
Руханият • 07 Мамыр, 2021
Қасиетті Рамазан айында күллі мұсылман баласына парыз болған Ораза құлшылығының ішінде мың айдан да қадірлі «Қадір түні» бар. Бұл күн биыл мамырдың 8-інен 9-ына қараған түнге сәйкес келуде.
Таным • 05 Мамыр, 2021
Ұлт тарихында өз орны бар тұлғалардың өмірбаяндық түзілімінде көбіміз байқай бермейтін аңдаусыз, қызық дерек бар. Яғни атам заманда қазақтың қамын жеген ел басы, топ басылардан (Абай) бастап, ақ патшаның тұсында өмір сүрген қазақ ағартушылары, одан қалды кешегі ХХ ғасыр басында «қазақ үшін шам қылған жүрек майын» (Сұлтанмахмұт) Алаш арыстарының өмір-тарихын оқысаңыз, барлығында бірдей «алғаш ауыл молдасынан сауат ашқан» дейтін елеусіз ғана тіркес тұрады. Осы орайда, күллі қазақтың көзін ашқан, арыстарды оқытқан «Ауыл молдасы кім?» деген сұрақ туады.
Руханият • 04 Мамыр, 2021
Бұл оқиға сонау нәубет жылдары болған екен. Халық аштан қынадай қырылып жатыр. Ел ішінде аяқ артар мал қалмаған. Тірі қалғандар өзен-көлдерді сағалап, өзек жалғау үшін босып кеткен. Аяғы жеткендер қала-қыстақты жағалап, тұяқ іліктіріп тірі қалудың қамында қаңғып жүр.
Руханият • 04 Мамыр, 2021
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-танымдық экспедициясы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы аумағында жатқан Қожа Ахмет Ясауидің туған ағасы Садыр шайық және аталған өңірге белгілі тұлғалардың кесенелеріне зиярат жасап, дерек жинады.
Қазақстан • 03 Мамыр, 2021
Өткен ғасырларда қазақ даласын отарлаудың бір бағыты – түркітектес халықтарды шоқындыру болды. Осы орайда, 1881 жылы Томск губерниясы Бийск округіндегі моңғол-түркі (алтай, тыба, хакас т.б.) халықтарын шоқындыруға арналған Алтай миссиясы құрылды. Сөйтіп, аталмыш миссия жұмысын Бийск уезінде 1760 жылдан бері өмір сүріп келе жатқан қазақтарды шоқындырудан бастады.
Руханият • 30 Сәуір, 2021
Қазақтың жалпақ тілінде «аманат» деген ұғым бар. Бұрынғы аталарымыз өзінің мал-мүлкін һәм өмір-ғұмырын аманат деп біліп: «Алланың аманатқа берген жанын, кезегі келгенінде тапсырамын» деп жырлаған. Сол сияқты мұсылман әлемінің сардар сахабасы Әбубәкір Сыдық «Аманат ол – адамгершіліктің шыңы» деген екен.
Руханият • 26 Сәуір, 2021
2008 жылдан бастап Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Түркістан қаласындағы ортағасырлық Күлтөбе қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген еді. Жақында бұл қалашықтан ерте ғасырларға тән көптеген жәдігер табылып, олар түгелдей «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музей қорына қабылданды.
Руханият • 23 Сәуір, 2021
Адам баласында шүкіршілік дейтін ұғым бар. Бұрынғы аталарымыз өздерінің өмір сүру әдебін «қиындық келсе сабыр етеміз, жақсылық келсе шүкір етеміз» деп бағамдаған. Демек «сабыр» мен «шүкір» ұғымдары – қай заманда, қай дәуірде де болсын адамзаттың рухани тірегі һәм адаспас, адастырмас темірқазығы.
Руханият • 22 Сәуір, 2021
«Ясауи ізімен» экспедициясының көкжиегі кеңейеді
Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-танымдық экспедициясы Түркі елдеріне ортақ жобаға айналатын болды.
Руханият • 22 Сәуір, 2021
Патшалық Ресей дәуірінде қазақ даласын отарлаушылар басты қарсылық мұсылман діні тарапынан туындайтынын жақсы білді. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Серік Мәшімбаев ресейліктер тарапынан қазақтарды діни отарлау ісін зерттей келе: «Отарлаушылар ислам діні шын мәнінде ұлттық тұтастықты ұстап тұратын ғаламат күш екенін түсінді. Дінсіздік – сананы мәңгүрттікке әкеліп, жат өркениетке бас игізіп, мәдени-рухани ассимиляцияға ұшыратып, надандыққа қалдырып, халықты ұлтсыздыққа душар ететін өте қауіпті дерт екенін жақсы білді. Міне, осыдан Ресейдің шоқындыру мен орыстандыру саясатын қалыптастырудағы басты мақсаты осындай болды», дейді.