
Тұлға • 14 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуықта «Egemen Qazaqstan» газетінің 3 қаңтар күнгі санына жарияланған сұхбатында: «Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізеді. Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады», дей отырып, еліміз тарихында тағылымы зор тұлғалардың өмірі мен өнегесін насихаттау ісі тиісті деңгейде атқарылуы қажеттігін ескерткен еді.
Архив • 25 Желтоқсан, 2023
Құнды құжат көшірмесі елге жеткізілді
Мәденит және ақпарат министрлігі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жазба жәдігерлер және рухани мұра» ғылыми зерттеу мекемесінің ұйымдастырумен «Үндістан елінің қорларындағы Қазақстан тарихына қатысты көне қолжазбалар мен архивтік деректер» атты ғылыми семинар өтті.
Руханият • 25 Желтоқсан, 2023
Өткен аптаның соңында елорда төріндегі Ұлттық академиялық кітапханада Парламент Сенатының қолдауымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы, жырау Баянғали Әлімжановтың «Алаш пен Манас» атты шығармашылық кеші өтті. Бұл іс-шара – бауырлас қырғыз халқының әлемге әйгілі эпосы «Манас» жырын танымалдандыруға арналды.
Кітапхана • 15 Желтоқсан, 2023
Жақында елорда төрінде орналасқан Юнус Эмре түрік мәдениет орталығында Қожа Ахмет Ясауи кітапханасының ашылу рәсімі өтті. Оған Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі Мұстафа Капуджу және Парламент Мәжілісінің депутаттары мен астаналық зиялы қауым өкілдері қатысты.
Пікір • 14 Желтоқсан, 2023
Қазiр дүниеде болып жатқан қылмыс атаулының негiзi – iшiмдiк пен есірткіден. Статистика: «Абақтыдағылардың 60-70 пайызы түрлі ішімдік пайдаланудың кесірінен жаза жүктегендер» дейді. Оның сыртында дамыған медицина iшiмдiктiң бұдан да басқа зияндылығын ғылыми негiзде дәлелдеуде. Осылардың ішінде ең қатерлісі – алкогольдік сусындар ер мен әйел бойындағы ұрық клеткаларын зақымдайтындығы.
Архив • 11 Желтоқсан, 2023
Жазба мұраларды сақтау – заман талабы
Мәдениет және ақпарат министрлігі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Қазақстандағы жазба мұралардың реставрациясы және сақтау мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырылып, оған еліміз бойынша архив саласының білікті мамандары, кітапхана және музей қызметкерлері қатысты.
Ән • 07 Желтоқсан, 2023
«Ауыл сағынышы» әні қалай туған?
«Ауыл сағынышы» дейтін керемет ән бар. «Ұқсайсың меніменен бір туғанға, Ұқсайды мінез-құлқың, тұр-тұлғаң да, Анамның саусағының табы түскен, Ағатай, жанқалтаңда құртың бар ма?...» деп басталып соңы: «Сағындым сахараның қыр көктемін, Сағындым Сарғұсынның жел өттерін, Сағындым сары күзде қоңыраулатып, Қайтатын аққу-қаздың тізбектерін» деген аса мұңлы, нәзік әуенмен аяқталады.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023
Екі еларалық құжатқа қол қойылды
Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораш пен «Узархив» агенттігінің директоры Ұлықбек Юсупов архиваралық байланысты нығайту, түрлі зерттеу жұмыстары үшін өзбекстандық архивте мүмкіндік қарастыру, құжаттамалық мәселелерді оңтайландыру тағы да басқа маңызды мәселелер бойынша өзара келісім құжатына қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Жәдігер • 04 Желтоқсан, 2023
Отандық археологтер 2017 жылы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы аумағында орналасқан Бұқтырма өзені алқабындағы Берел қорымынан тәні қима таған астау табытқа салып жерленген әйелдің мүрдесін тапқан еді.
Басылым • 04 Желтоқсан, 2023
Өткен апта соңында Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ақмола облыстық әкімдігі және «Бабалар рухына тағзым» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен елорда төріндегі Ұлттық музейде «Абылай ханның жорық жолдары және Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, іс-шара барысында «Абылай ханның қара жолы» атты екінші жинақтың тұсауы кесілді.