
Руханият • 16 Қараша, 2020
Мұрағат – тарихи құжаттар қоймасы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының «Тарихи сананы жаңғырту» бөлімінде «Архив – 2025» бағытын негіздей отырып: «Тәуелсіздік жылдарында халқымыздың өткенін зерттеуге қатысты ауқымды жұмыстар атқарылды. Еліміздің тарихи жылнамасындағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге жол ашқан «Мәдени мұра» бағдарламасы табысты іске асырылды. Бірақ бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжат, әлі де болса, ғылыми айналымға түскен жоқ. Олар әлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатыр. Сондықтан ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі, іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп санаймын» деген еді. Осы орайда, елімізде жоғарыда атап өткен бағдарламалық тақырыпқа қатысты қандай жұмыстар атқарылды? Бұл сұраққа жауап беру мақсатында журналистік шолу жасап көрейік.
Руханият • 13 Қараша, 2020
Ертеректе, Жетісу өңірінде Жапалақ пен Жұманай деген ағайынды адамдар өмір сүріпті. Үлкені Жапалақ елге тұтқа, ауылға айбар, жатқа сыйлы, жақынға қайырымды, ағайынға қамқор жан екен. Бір күндері Жапалақ жұрттың жан бағып отырған жайылымын тартып алмақшы болып келген ақ патшаның әкімгер шенеунігіне қамшы үйіріп, оны қорғаймын деп мылтық ала ұмтылған солдатты сабап, ол бейбақ өліп кетіп, басы дауға қалады.
Спорт • 13 Қараша, 2020
Зерттеушілер допингтің пайда болуы туралы бірнеше болжам айтады. Соның ішінде көпшілікке белгілісі: ертеде голландиялықтар өз әскерлерінің шайқас кезінде жауынгерлік қуатын күшейту үшін жүзімнің сыртқы жұқа қабығынан жасалған ішімдік түрін пайдаланған. Оны «dop» («доп») деп атаған. Бұл жайт жылдар өте келе допингтің кәрі құрлықта кең таралуына жол ашқан-мыс.
Оқиға • 12 Қараша, 2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында, Рим Папасы Иоанн Павел II-нің 100 жылдығына орай және де Папаның 2001 жылы Қазақстанға ресми сапармен келген тарихи сәтіне байланысты, сейсенбі күні «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық көрме жобасы аясында, Қазақстандағы Польша Республикасының Елшілігі мен еліміздегі Апостолдық нунциатурасы бірлесіп «Иоанн Павел ІІ – үнқатысу Папасы» атты көрме ұйымдастырылды.
Руханият • 11 Қараша, 2020
Алтын Орда дәуірінің алтын шапаны
Жуықта Моңғол елінің ақпарат құралдарында Алтын орда дәуіріне тән әйел адамның алтын шапаны Christie бәссауда нарығында 483 032 доллар АҚШ ақшасына сатылғаны жайлы хабар тарады.
Оқиға • 11 Қараша, 2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Nur Otan партиясы «Бірлік» қалалық филиалының бастамасымен кездесу өтті. Іс-шараға кітапхана директоры Әмірхан Рахымжанов, қалалық Nur Otan партиясының «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметов және елордалық №17 мектептің директоры қатысты.
Сұхбат • 10 Қараша, 2020
Барсакелмес – экологиялық аймақта орналасқан әлемдегі жалғыз қорық
Жуықта Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен табиғат қорғаушылар мен орман шаруашылығы және жануарларды қорғау саласында үздік еңбек етіп жүрген қызметкерлер мен мекемелерге «Елім-ай» сыйлығы тапсырылды. Естеріңізге сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған міндет екенін айтып, осы орайда «Жануарларды қорғау туралы» заң қабылданатынын жеткізген. Сондай-ақ жақында ғана өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің соңғы отырысында Ұлттық мемлекеттік табиғи парктерді пайдаланып экотуризмді дамыту қажеттігіне де тоқталған еді. Осы орайда, Елбасы тағайындаған «Елім-ай» сыйлығына үміткерлер 16 номинация бойынша таңдалса, «Ең үздік қорық» номинациясына Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы ие болды. Мәртебелі марапат өткен айдың аяғында мекеме директоры Зәуреш Әлімбетоваға елорда төрінде тапсырылды. Осы сәтті пайдаланып қорық директорымен әңгімеге өрбіттік.
Руханият • 10 Қараша, 2020
Әлем тарихында қызықты оқиғалар көп. Соның бірі – Алтын Орда билеушісі, хандықтың территориясын Ертістен Дунайға дейін кеңейтіп, ұлан-ғайыр өлкеге билік жүргізген Бату (Батый) ханның «Алтын арғымақтары» жайлы аңыз.
Спорт • 10 Қараша, 2020
Марат Төлегенұлы Жыланбаев – қазақ ұлтынан шыққан тұңғыш кәсіби марафоншы. Ол 1963 жылы 19 тамызда Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданының Фрунзе атындағы кеңшарында туған (кейбір деректерде Павлодар облысының Майқайың ауылында дүниеге келген делініп жүр). Марат он екі жасынан бастап, жеңіл атлетикамен айналысқан. Қыста шаңғымен ұзақ қашықтыққа жүгіріп, өзін үнемі шынықтырып отырған. Ал жазда қолы қалт етсе велосипедке мініп, кейде күніне жүз шақырымға дейін жол жүретін болған.
Спорт • 10 Қараша, 2020
Қазақ танымында «балуан» ұғымы «Алып адам» дегенге саяды. Себебі далалықтар танымында балуан, яғни алып күш иесі: еңселі де еңгезердей, жойқын қармаулы болуымен ерекшеленген. Бізге белгілі орасан зор күш иелері – Балуан Шолақ, Қажымұқан аталарымыздың салмағы аз дегенде 8-9 пұттан жоғары болғаны анық.