осыдан он шақты жыл бұрын  тұрғындары толық көшіп кеткен еді, деп жазады Egemen.kz.

Ауылдың орнында ескерткіш қалды

Алайда ІІ Дүниежүзілік соғыста шейіт болған ауыл тұрғындарына қойылған ескерткіш оның орнын көрсетіп, құламай тұратын еді.

Жуырда аудан орталығындағы «Аманат» партиясы филиалының аппараты мен Жастар ресурсында қызмет істейтін сарыөзектіктер бірігіп, ауылдағы ескерткішті бала-шағасымен барып, жөндеп, сырлап, жаңғыртып, қайтты. 

«Бұл біздің соғыс құрбандарына көрсеткен құрметіміз. Олар да Отан үшін деп кеуделерін оққа тігіп, шейіт болды ғой», дейді «Аманат» партиясы филиалының атқарушы хатшысы Әсет Қожахметов.

 

Солтүстік Қазақстан облысы