
Спорт • 17 Маусым, 2021
Күреңбайлардың көзі түскен мықтылар
Қарт құрлықтың аяқдопшылары алас-күлес айқасты бастап кетті. Топтық ойындар тізгін ағытқалы бір аптаның жүзі болды. Атам қазақ «біреу тойға айналса, біреу қойға...» дегендей болашағы зор аяқдопшыларды аяқ алысынан айнытпай танитын футболдың күреңбайлары скаут-барлаушылар Еуропа чемпионаты сияқты ірі жарыстардан болашақ мықтыларды іздейтіні анық. Шетелдік басылымдар скаут-барлаушылар назарына әзірге төрт футболшы іліккені туралы жазып жатыр. Олар...
Спорт • 16 Маусым, 2021
Грек-рим балуандарының әлеуеті қандай?
Газетіміздің өткен 8 маусым күнгі №106 санында Токио-2020-ға жолдама алған еркін күрес балуандары жайлы сараптама мақала жазған едік. Бұл жолы күрестің грек-рим стилі бойынша Олимпиада кілемінде өнер көрсететін жігіттердің жеткен жетістіктері мен оларға қарсылас атанушы спортшылардың әлеуеті туралы басылым оқырмандарын хабардар етуді жөн көрдік.
Тарих • 14 Маусым, 2021
Өткен ХХ ғасыр басында коммунистік колонизаторлар (Смағұл Сәдуақасов) қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі шаруашылығы мен өмір сүруге бейімделген тіршілік көзін қиратса, олар еріксіз пұшайман күйге түсерін жақсы білді. Сөйтіп, олар патшалық Ресей іске асыра алмай кеткен қазақ даласын реформалау жұмысын жалғастырды. Соның бірі – байталау (кәмпеске) науқаны.
Қоғам • 08 Маусым, 2021
Жер шарын 14 рет айналған көлік
Моңғол елінің батыс шебінде қанат жайған қазақтар соңғы екі ғасырдан бері мызғымай мекен етіп келе жатқан Бай-Өлке дейтін аймақ бар. Мұнда қойын құрттап, айранын ұрттап, жаймашуақ жатқан жұрттың өзіне тән тарихы бар.
Спорт • 08 Маусым, 2021
Алдағы шілде айының 23-і күні Токио қаласында XXXII жазғы Олимпия ойындары алауын жағады. Бұл ұлы дүбірге еліміздің спортшылары да қатысады. Қазіргі таңда ұлттық құрамалар қоржынында олимпиадалық 22 спорт түрінен 60-қа жуық жолдама бар. бұйырса, шілде айының ортасына дейін тағы да лицензиялар саны қосылады.
Руханият • 08 Маусым, 2021
Ұлттық құндылық – тәрбие өзегі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз» деген болатын.
Қазақстан • 04 Маусым, 2021
Еліміз тәуелсіздігін алған 1991 жылдан бастап, қазақ халқы – ұлттық болмыс-бітімін қалыптастыру, жаңадан мемлекет құру, оның саяси-экономикалық бағытын айқындау тәрізді өте маңызды тарихи міндеттерді жүктеді. Сонымен қатар тағдырдың жазуы, тәңірдің қалауымен көп ұлттың басы қосылған, мүддесі тоғысқан, туыстық тамыры бөлек, түп-тұқияны сан тарау, әлеуметтік көзқарасы әртүрлі халықтардың татулығын сақтап, ынтымағын ұйытып, берекесін біріктіру міндеті тұрды. Осы істерді абыроймен атқарып, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтау арқылы алға қадам жасалды.
Руханият • 02 Маусым, 2021
Ислам шариғатында «рухани қылмыс» деген түсінік бар. Бұл ұғымды тек мұсылмандар ғана емес, барлық кітап иелері аса қауіпті құбылыс деп санайды.
Спорт • 01 Маусым, 2021
Төрт жылда бір дүркін өтетін жазғы Олимпия ойындары – әлемдік деңгейдегі ең ірі спорттық іс-шара. Мұндай дүбірлі дода кезекті рет былтыр (2020) Токио қаласында ұйымдастырылуы тиіс болатын. Әлемді жайлаған пандемиялық ахуалға байланысты бұл шара биыл, яғни шілде айының 24-і мен тамыз айының 9-ы аралығында өтетін болды.
Қоғам • 31 Мамыр, 2021
Жаздың жайлы жылуы тарқап, сары күздің күрең қабағына қатқан шықпен бірге жайлаудан еңкейген ел Қара аралдың тік қабағына жағалай қоныс тепті. Бұл қойлы ауылдың жылдағы әдеті. Мұнда көп отырмайды. Қарашаның алғашқы ызғары түсе қыстауға қарай үдере көшеді. Көктұмсықтың шилі тастағын жанай қонған екі үй кешеден бері абыр-сабыр. Ауыл ағасы Темірхан қария қасына бір-екі белді жігітті ертіп, қыстаудың қиын оюға кеткен. Темкең қалай келеді, қос үй қойшы ауыл қыстауға көшеді. Мына абыр-сабырдың мәні осы.