
Таным • 09 Ақпан, 2021
Ботай мәдениеті қазақ даласында жылқыны қолға үйретудің ең алғашқы археологиялық дәлелі
Жуырда елорда төрінде орналасқан Ұлттық музейде Мәдениет және спорт министрлігі «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мекемесінің ұйымдастыруымен белгілі археолог, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Археология және дала өркениеттері» ғылыми-зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Виктор Зайберттің үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жазылған «Ботай» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Тарих • 05 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі – 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті...»
Сұхбат • 02 Ақпан, 2021
Амантай Кәкен: Бізде балалық дәурен болған жоқ
Ұлттық қауіпсіздік саласының құрметті ардагері, сонымен қатар қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған, зерттеуші-қаламгер Амантай Кәкен өзінің еңбекқор, ізденімпаздығы мен ұлт руханиятына қал-қадерінше үлес қосқан тұлға. Әсіресе, өткен ғасырдың бұлғаққа толы, тар жол, тайғақ кешу жылдарында халқымыздың басынан кешкен қилы тағдыр, қиын күндері жайлы жазған: «Познание себя. К вопросу о несостоявшейся немецкой автономий» (1998 ж), «Түркістан легионы» (2000 ж), «Шырғалаң немесе тағы да неміс автономиясы туралы» (2011 ж), «Кремлевский колоброд...» (2013 ж) туындыларын былай қойғанда, жалынды ақын, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмір-тарихы мен саяси-қоғамдық іс-әрекеті жайлы архивтік құжаттарға сүйеніп жазған «Сәкен шындығын діттегенде» (1994 ж) зерттеуі және эссе-хикаят түрінде көркем баяндалған «Қазақтың Сәкені» (2004 ж) атты құнды еңбектердің авторы.
Оқиға • 02 Ақпан, 2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан қаласында орналасқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты көрме ұйымдастырды.
Оқиға • 01 Ақпан, 2021
Кеңес дәуірінде қазақ қоғамының барометрі – «Социалистік Қазақстан» болды. Басылым мұндай атаумен 1937 жылдан бастап, 1991 жылға дейін шығып тұрды.
Таным • 29 Қаңтар, 2021
Қайрат Айдарханұлы – 1960 жылы Шыңжаң-Алтай өлкесі Жеменей ауданында дүниеге келген. Мамандығы – дәрігер. Қазіргі таңда елорда төрінде «Шипалы» атты емдеу-сауықтыру орталығын ашып, халыққа қызмет көрсетіп жүр. Бұл азаматтың басқа әріптестерінен ерекшелігі – қазіргі заманауи емдеу тәсілі мен байырғы қазақтың емшілік өнерін ұштастыра білуінде. Сонымен қатар емдеу тәжірибесінде ежелгі қытай медицинасы, тибеттік дауалау тәсілі, қазақтың тамыр ұстау әдісі қатарлы ежелгі емшілік дәстүрлердің бәрін ұштастыра қолдана алатын маман. Оның сыртында, қазақ халқының шипагерлік ілімін насихаттайтын: «Қазақ емшілігі», «Қазақ емшілігі: төрт түлік мал өнімдері», «Қазақ емшілігі: аң-құс, жәндіктердің емдік қасиеті», «Қазақ емшілігі энциклопедиясы» және екі томдық «Қазақ емшілігі: сақ, ғұн, түркі кезеңдері» сияқты алты кітаптың авторы. Осы орайда, ежелгі емшілік ілімін игерген дәрігермен жүргізген сұхбатты ұсынып отырмыз.
Руханият • 28 Қаңтар, 2021
Елорда төрінде орналасқан Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы өз қорында сақтаулы тұрған Қожа Шамсуддин Мұхаммед Хафиз Ширазидің парсы тілінде жазылған «Қожа Хафиз Ширазидің ғазалияттары» атты құнды еңбегінің онлайн таныстырылымын жасады.
Руханият • 22 Қаңтар, 2021
Ташкентте жарық көрген «Терме»
Елордада орналасқан Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мекеме қорында тұрған құнды жәдігерлерді онлайн таныстыру шарасын өткізуде. Бұл жолы көпшілік назарында 1925 жылы Ташкентте жарық көрген «Тәрбие, білім, әдебиет жайындағы мақалалардан терме» атты кітап ұсынылды.
Таным • 21 Қаңтар, 2021
Алаш арыстарының Шәуешекке сапары
ХХ ғасырдың басында, 1917 жылы Орынборда жалпы Қазақ құрылтайы өтіп, Алашорда үкіметінің басқару органы Семейге қоныстанғаннан кейін, яғни 1918 жылдың көктемінде ұлт қайраткерлері Алаш қаласына жиналып ақылдасады. Мұндағы мақсат – шеттегі қазақтарға барып, оларға Алаш идеясын насихаттау. Басқосуға Абай мектебінің өкілдері – Көкбай Жанатайұлы мен Турағұл Абайұлы және атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлы қатысады (1-сурет).
Қоғам • 19 Қаңтар, 2021
Қазақта «сұңғыла» деген сөз бар. Бұл атау нені білдіреді дегенге тоқталсақ, 2013 жылы жарық көрген Қазақ тілінің үлкен түсіндірме сөздігінде: сұңғыла деп – зерек, зерделі, тез байқағыш, аңғарымпаз адамды айтады депті. Бұл пайым дұрыс әрине. Өйткені қазақ баласы басқа жұрттан осы сұңғылалық қасиетімен ерекшеленіп тұрады. Өзбек халқының бірінші президенті марқұм Ислам Кәримов «қазақтан жолдасың болса, жолдан адаспайсың» дегенді көп айтатыны сияқты, күллі әлем қауымдастығы Нұрсұлтан Әбішұлын бір ауыздан «сұңғыла саясаткер» деп мойындағаны тегін емес.