
Қоғам • 01 Шілде, 2019
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Корей елінің экономикасы адам көргісіз құлдырады. Тіпті әлемдегі ең кедей мемлекеттердің қатарына қосылды. 1962 жылғы даму көрсеткіші бойынша Оңтүстік Корея Азия елдерінің ішінде соңынан санағанда Үндістаннан кейін екінші орында тұрды.
Қоғам • 01 Шілде, 2019
Кеңес заманында еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін майдангер-ұшқыш Алексей Маресьевті білетін. 1942 жылдың қақаған қысында оның ұшағына оқ тиіп, жерге құлап түседі. Аман қалған ол 18 тәулік тентіреп жүріп тірі табылады. Дәрігерлер үсіген екі аяғын жіліншіктен шорт кесіп тастайды. Бірақ А.Маресьев шолақ аяғына протез байлап алып, 1943 жылдың жазында ұшаққа қайта отырып, немістермен соғысады. Нәтижесінде оған Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Жарықтық 2001 жылы 85 жасында дүние салды. Бұл адам жайлы кітаптар жазылды, кино түсірілді. Мәскеуден бастап, Бетпақдаладағы қой совхозына дейін есіміне көше, ауыл аты берілді.
Қоғам • 18 Маусым, 2019
Халықтың болашағы кейінгі жастарына байланысты. Ақыл-есі дұрыс жұрт ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән береді. Ұрпақ тәрбиесі – мемлекеттің ұстыны, ұлттың тұғыры.
Қоғам • 14 Маусым, 2019
Бүлік немесе ел ішінде болатын берекесіздіктен сақтану жайлы қасиетті Құран мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетінде нақты нұсқаулар бар. Жалпы адам баласы барда қандай да бір бүліктің болмай қалуы мүмкін емес. Бүліктің пайда болатыны жайлы пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде айтып кеткен. Сондықтан да болуы мүмкін бүліктен сақтану, оған әзір болу пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетінен болып табылады. Ол үшін алдымен – білім, ақыл, хикмет (даналық), дұрыс амал, сабыр, ыждағат керек.
Қоғам • 13 Маусым, 2019
Шаңырақ шайқалу – қазақ ұғымында ауыр қасірет. Мемлекет қауіпсіздігі мен елдің береке-бірлігіне қатер төнсе «шаңырақ шайқалды» дейміз. Шаңырақтың шайқала бастауын қарапайым жұрт байқамайды, көп жағдайда алданып қалады. Тіпті кейбіреулер «халқымызға жақсылық жасап жүрміз» деген ниетпен шаңырақ шайқалуына қызмет етіп жүргенін білмей қалуы ғажап емес.
Руханият • 10 Маусым, 2019
Қазір жер бетінде әрбір тіл өзінің билігін арттырып, ықпал аумағын кеңейту үшін қиян-кескі соғыс жүргізіп жатыр. Бұл соғыста жеңген тіл – қуаттанып, әскері көбейеді, иелік аумағы ұлғаяды, көкжиегі кеңейеді. Жеңілген тіл күндердің күнінде жерленеді.
Руханият • 07 Маусым, 2019
Әнес Сарай: Менің бала кездегі өмірім түгелдей спорт еді
– Әнес аға, сіздің қаламгерлік қадамыңыз жайлы қазақ қауымы жақсы таныс. Бірақ сіздің жас кезіңізде спортпен айналысып, әжептәуір нәтижеге жеткеніңізді былайғы жұрт біле бермейді. Сол себепті өзіңізді газет оқырмандарына осы қырыңыздан таныстырсақ деген ниет бар. Не айтасыз?
Қазақстан • 04 Маусым, 2019
Садақ атудан әлем чемпионаты аяқталды
Елорда төрінде «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесі аясында ұйымдастырылған ат үстінде садақ атудан әлем чемпионаты аяқталды.
Қазақстан • 04 Маусым, 2019
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы өткен Дүниежүзі қазақтары құрылтайында еліміздегі қоғамдық жаңару аясында шетелдегі қазақтарды қолдау мақсатында қор құруды тапсырған болатын. Нәтижесінде «Отандастар қоры» КеАҚ құрылды. Кеше ұйымның алғашқы отырысы өтіп, қордың жанынан Қоғамдық комиссия құрылды.
Руханият • 03 Маусым, 2019
Салалық терминология мәселесі талқыланды
Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетіне қарасты Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында «Салалық терминологияның жаңа кезеңдегі мәселелері мен міндеттері» атты республикалық әдістемелік семинар өтті.