
Руханият • 03 Наурыз, 2021
Қоғамдық пәлсапалық һәм танымдық тұрғыдан қарағанда «адам» ұғымы аса күрделі. ХІ ғасырда өмір сүрген түрік ғұламасы Мәулана Руми: «Адамның болмысы – ішінде әртүрлі аңдар мекендейтін орманға ұқсас. Біздің бойымызда таза-лас, жаман-жақсы, имани-хайуани сияқты мыңдаған қасиет бар. Егер ішкі жан шаһарыңда қасқыр үстемдік ете бастаса, адамның қасқырға айналғаны. Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке құйылып тұрады. Сәт сайын адамның жүрегінде бір нәрсе бас көтереді. Сол себепті адам кейде періште, кейде шайтани сипатқа айналып отырады» деген екен.
Руханият • 02 Наурыз, 2021
Ясауидің шежіресі мен мөрі табылды
Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» атты ғылыми-экспедиция мүшелері Өзбекстан Республикасы Наманган қаласынан Қожа Ахмет Ясауи бабамызға қатысты шежіре мен ислам әлеміне әйгілі 11 шайықтың есімі жазылған мөр тапты.
Қазақстан • 23 Ақпан, 2021
Ақтоқты сұлудың тігін машинасы
Жуықта Көкшетау қаласына жолымыз түсті. Облыстық мәдениет басқармасына қарасты Әдебиет және өнер музейіне ат басын бұрдық. Мекеменің ғылыми қызметкері, Бақытбек Бекмұратұлының айтуына қарағанда, музей қорында 10 мыңға тарта жәдігер бар екен. Дені – ұлттық әдебиет пен өнерге қатысты көне қолжазбалар мен кітаптар. Осылардың ішінде біздің назарымызды аударған дүние – атақты Ақтоқты сұлудың тігін машинасы.
Руханият • 23 Ақпан, 2021
Мәдениет және спорт министрлігі мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік және Түркістан тағылымы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Мәртебелі жиынға Жамбыл Артықбаев, Берекет Кәрібаев, Хазіретәлі Тұрсын сынды маман тарихшылар, елбасытанушы Сейдулла Садықов, теолог ғалым Досай Кенжетай және басқа зиялылар, музей қызметкерлері мен студенттер қатысты.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2021
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі жолдаған мәліметіне сүйенсек, көп кешікпей Түркістан қаласындағы Жүсіп ата кесенесі аумағына демеушілер есебінен Сапар орталығы салынбақ екен.
Руханият • 16 Ақпан, 2021
Биыл қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби спортшы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына – 150 жыл. Аталған мерейтойлық датаға байланысты жуықта Мәдениет және спорт министрлігі жыл бойы атқарылатын іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы орайда, Баянауыл өңірінде өмір сүрген Қажекеңнің досы жайлы газет оқырмандарын хабардар етсек дейміз. Бұл фото біздің қолымызға ертеректе түскен еді...
Таным • 12 Ақпан, 2021
Генерал (Шәкір Жексенбаевтың туғанына – 120 жыл)
Академик-тарихшы Манаш Қозыбаев «Егемен Қазақстан» газетінің 1993 жылғы 8 мамыр күнгі санында: «1941-1945 соғыс жылдары республикадан 1 196 164 адам қару асынып майданға аттанса, еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді, 96 638 қазақ жауынгері майдан даласында ерлігі үшін орден-медальдармен наградталды, 497 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанса, олардың 97-сі қазақ халқының өкілі болды» деп жазса, Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын зерттеген белгілі ағылшын жазушысы әрі публицист Александр Верт «Ресей 1939-1945 жылдардағы соғыста» атты көлемді кітабында: «Қызыл Армияның ең ержүрек жауынгерлері Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының өкілдерінен шықты, оның ішінде қазақтар ерлігі ерекше көзге түсті» деген деректі айтады.
Руханият • 11 Ақпан, 2021
Дана халқымыз «көп қорқытады, терең батырады» деп тегін айтқан жоқ. Мұндағы «көп» сөзін бүгінгі күн тұрғысынан тәпсірлесек – демография, яғни қоғамдағы бұқараның салмағы. Әсіресе, ұлан-байтақ өлкені меншіктеп отырған қазақ сияқты этнос өз территориясына толық иелік ету үшін саны көп, салмағы мығым болмақ керек. Атақты Бұқар жырау бабамыздың «Желкілдеген ту келіп, Жер қайысқан қол келіп, Сонан сасып тұрмасқа...» деп болашақ ұрпағына бекер ескерткен жоқ. Баба сөзінен біз «көп болсаң жау шаппайды, туың жығылып, түтінің өшпейді» деген өзегі нәрлі, өлшемі кең, өлмес өсиетті аңғарамыз.
Руханият • 11 Ақпан, 2021
Аблайкит ғибадатханасы (Қазақ жеріндегі көшпенділер мәдениетінің ірі ошағы)
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында 2017 жылдың мамыр айында Ұлттық музей жанынан «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы құрылған болатын.Аталған орталық еліміз бойынша аса маңызды 186 тарихи-мәдени нысанды жалпыұлттық мәртебеге ие деп таныса, 456 нысанды өңірлік деңгейлі құндылықтар қатарына жатқызған еді. Соның бірі – Өскемен қаласының оңтүстік-шығысында 70 шақырым жерде орналасқан Аблайкит ғибадатханасы.
Тарих • 10 Ақпан, 2021
Марат Тоқсанбаев деген көптен таныс ағамыз бар. Мәкең 1991 жылы алғаш рет Еңбек министрлігі ашылып, оның жанынан көші-қон бөлімі құрылғанда осында қызмет істеуге өзі сұранып барған адам.