
Руханият • 03 Тамыз, 2020
Қазақ халқы ежелден әділдікті өмір сүрудің өзегі деп білген. Яғни қай заманда, қай кезде болмасын қоғамды береке мен бірлікке бастайтын, елдің шаңырағын шайқалтпай, іргесін сөктірмей ұстап тұратын ұстыны – әділдік. Атақты қытай ғұламасы Күңзі қария «Әділдігі жоқ қоғам – ешқашан кемелденбейді» деген екен.
Абай • 31 Шілде, 2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұлы ойшылымыздың 175 жылдығына орай қалың жұрттың назарына «Абай мұрасы – тәрбиенің қайнар көзі» виртуалды көрмесін ұсынды.
Сұхбат • 30 Шілде, 2020
Газетіміздің өткен 20 шілде күнгі санына «Ғұн ұлысының ордасы табылды» деген атпен шағын мақала жарияланған еді. Мұндағы бір жапырақ жазбада: біздің заманымызға дейінгі IV-III ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда үстемдік жүргізген Ғұн ұлысының тәңірқұты Мөде қағанның ордасы болған Луут қаласының орны табылғаны жайлы айтылған болатын.
Қазақстан • 29 Шілде, 2020
Кәсіподақтар федерациясы дәрігерлер еңбегін бағалауды ұсынды
Мемлекет басшысының пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүрген медицина қызметкерлеріне мемлекет тарапынан қолдау шараларын жариялағанына қарамастан, ҚР Кәсіподақтар федерациясының (ҚРКФ) ақпараты бойынша оларды орындауда олқылықтар байқалады. Сондықтан ҚРКФ Үкімет басшысына хат жазып, бірқатар ұсыныстарымен шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Таным • 29 Шілде, 2020
Мына фотоның тарихы естіген адамды ынтықтырары хақ. Мұнда төрт адамның сол жақ шетінде отырған ұлты түрік Мехмет Гүл дейтін ыстанбұлдық кәсіпкер екен. Одан кейінгі басына қозы терісінен тігілген сеңсең тымақ киген жағалы палтолы адам – Жанымхан Тілеубайұлы. Бұл кісі 1888 жылы Шыңжаң-Алтай өлкесінде туған. 1945 жылдары Шығыс Түркістан жұмқыриятының қаржы министрі болған. 1952 жылы Үрімші қаласында атылған. Ал оң жақта шетте отырған қияқ мұрты сұсты адам – Қапан Жәңгірұлы. Бұл жігіт Жанымханның аталас ағайыны. Артқы жақта түрегеп тұрған бозбала – түркиялық қазақ ақсақалы, Дүниежүзі қазақтары қaуымдaстығының Төрaлқa мүшесi болған, «Парасат» орденінің иегері – Дәлелxaн Жaнымxaнұлы Жaнaлтaй. Дәкең 1922 жылы Шыңжаң-Aлтaй жерінде дүниеге келіп, 2012 жылы Түркияда дүниеден өтті.
Руханият • 28 Шілде, 2020
Әлем тарихында «Көк түркілер дәуірі» дейтін тіркес бар. Нақтырақ айтқанда, 550 жылдар шамасында Түмен қаған Еуразиялық кеңістікті бойлата Түркі ұлысының іргесін қалады.
Тарих • 23 Шілде, 2020
Қарт Торғай – сақтар мен сарматтар мекені
Астанада орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Астана-Арқа кешенді экспедициясы биылғы далалық маусымда Торғай өлкесіне археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде киімі алтынмен апталған сақ билеушісінің қорымын тапты. Осы орайда, біз қазба жұмысының ғылыми маңызын білу үшін экспедиция жетекшісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Ақан Оңғарұлымен сұхбаттастық.
Әлем • 23 Шілде, 2020
Құтқарушысын құрметтейтін пингвин
Жуықта британдық тәуелсіз басылым, күнделікті жарық көретін «Индепендент» интернет-газетінде Диндим атты пингвин мен Солтүстік Америка құрлығындағы Аргентина республикасы Патагония штатының тұрғыны Жуан Перейра де Соуза арасындағы татулық қатынас жайлы қызық оқиға жарияланыпты.
Аймақтар • 22 Шілде, 2020
Орфографиялық жұмыс тобының онлайн отырысы өтті
Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен 2020 жылғы 22 шілдеде Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының отырысы онлайн жүйеде өтті, - деп жазады Egemen.kz
Оқиға • 21 Шілде, 2020
Жаңғырту жұмыстары жүргізілуде
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты ескерткіштерді қалпына келтіру, зерттеу және оларды туристік орталыққа айналдыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 18 түрлі тарихи-мәдени нысанға жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.