
Қылмыс • 21 Ақпан, 2025
Өздерін блогермін деп таныстырып, смартфондарының камерасын көтере ұстап, сауда орындарында, мемлекеттік мекемелерде қоқаңдайтындар Петропавлда да бой көрсетіп қалады. Олар контент жасап, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялайтын адам ғана болғандықтан, заң жүзінде мұндай іс-әрекетке әзірге тыйым жоқ.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 19 Ақпан, 2025
Жұмысшының қолдаушысы – кәсіподақ
Санының көптігі жағынан елдегі ең үлкен қоғамдық ұйым – кәсіподақтар федерациясы. Биыл кеңес одағының кәсіподақ қозғалысына 120 жыл, еліміздегі кәсіподаққа 35 жыл толғалы отыр. Кәсіподақтар жұмысты атқарушының құқын қорғайды, олардың заңға сәйкес әлеуметтік қорғалуын қадағалайды, жұмыс кестесінің сақталуын назарда ұстайды.
Еңбек • 14 Ақпан, 2025
Петропавл қаласындағы Солтүстік Қазақстанның электр қуатын тарататын компаниясында (СКРЭК) Владимир Белобровенко 28 жыл бойы газэлектрмен дәнекерлеуші болып жұмыс істеп келеді. Кәсіпорында мыңға жуық адам бар, соның 500-ден артығы жұмысшы мамандығын атқарады. Электргаздәнекерлеу жұмысы – солардың ішіндегі ең күрделілерінің бірі.
Қоғам • 05 Ақпан, 2025
Облыстық «Зерде» байқауында Мамлют ауданындағы Белое ауылының 7-сынып оқушысы Вероника Печенкина өзі ойлап тапқан «Android»-қа салатын «Magic Dictionary» қосымшасын ұсынып, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Аймақтар • 04 Ақпан, 2025
Солтүстік Қазақстан облысы өткен жылды экономиканың 120 пайыз өсімімен қорытындылады. Бұл – соңғы жылдардағы жоғары жетістік.
Форум • 30 Қаңтар, 2025
Солтүстік Қазақстан облысында өткен Рухани және мәдени келісім форумына жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік құрылымдық бөлімшелері, этномәдени бірлестіктер, түрлі конфессия өкілдері қатысты.
Тағзым • 24 Қаңтар, 2025
Зарып Ержанұлы Жүсіпов 1915 жылы қазіргі Қызылжар ауданындағы Новоникольск ауылының маңындағы Киров ұжымшарында дүниеге келіп, Есіл ауданындағы Қарағаш пен Гурьяновка ауылдарының маңындағы қазақ ауылында өмір сүрген. Кеңес өкіметі орнағанда бұл аймақ Приишим ауданы атанған, орталығы – Боголюбов ауылы. Зарып ағамыз төрт ағайынды еді. Үлкені Шәріп өмірден ерте өткен, одан кейінгі – Зарып. Үлкен інісі Рамазан өзі сұранып майданға аттанып, Ленинград қоршауында болып, хабарсыз кеткен. Екінші інісі Қарып бертін қайтқан.
Басылым • 22 Қаңтар, 2025
Жуырда облыс орталығында белгілі қаламгер, Президент сыйлығының лауреаты Айтбай Сәулебектің «Толғауы терең Тоқсан би» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Автордың бұл еңбегі – Солтүстік Қазақстан өңірінен жазған 5-кітабы. Бұған дейін «Ұлы Мағжан елінде», «Тайынша тарихы», «Тәуелсіздік сақшылары», «Ақындардың атасы» (Шал ақын ауданынан) кітаптарын шығарды.
Заң мен Тәртіп • 16 Қаңтар, 2025
Есірткі таратушылардың «тынысы» тарыла түсті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жылдың басында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл – бүгінгі өмір талабымен қатаңдатылған, өте уақтылы қабылданған заң жобасы. Өйткені «ғасыр індетінің» таралымы күннен-күнге асқынып барады.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2024
Шалғай аудандардың тыныс-тіршілігі
Солтүстік Қазақстан облысындағы Уәлиханов, Шал ақын аудандарының жер көлемі қомақты, соған сай өндірісі, ауыл шаруашылығы, қоғам өмірінің сан саласы жан-жақты дамып келе жатыр. Кейінгі жылдарғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері де көз қуантады.