Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
856 материал табылды

Қазақстан • 24 Қараша, 2022

Жандарбек Мәлібеков: Геральдикалық таңбалар мен атауларға абай болған жөн

Ел тәуелсіздігінің басты нышаны – Мемлекеттік Ту мен Елтаңба. Әлем қауымдастығы мемлекетімізді осы екі рәміз арқылы таниды. Одан кейін, тәуелсіз мемлекеттің ішкі әкімшілік бірліктері (облыс, аудан, қала, ауыл т.б), өндіріс ошақтары (зауыт, фабрика, өндіріс, шахта, ауылшаруашылық құрлымдары, т.б.), әскери-жауынгерлік рәсімдер (эмблема, таңба, белгі т.б.), мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың марапаттары (орден, медаль, төсбелгі, т.б), сондай-ақ спорттық клуб-командалардың таңбалары... бұлар стильдік мазмұны мен терминдік атау тұрғысынан бірізділікте болуы шарт.

Таным • 21 Қараша, 2022

Ұршық

«Ұршық – шүйкеленген жүнді немесе матадан жіпселеп суырылған қыл­шаларды иіріп жіп жасауға арнал­ған жеңіл құрал. Бұл бұйымды Қазақстан аумағында ша­руа­­шылық қарекеттерде пайдалану нео­лит заманынан басталған. Бұған дәлел қола дәуіріне тән археологиялық қаз­ба­­лардан қыштан құйылған ұршық қалдық­тары көптеп табылуда» деп жазылыпты «Қа­зақ­тың этнографиялық категория­лары» атты ғылыми-энцикло­пе­дия­лық анық­тама­лық­та.

Қазақстан • 18 Қараша, 2022

Ғаділетшіл ғалым

Мың тоғыз жүз тоқсан төртінші жылдың көктемі болатын. Сонау қиырдағы Тарбағатайдан Алматыға келдім. Мақсатым – тұяқ іліктірер тұрақ іздеу. Әуелі, қаланың қақ ортасында орналасқан Моңғолия елшілігіне ат басын бұрдым. Жұпынылау қос қабатты жатаған үй екен. Сыртын темір шарбақпен қоршап қойыпты. Есік алдында – милиция. Оған құжатымды көрсеттім. Мың болғыр «кіре беріңіз» дегені. Кіреберістің сол жағында шағын кеңсе. Ішінде екі адам отыр. Бірден таныдым. Төрдегі ат жақты, арықша адам – Зардыхан Қинаятұлы. Бұл кісіні бұрындары газет-журнал, теледидардан көргенім болмаса, өзімен бетпе-бет кезікпеген едім. Алғаш рет осы арадан жолықтырдым.

Тарих • 13 Қараша, 2022

Антрополог

Оразақ Смағұлов – қазақтың біртуар антропологі және елімізде антропология мектебінің негізін қалаушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. Қазақтың жалпақ тілімен айтқанда, нағыз ғалым. Орекең биыл тоқсанның екісіне иек артып отыр. Бұған дейін антрополог ақсақалмен бірнеше дүркін жолығып, сұхбат алып, бұл жазбалар «Egemen Qazaqstan» басылымында әр жылдары жарық көрген болатын. О.Смағұлов – тек антропология саласын зерттеуші ғалым ғана емес, халқымыздың тұрмыс-салт этнография­сын, тарихи-әлеуметтік һәм генеологиялық даму сатыларын, тіпті ұлтты тұтастырып тұратын рухани ұстын-тетіктерді жетік білетін оқымысты. Академикпен әңгіме барысында өзіміз құнтап жазып алған кейбір оқиғалар мен қызық деректерді оқырманға ұсынып отырмыз.

Қоғам • 11 Қараша, 2022

Ататүрік ел жадында

Астана төрінде орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Мемлекеттік Әскери-тарихи музейінде қазіргі Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікті еске алу мақсатында елордадағы Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Ататүрік жадымызда» атты фото көрме өтті.

Таным • 10 Қараша, 2022

Қажымұқанның орыс шәкірті

Осыдан жырма жыл бұрын елорда төрінде орналасқан Қажы­мұқан Мұңайтпасұлы атындағы дарынды балаларға арналған спорт мек­теп-интернатында қыз­метін атқарып жүріп, Семей қаласына кезекті іссапармен бара қалдық.

Тарих • 08 Қараша, 2022

Қаһарман қыз

Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, қазақтан шыққан алғашқы әскери-ұшқыш, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың туғанына жүз жыл толды. Бұл шара республика көлемінде өз деңгейінде атап өтіліп, туған өлкесі Атырау халықаралық әуежайына батыр қыздың есімі берілді.

Таным • 27 Қазан, 2022

54 мың жыл бұрын өмір сүрген адам

Жуықта генетик ғалымдар Ресей Федерациясының оңтүстік Сібір ай­мағындағы Алтай тауының қой­науында орналасқан Шағыр және Окладников үңгір­леріне ұзақ жыл жүргізген зерт­теу нәтижесінде неандерталь адамның генін анық­таумен қа­тар, тұңғыш рет олардың геном­дық сызба бейнесін жасап шық­ты.

Тарих • 26 Қазан, 2022

Лев Гумилевтің ғашығы

XX ғасырдың көрнекті еуразиятанушы ғалымы, тарих және география ғылымдарының докторы, пассионар теориясының авторы, ежелгі Ұлы дала тұрғындарының өмір сүру дағдысын тыңнан зерттеген тұлға Лев Гумилевтің туғанына биыл 110 жыл толып отыр.

Таным • 18 Қазан, 2022

Құмай дейтін бір құс бар...

Өткен шілде айының алғашқы аптасында кезекті еңбек демалысымызды алып, туған жер, өскен өңір Бай-Өлкеге барған едік. Осы сапарымызда, әдеттегідей аймақ орталығындағы өлкетану музейіне бас сұқтық.