
Оқиға • 24 Қыркүйек, 2020
Солтүстікқазақстандық полицейлер өңірдегі орман, су алқаптарына профилактикалық рейдтерді аңшылық маусымы басталған 5 қыркүйектен бері жалғастырып келеді. Онда аң-құсты заңсыз ату ғана емес, отты қаруды сақтау және тасымалдау қағидалары, өрт және жеке қауіпсіздік техникасын сақтау, аңшылық құжаттарының бар-жоғы және тағы басқа тексеріледі. Отты қаруды белгіленген нұсқамаға сәйкес сақтамау – аңшының өзі мен маңайындағы адамдарға қауіп тудырады.
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2020
Ұрланған велосипед үш сағат ішінде табылды
27 жастағы Петропавл тұрғыны жұмысына бару және қаладағы басқа да өз шаруаларына велосипедпен жүреді екен. Жақында ол Шухов көшесіндегі жатақхананың кіреберісіне көлігін қалдырып, жарты сағатқа ата-анасына барады. Шыққан бойда көлігінің жоғалғанын байқап, бірден жақын маңдағы учаскелік полиция пунктіне хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2020
Петропавл Интернационалды ұлықтап отыр. Неге?
Петропавлдадың орталығындағы ең үлкен көшелердің бірі – Интернационал деп аталады. Есесіне бұл қалада қазақ халқының көсемдері, ұлтына өлшеусіз еңбек сіңірген Абылай хан, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов және тағы басқа бірде-біреуінің атында көше атаулары жоқ. Жергілікті басшылар тәуелсіздік алғанымызға 30 жылға таяп қалса да тарих сахнасынан өшкен, өзіміз мұраттарынан бас тартқан коммунистік идеологияның атауларын өзгертуге батылдары бармай-ақ қойды.
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2020
Ашықтық – қоғам дамуының кепілі
Қазір Петропавлда полиция жұмысының да ашықтығы қамтамасыз етілуде. Азаматтарды құқы мен бостандығын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, адамдардың қауіпсіз, жайлы өмір сүруіне жағдай жасау сияқты мақсаттар полиция қызметкерлерінің жұмысын жетілдіре ұйымдастыруға енгізіліп жатқан заманауи тәсілдердің негізін қалайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қыркүйек, 2020
Қоныс аударушыларға қолдау көрсетілуде
Биыл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізетін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында еліміздің жұмыс күші көп өңірлерінен жұмыс күші тапшы өңірлерге 4,3 мыңнан астам адам қоныс аударған. Оның ішінде еңбекке жарамды жастағы 2 303 адам бар 1 273 отбасы көшіп келген.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2020
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданының аумағында Петропавлдан Есіл ауданына көмір апара жатқан 38 жастағы жігіт жүргізуіндегі "КамАЗ" автомобилінің тіркемесі аударылып қалып, жолға және жол жиегіндегі темір қоршауларға зақым келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2020
Қылышын сүйретіп қыс келе жатқанда қала басшыларын қатты әбігерге салатын дүние – тұрғын үйлердің қысқа дайындығы. Әсіресе, сары аязы сақылдап тұратын Петропавл қаласының қысқа дайындығы осы күндері күн тәртібінен түспейді.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2020
Учаскелік инспекторлар желтоқсан айына дейін барлық тұрғындармен жеке танысады
Жалпы еліміз бойынша «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасына сәйкес барлық солтүстікқазақстандық учаскелік полиция инспекторлары өз қарамағындағы әр үйге, әр пәтерге барып, жеке танысып, өзінің байланыс нөмірлері көрсетілген визиткаларын таратады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2020
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері өздерінің атына халықтың атынан алғыс айтылып жатса риза болып қалады. Өйткені, олар да пенде ғой. Көбінесе халық наразылығын ғана еститін олар бізге де жылы сөздер айтылады екен деп көңілдері де көтеріліп, жұмыстарына деген ынтасы да артып қалады.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2020
СҚО-да есірткіге қатысты 162 қылмыс ашылған
Жыл басынан бері солтүстікқазақстандық полицейлер 162 қылмысты ашты. Соның бірін жуырда "Өрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Петропавл қаласының ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімі қызметкерлері анықтап, 34 жастағы қала тұрғынын ұстады. Оның үйін тінткенде бір келіден астам марихуана алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.