
Аймақтар • 22 Наурыз, 2025
Қызырлы Қызылжардағы Наурыз мейрамы басқа да облыстардағыдай 14 наурыздағы Көрісу күнін атаудан басталған. Биылғы көктем де өз сәнімен басталып, күннің қызуы да көңілді көтеріп тұрды. Кей жылдары болатын көктемгі ызғырық та биыл болмай, ауа температурасы түннің өзінде нөлден жоғары болып тұр.
Қоғам • 19 Наурыз, 2025
2 млрд теңгені мақсатсыз пайдалануға тосқауыл қойылды
Жуырда Солтүстік Қазақстан облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бөлім басшысы Жасұлан Жәмәлиев журналистерге брифинг беріп, кейінгі 2 жылда департаменттің жұмысы нәтижесінде құрылыс және жөндеу салалары бойынша 2 млрд теңгеден аса негізсіз бюджет шығындарына жол берілмегенін айтты.
Айтыс • 19 Наурыз, 2025
Қызылжарда Наурызға арналған «Береке басы –Наурыз» атты жаңа форматтағы республикалық командалық айтыс басталды. Бұл жобаның авторы – Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының басқармасы. Ал жобаның алғашқы сайысын Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі, «Ерік Асқаров атындағы айтыс ақындары мектебі», «Amanat» партиясының облыстық бөлімшесі өткізуге атсалысты.
Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2025
Солтүстік Қазақстан облысында былтыр бірінші рет қазақ әйелі аудан басқаруға тағайындалды. Ол – Аққайың ауданының әкімі Жанар Поселкеқызы Құсайынова.
Аймақтар • 07 Наурыз, 2025
Наурыз айы теріскейдің тынышын кетіреді
2022 жылдың наурызында Петропавл қаласындағы ЖЭО-2 мұржасының ортан белінен майырыла құлағанын көпшілік жақсы біледі. Түбіндегі диаметрі – 12, ұшар басындағы диаметрі 7 метр болған 150 метрлік мұржа 90–95 метр биіктік аралығында опырылып түскен. Жауапты адамдар жазаланып та үлгерді. Энергетиктердің «желден болды» дегені жел сөз болып шығып, үкіметтің арнаулы комиссиясы апаттың негізгі себебі жобалау кезінде және бетондау жұмысында жіберілген қателіктен, пайдалану барысында технологиялық талаптар сақталмағандықтан деген қорытынды шығарған.
Өндіріс • 06 Наурыз, 2025
Петропавл қаласында «Масло-Дел» компаниясы құны 34 млрд теңгеге бағаланған май экстракциялайтын зауыт ашты. Бұл – «Масло-Делдің» біздің өңірде ашып отырған екінші кәсіпорны. Оның ең алғашқы зауыты 1999 жылы Алматыда жұмысын бастаған. Содан бері серіктестік азық-түлік өндіру нарығында алдыңғы орындардың бірін еншілеп келеді. Өңірлерде оның осындай алты кәсіпорны бар.
Жәдігер • 06 Наурыз, 2025
Петропавл қаласындағы Ислам мәдениетінің тарихы музейінде Бағдат қаласынан әкелінген мына таспиық тұр. Оның әрбір тасы тауық жұмыртқасындай. Таспиық тастары қыштан жасалған. Барлық тасқа Ясин сүресі басынан аяғына дейін жазылған. Музейдің директоры Мұрат Әміржанның айтуына қарағанда, салмағы 2-3 кг. Бір қызығы, оны тапсырған адам өзінің аты-жөнін атауды қаламапты.
Қоғам • 01 Наурыз, 2025
Уәлиханов ауданы Қызылжар өңірінің оңтүстігінде орналасқан. Аудан орталығы – Кішкенекөл ауылы. Аудан орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 шақырым жердегі Ақбұлақ ауылы тұрғындарының қазақ-орысы аралас. 2010 жылға дейін ауыл «Чехов» аталған, артынан тұрғындардың келісімімен осы мекеннің ежелгі қазақша атауы «Ақбұлақ» аты берілді.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2025
«Қазгидрометтің» Солтүстік Қазақстан филиалының хабарлауынша, Есілдің Сергеев суқоймасындағы деңгейі биыл былтырғы сәйкес мерзімге қарағанда 87 см биік. Жаз бойы Есілдің суы қалыптағыдай азаймады. Бұған былтырғы судың молдығы, жерасты суларының көтерілуі әсер еткен.
Қоғам • 27 Ақпан, 2025
Қызылжардағы қырандар бәсекесі
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы «Құлагер» ипподромында құсбегілік өнерден кезекті чемпионат аяқталды. Екі күнге созылған саятшылардың сайысына Астана мен Алматы қалаларынан және 12 облыстан іріктелген үздік құсбегілер 62 бүркіт, 29 қаршыға және 17 ителгісін әкеліп қатысты.