Тұлға • 20 Маусым, 2025
«Жол таптым бар қазақтың жүрегіне...»
Биыл аты аңызға айналған жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуы республика көлемінде кеңінен тойланып жатыр. Осыған орай жазушының туған жері Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында үлкен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Алыстан келген қадірлі қонақтар алдымен Сәбит Мұқановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Одан әрі Оқушылар сарайында «Сәбит Мұқанов: Тұлға. Дәуір. Мұра» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Қоғам • 18 Маусым, 2025
Әлеуметтік жәрдемге байыппен қараған жөн
Елімізде халықты әлеуметтік қолдауға қатысты ұлан-асыр жұмыс жасалып жатыр. Әсіресе өздігінен үй сатып ала алмайтын жеңілдетілген санаттағы азаматтарға деген жанашырлық айрықша. Көптеген адамдар белгілі бір тәртіппен кезекке тұрып, баспанаға қол жеткізіп келеді.
Балалар • 11 Маусым, 2025
Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 1–10 сынып оқушыларының 95 пайызы, нақтырақ айтқанда 64 770 баланың жазғы демалысын өткізуге айрықша назар аударылды. Сондай-ақ оларды жұмыспен қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда облыс аумағында оқушыларға арналған 9 демалыс лагері бар. Ал Тайынша ауданындағы «Эдельвейс-Бурабай» жеткіншектер лагері Ақмола ауданының аумағында орналасқан.
Тарих • 11 Маусым, 2025
«Бай қала» – қайғы-қасірет мекені
Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданындағы Жарқын ауылының түбінде сталиндік тоталитарлық режімнің тағы бір қылмысын әйгілеген ескерткіш-тас тұрғызылды.
Мәселе • 10 Маусым, 2025
Жол бүлдіретін «Shacman»-ға тыйым болмай тұр
Қытайдың 50-60 тонналық, карьерде ғана жүруге тиісті «Shacman» атты жүк көлігінің жолдарды бұзатыны туралы проблеманың көтерілгеніне біраз жыл болды. Бірақ содан шыққан нәтиже жоқ. «Shacman» әлі күнге ауыр жүктерді тиеп алып, магистралдық жолдардың бойында жосып жүр.
Аймақтар • 03 Маусым, 2025
Солтүстік Қазақстан облысы мен Ресейдің Қорған аймағы жапсарлас жатыр. Қорған, аты айтып тұрғандай, ежелден қазақ халқының өкілдері көп тұрған өңірлердің бірі. Қазірдің өзінде ондағы халықтың 12%-ы қазақтар. Кезінде 15-16%-ға жеткен жылдары да болған. Көптеген қандасымыз тарихи Отанына оралып, қазақ халқының үлесі жылдан-жылға азайып келеді.
Тағзым • 03 Маусым, 2025
«Тар заманда тарпаң болып туған ұл...»
Өткен жұма күні Қызылжар қаласында аса ірі саяси қайраткер Смағұл Садуақасұлының 125 жылдығына арналған «С.Садуақасұлының қайраткерлік тұлғасы және жастарды отаншылдыққа баулу» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Зерде • 31 Мамыр, 2025
Байбатыр Ержанұлы – ХХ ғасырдың басында өмір сүрген (1897–1935), Алаш қозғалысына белсене қатысып, халық ағарту жұмыстарына үлкен еңбек сіңірген қызылжарлық ақын, жазушы, драматургтердің бірі. Ол Міржақыптың 1907 жылы Қызылжарда жазылып, 1909 жылы Қазанда жарық көрген «Оян қазақ!» кітап-ұранын «Тұр, қазақ!» өлеңімен жалғастырып, қалғыған халқының санасын селт еткізуге тырысқан.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2025
Петропавл қаласында Есілдің биік жарқабында, қалың өскен орманның ішіне салынған «Жеңіс саябағы» атты демалыс орны бар. Сол маңның тұрғындарына, арнайы барып оттегімен тыныстағысы келетіндерге керемет жайлы орын.
Білім • 27 Мамыр, 2025
«Алтын белгіге» үміткерлер көбейді
Биылғы оқу жылында Солтүстік Қазақстан облысы көлеміндегі 444 мектепте 1-11 сынып аралығында 74 мың оқушы білім алды. Сондай-ақ өңірде 104 қазақша, 232 орысша және 108 аралас мектеп бар. Оқушылардың яғни 56 686 бала, 75,3 пайызы, орысша оқиды.