
Руханият • 02 Қараша, 2020
Қажымұқанның фотолары қалай табылды?
Алдағы жылы күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толады. Қазақ тарихында орны зор тұлға жайлы әлі зерттелмей жатқан дүние көп. Атап айтқанда, балуан атамыз қатысқан ресми чемпионаттар мен ресейлік және шетелдегі цирк алаңдарында көрсеткен өнері жайлы тек аузыекі әңгіме немесе шынайылықтан алшақ әдеби нұсқадағы көркем деректерді малданып жүрміз.
Өнер • 30 Қазан, 2020
Бояуы қанық, қоспасыз көріністер
Шетелде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың арасында талантты қыз-жігіттер баршылық. Бұлар өздері тұрып жатқан мемлекеттің әдебиеті мен өнеріне, мәдениеті мен спортына атсалысып, жақсы жетістіктерге жетіп жүр. Соның бірі – Бай-өлке аймағының тұрғыны Ризабек Жазидолдаұлы.
Таным • 30 Қазан, 2020
Бай-өлкеден Бийскіге барған керуен
Ежелгі көк түріктердің солтүстік шебі Таулы Алтайдың батыс сілемі Бие дариясының бойында орналасқан Бийск атты қала бар. Әкімшілік орталығы Алтай өлкесіне қарасты өндірісті аймақ. Елді мекеннің тағаны алғаш 1708 жылы бекініс ретінде қаланса, уақыт өте келе ресейлік саудагерлер Моңғолия, Қытай елдеріне, тіпті Үндістанға дейін тауар жөнелтетін маңызды нысанға айналды. Қазірдің өзінде Ресей Федерациясының Орталық Азияға шығатын сауда-саттық қақпасы іспеттес. Сонымен қатар қала Новосибирскіден басталып, шығысқа қарай Алтай жоталарын тіліп өтіп, Моңғолияға жалғасып жатқан Шүй жолының (Чуйский тракт) ең маңызды нүктесі. Сондықтан да болар қаланың шығыс жақ шығаберісінде атақты «Чуйский тракт» музейі орналасқан.
Таным • 29 Қазан, 2020
Қазақтар ерте кезден бастап ит жүгіртіп, құс салып, аң аулап серуен құрған халық. Олар аң аулауға бейім иттерін тазы деп атаған. Орта ғасырда өмір сүрген италиялық жиһанкез Марко Поло далалықтардың аң аулайтын жүйрік иттері жайлы тамсана жазады. Сондай-ақ бертіндегі орыстың статистика қызметкері А.Слудский 1930 жылдардың аяғында қазақ даласында шамамен 4 мыңнан астам аңшы иттер (тазы) болғанын және олар бір маусымда 30 мыңдай аң ұстап, оның терісін иелері ресми түрде үкіметтік мекемелерге өткізгенін айтады. Осы орайда оқырмандарымызға халқымыздың саятшылық өнеріне жататын тазымен аң аулаудың және оны баптап, бағудың қыр-сыры жайлы мәліметтер ұсынып отырмыз.
Қоғам • 29 Қазан, 2020
Жасампаз жоба – жарқын болашақ
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарымен онлайн кездесу өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастар қатысып, Елбасы бастамасы ретінде қабылданған аталған жобаның қоғамға ықпалы жайлы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Спорт • 28 Қазан, 2020
Бұған дейін хабарлағандай, өткен аптаның демалыс күндері Дүниежүзілік дзюдо күрес федерациясының (IJF) шешімімен жылда болатын дәстүрлі «Үлкен Дулыға» турнирі Мажарстан астанасы Будапешт қаласында жоғары дейгейде ұйымдастырылды.
Бокс • 28 Қазан, 2020
Қазақ бокс спорты тарихында бір отбасынан шыққан ағайынды спортшылар көп емес. Олардың басында ағайынды Махмұт және Мақсұт Омаровтар тұрғаны анық. Бұлардың бапкері – қазақ боксының атасы Шоқыр Бөлтекұлы. Ағайындылардың үлкені – Махмұт Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанумен қатар, 1947 жылы КСРО чемпионатының қола, Бүкілодақтық «Динамо» ерікті спорт қоғамы біріншілігінің күміс жүлдегері атанса, інісі Мақсұт 1957 жылы күллі Одақ чемпионатында қола медальға қол жеткізіп, 1959 жылы өткен КСРО Халықтары спартакиадасында күміс жүлдеге ие болды. Ал біз бұл жолы ағайынды боксшылар Мерей және Мейірім Ақшаловтар жайлы сөз қозғамақпыз.
Руханият • 27 Қазан, 2020
Қажымұқан жерінен – Қажымұқан еліне
Келесі жылы күш атасы, үлкен ақын Сырбай Мәуленовше айтсақ, «Тастарды тастарға ұрған түйір көрмей, Тұп-тұтас жұдырығы диірмендей, Тоқпақ сан, шомбал кеуде, шор-шор иық, Тұтқасы болса жерді үйіргендей» даланың бұлшық еті Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толады екен. Осы даталы мерекеге байланысты балуанның соңғы тынысы үзіліп, жамбасы жерге тиген өлкенің тұрғындары, яғни оңтүстіктік ағайындар «Қажымұқан жерінен – Қажымұқан еліне» атты жоба жасап, алда болатын балуанның мерейтойын халықаралық деңгейде, әрі таным-тәрбиелік тұрғыдан аста-төк той үлгісінде емес, тұлғаның өмірінен келер ұрпақ өнеге-үлгі аларлық, сонымен қатар спортшы жастар адалдық пен отансүйгіштік рухын бойына сіңірерлік мақсатта болса деген міндет қойып отырған көрінеді.
Тарих • 27 Қазан, 2020
Әуелі Көшім ханның қайдан шыққаны туралы тарихи мәліметтерге көз жүгіртсек, оның Сібірді бағындырудағы басты жорығы Қараөткел өңірі Есіл бойынан басталды деуге негіз бар. Бұл – әлі маман тарихшы зерттеушілер тарапынан бір ізге түспеген тақырып.
Таным • 27 Қазан, 2020
Қазақ халқының мергендік өнері
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан екі жыл бұрын жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті. Масағына қауырсын тағылып, металмен ұшталған жебе берен сауытты тесіп өтетін көбебұзарға айналды» дейді. Осы орайда, халқымыздың ежелгі жауынгерлік өнері садақ тарту немесе жамбы ату өнері жайлы мәліметтерді ұсынып отырмыз.