
Руханият • 23 Шілде, 2019
Қазақ танымында аса құдіретті, өте қадірлі «тектілік» дейтін ұғым бар. Мысалы, атақты жырау Ақтамберді: «Елден елді аралап, Тектіден текті саралап Сынға толса сияғы, Әлбеті шамның шырағы, Мұхиттан сүзіп шығарған, Қымбатты гауһар бағасы...» деп тектіліктің қасиеті туралы толғаса, Сыпыра жырау: «Бай баласы байға ұқсар, Байлаулы тұрған тайға ұқсар. Би баласы биге ұқсар, Алты қанат үйге ұқсар, Хан баласы ханға ұқсар, Биік-биік шыңға ұқсар. Құл баласы құлға ұқсар, Мал таптаған гүлге ұқсар» деп тектіліктің не екенін түйіндепті.
Қазақстан • 17 Шілде, 2019
Ұлттық комитет мүшелері бас қосты
Еліміз 1992 жылы 22 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ЮНЕСКО мүшелігіне кірген болатын. Осы орайда, «Әлемдік мұра» бағдарламасы және Дүниежүзілік жәдігер һәм заттық бұйымдар тізіміне енгізу туралы өтініштер қабылдау мақсатында елордадағы Ұлттық кітапханада ЮНЕСКО Ұлттық комитет мүшелері һәм астаналық зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен іс-шара болып өтті.
Аймақтар • 16 Шілде, 2019
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы және «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның ұйымдастыруымен жазғы мектеп жұмыстары аясында диаспора балаларының қатысуымен елордада маңызды мәдени шара өтіп жатыр. Оған Ресей, Иран, Моңғолия, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан елінен келген мектеп жасындағы 150 бала қатысуда.
Аймақтар • 16 Шілде, 2019
Ахат Бекмәди: Ел газетін 80 жыл үзбей оқыдым
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Ахат ақсақал биыл ғасырлық тойын атап өткелі отырған «Egemen Qazaqstan» газетінің ежелгі оқырманы екен. Қария 1923 жылы қазіргі Ақмола облысы Астрахань ауданы Қоскөл ауылында туыпты. 1939 жылы 16 жасында Қызылжар қаласындағы мұғалімдер даярлайтын училищеге оқуға барады. Осы жылдан бастап ел газетін үзбей оқып келеді. Міне, биыл 80 жыл. Тіпті қан майданда жүріп те арагідік қолына ілінген «Социалистік Қазақстанды» окопта жатып оқыған. Сол тұста басылым бетіне жарияланған майдан жайлы мақалалар еміс-еміс есінде.
Аймақтар • 16 Шілде, 2019
Ақмола облысы Зеренді ауданының аумағында орналасқан Көктерек ауылынан іргесалым жерде жергілікті халық ежелден кие тұтып келген қызыл, сұрғылт реңді, шошақ тақия тәрізді даланың шоқпар тасы бар. Оны жұрт «Әулие тас» деп атайды.
Руханият • 15 Шілде, 2019
Мұхамеджан ТАЗАБЕК: Біздің мақсатымыз – ізгілікке шақырып, іріткіден қайтару
Мұхамеджан ТАЗАБЕК, «Асыл арна» телеарнасының бас директоры: Біздің мақсатымыз – ізгілікке шақырып, іріткіден қайтару
Руханият • 12 Шілде, 2019
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылы Астана қаласында ұйымдастырылған Дүниежүзі қазақтарының ІV Құрылтайында: «Халқымыздың тарихи санасын қалыптастыратын дүние тарихы мен мәдениеті» дегенді қадап айтты. Өйткені тарихи санасы жетілмеген, яки қалыптаспаған халық өзінің ұлт ретіндегі толық болмыс-бітімін сақтай алмайды. Сол себепті мемлекет ретінде жойылып кетпеудің, ұлт ретінде ассимиляцияға ұшырамаудың басты кепілі – бұқараның тарихи санасын ояту.
Руханият • 10 Шілде, 2019
Мына жәдігер жалпақ жұртқа танымал дәстүрлі әнші, биыл туғанына 70 жыл толып отырған Жәнібек Кәрменовтің шапаны. Бұл бұйым қазір Семей қаласы облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында тұр. «Шапанды атақты әнші 1990 жылдың жазында Моңғолияның қазақтар шоғырлана қоныстанған Бай-өлке аймағына гастрольдік сапармен барған жолы арнайы тіктірген екен» дейді жоғарыдағы музей басшысының орынбасары Ләззат Тілеуқожақызы.
Руханият • 10 Шілде, 2019
Қазақ даласы таланттардан кенде емес. Соның бірі – ғасырда бір туатын атақты желаяқ 100, 200 метрлік қысқа қашықтықта КСРО-ның сегіз дүркін чемпионы, КСРО Халықтары спартакиадасы және Еуропа кубогының жеңімпазы, алты рет Одақ рекордын жаңартқан жүйрік Әмин Тұяқов.
Сұхбат • 05 Шілде, 2019
Мемлекет мүддесінің асыл арқауы
Нұр-Сұлтан қаласының мерекесі қарсаңында ұзақ жыл елорда тарихына қатысты зерттеулер жүргізіп, материалдар жинаған өлкетанушы-зерттеуші, шаһардың байырғы тұрғыны, статистика саласының ардагері Жеңіс КӘРІБАЕВ мырзаны әңгімеге тарттық.