Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
856 материал табылды

Қазақстан • 23 Ақпан, 2021

Ақтоқты сұлудың тігін машинасы

Жуықта Көкшетау қаласына жолымыз түсті. Облыстық мәдениет басқармасына қарас­ты Әдебиет және өнер музейіне ат басын бұр­дық. Мекеменің ғылыми қызметкері, Бақытбек Бекмұрат­ұлының айтуына қарағанда, музей қорында 10 мыңға тарта жәдігер бар екен. Дені – ұлттық әдебиет пен өнерге қатысты көне қолжазбалар мен кітаптар. Осылардың ішінде біздің назарымызды аударған дүние – атақты Ақтоқты сұлудың тігін машинасы.

Руханият • 23 Ақпан, 2021

Түрленген Түркістан

Мәдениет және спорт министрлігі мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік және Түркістан тағылымы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Мәртебелі жиынға Жамбыл Артықбаев, Берекет Кәрібаев, Хазіретәлі Тұрсын сынды маман тарихшылар, елбасытанушы Сейдулла Садықов, теолог ғалым Досай Кенжетай және басқа зиялылар, музей қызметкерлері мен студенттер қатысты.

Аймақтар • 22 Ақпан, 2021

Сапар орталығы салынады

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі­нің баспасөз қызметі жолдаған мәліметіне сүйенсек, көп кешік­пей Түркістан қаласындағы Жүсіп ата кесенесі аума­ғына демеушілер есебінен Сапар орталығы салынбақ екен.

Руханият • 16 Ақпан, 2021

Қажымұқан балуанның досы

Биыл қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби спортшы Қажымұқан Мұңайт­пасұлының туғанына – 150 жыл. Аталған мерейтойлық датаға байланыс­ты жуықта Мәдениет және спорт министрлігі жыл бойы атқарылатын іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы орайда, Баянауыл өңірінде өмір сүрген Қажекеңнің досы жайлы газет оқырмандарын хабардар етсек дейміз. Бұл фото біздің қолымызға ертеректе түскен еді...

Таным • 12 Ақпан, 2021

Генерал (Шәкір Жексенбаевтың туғанына – 120 жыл)

Академик-тарихшы Манаш Қозыбаев «Егемен Қазақстан» газетінің 1993 жылғы 8 мамыр күнгі санында: «1941-1945 соғыс жылдары республикадан 1 196 164 адам қару асынып майданға аттанса, еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді, 96 638 қазақ жауынгері майдан даласында ерлігі үшін орден-медальдармен наградталды, 497 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атан­са, олардың 97-сі қазақ халқының өкілі болды» деп жазса, Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын зерттеген белгілі ағылшын жазушысы әрі публицист Александр Верт «Ресей 1939-1945 жылдардағы соғыс­та» атты көлемді кітабында: «Қызыл Ар­мияның ең ержүрек жауынгерлері Қазақ­стан мен Орталық Азия халықтарының өкіл­дерінен шықты, оның ішінде қазақтар ер­лігі ерекше көзге түсті» деген деректі ай­тады.

Руханият • 11 Ақпан, 2021

Көп қорқытады, терең батырады

Дана халқымыз «көп қорқытады, терең батырады» деп тегін айтқан жоқ. Мұндағы «көп» сөзін бүгінгі күн тұрғысынан тәп­сір­лесек – демография, яғни қоғамдағы бұ­қараның салмағы. Әсіресе, ұлан-байтақ өлкені меншіктеп отырған қазақ сияқты этнос өз территориясына толық иелік ету үшін саны көп, салмағы мығым болмақ керек. Атақты Бұқар жырау бабамыздың «Желкілдеген ту келіп, Жер қайысқан қол келіп, Сонан сасып тұрмасқа...» деп болашақ ұрпағына бекер ескерткен жоқ. Баба сөзінен біз «көп болсаң жау шаппайды, туың жығылып, түтінің өшпейді» деген өзегі нәрлі, өлшемі кең, өлмес өсиетті аңғарамыз.

Руханият • 11 Ақпан, 2021

Аблайкит ғибадатханасы (Қазақ жеріндегі көшпенділер мәдениетінің ірі ошағы)

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында 2017 жылдың мамыр айында Ұлттық музей жанынан «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы құрылған болатын.Аталған орталық еліміз бойынша аса маңызды 186 тарихи-мәдени нысанды жалпыұлттық мәртебеге ие деп таныса, 456 нысанды өңірлік деңгейлі құндылықтар қатарына жатқызған еді. Соның бірі – Өскемен қаласының оңтүстік-шығысында 70 шақырым жерде орналасқан Аблайкит ғибадатханасы.

Тарих • 10 Ақпан, 2021

Бозбала Мұқағали

Марат Тоқсанбаев деген көптен таныс ағамыз бар. Мәкең 1991 жылы алғаш рет Еңбек министрлігі ашылып, оның жанынан көші-қон бөлімі құрылғанда осында қызмет істеуге өзі сұранып барған адам.

Таным • 09 Ақпан, 2021

Ботай мәдениеті қазақ даласында жылқыны қолға үйретудің ең алғашқы археологиялық дәлелі

Жуырда елорда төрінде орна­ласқан Ұлттық музейде Мәдениет және спорт министрлігі «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мекемесінің ұйым­дастыруымен белгілі архео­лог, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Археология және дала өрке­ниеттері» ғылыми-зерттеу инсти­тутының директоры, тарих ғы­лым­дарының докторы Виктор Зай­берттің үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жазылған «Ботай» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Тарих • 05 Ақпан, 2021

Тауық жылғы ашаршылық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі – 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті...»