
Тарих • 05 Шілде, 2021
Елорданың батыс жақ шетінде орналасқан Бозоққоныс-қалашығындағы ақсүйектер қорымына 2002 жылы жүргізілген қазба жұмысы барысындабіржарым метр тереңдікте ағаш табытқа салыпжерленген әйел адамның сүйегі табылған болатын. Бұл құнды артефактіні қазып алған археологтармәйітпен бірге табылған інжу тастардың көптігінеқарай оған «Астана аруы – Інжу» деген ат берген еді.
Тәуелсіздік • 05 Шілде, 2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен қалалық архив мекемесі бірлесіп «Тарих таңдаған елорда» атты көрме ұйымдастырды.
Тарих • 30 Маусым, 2021
Лондонның Блумсбери қалашығы аумағында орналасқан әлемдегі ең ірі музейдің бірі – Британ музейінде Хорезм мемлекетінің соңғы ханзада-шахы, тарихта моңғол шапқыншылығына алғаш рет тойтарыс берген, аса ірі қолбасшы-жауынгер Жалал-ад-диннің тасы бар екен. Бұл бұйым жайлы жақында өзбекстандық баспасөз құралдары ақпарат таратты.
Қоғам • 29 Маусым, 2021
Адамзат танымында қызғану немесе қызғаныш деген бар. Қызғаныш ол – үлкен абырой. Бұл жерде, басын ашып айтқан жөн сияқты: абыройлы қызғаныш пен күнделікті адамдар арасында болып жататын пендауи қызғаныш екеуі екі басқа.
Тарих • 23 Маусым, 2021
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Соғысқа Ресей империясы дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар, дамымаған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді.
Тәуелсіздік • 23 Маусым, 2021
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған басым бағыттардың бірі әлем қауымдастығы алдында қазақ мәдениетінің алар орны мен оның ғаламдық ықпалдастығы туралы болатын. Осы орайда, «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақ мәдениеті» атты бағдарламалық жоба қабылданып, тұрақты түрде жүргізіліп келе жатыр.
Тарих • 22 Маусым, 2021
Көкшетау қаласында орналасқан облыстық мәдениет басқармасына қарасты Әдебиет және өнер музейі атты шағын мекеме бар. Оған жуықта жолымыз түсті. Көрме залында атақты тәпсірші-ғалым Ибн Касирдің еңбегі тұрғанын аңғардық.
Пікір • 22 Маусым, 2021
Қазақ қоғамында әкенің орнын «асқар тауға» балап жатамыз. Расында солай. Тіпті көнеден келе жатқан «әке көрген – оқ жонар» дейтін тәмсіліміз де бар. Осы тәмсіл-ұғымды тарқатар болсақ, оның тәрбиелік мазмұны тым тереңде. Айталық, ежелгі дәуірде «оқ жону» екінің бірінің қолынан келетін шаруа емес. Өйткені қисық оқ жауға дарымайды. Яғни «Тобыршықты биік жай салып, Дұшпан аттым өкінбен» деп, атақты Доспанбет жырау айтқандай, жонған оғың түзу болмаса дұшпаныңды жайрата алмайсың. Сол себепті, бағзы заманда әке ең әуелі баласына оқ жонуды үйрететін болған.
Қазақстан • 21 Маусым, 2021
Батырлар мен самурайлар бейнесі
Жуырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында мекеме қорындағы музейлік қару-жарақтар мен әскери сауыт-саймандар топтамасын қойып, «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» жобасы аясында «Бір жәдігердің тарихы. Батырлар және самурайлар институты – мәдениет көрсеткіші» атты көрме ұйымдастырды.
Қазақстан • 17 Маусым, 2021
Рухани туризм – жаңғырудың жолы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған басым бағыттардың бірі – еліміздің туристік әлеуетін аттыру жайы. Осы орайда «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы қолға алынып, көптеген игі іс атқарылды.