Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2020

Қосалқы бөлшектерді ұрлағандар қолға түсті

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО Тайынша ауданы полиция бөлімінің қырағы қызметкерлері Чкалов селосының маңындағы алқапта тұрған күдікті көлікті байқаған. Көлікті тексеру кезінде оның жүргізушісі мен екі жолаушысы қашып құтылмақ болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қосалқы бөлшектерді ұрлағандар қолға түсті

Қашқындардың екеуі оқиға орнында, ал тағы біреуі келесі күні ұсталды. Көліктің жүксалғышынан ауылшарауашылық техникаларының қосалқы бөлшегі мен металл бұйымдар табылды. Аталған мүлік аудандағы ауылшаруашылық құрылымдардың біріне тиесілі екендігі, оны қаскөйлер терезе арқылы қоймаға еніп ұрлағаны белгілі болды. Күдіктілер – 19, 20 мен 25 жас аралығындағы аудан тұрғындары. Олардың ішіндегі жасы үлкені бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған.

Қазір олардың үстінен Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша іс қозғалып, міндетті келу түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді.

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025