Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1079 материал табылды

Оқиға • 27 Тамыз, 2020

Ұсыныстар мен пікірлер ескеріледі

Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жос­пары аясында Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының кезекті отырысы онлайн форматта өткізілді.

Тарих • 26 Тамыз, 2020

Қазақтың байырғы ғұрыптық заңы – «Жеті жарғы»

Бұл құжат Тәуке ханның (1678-1718) тұсында қабылданған. Себебі ХVІІ ғасырда Қазақ хандығының ыдырау қаупі тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттырып, хандық билікті нығайтуға күш салды әрі осы тұста қазақ қоғамы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті.

Руханият • 26 Тамыз, 2020

«Тайың туып, тайлағың боталасын!»

Жақында бір ақсақал жаңадан шаңырақ көтерген екі жасқа ықылас-батасын берді. Әдеттегідей шұбыртпалы ұйқасқа құрылып, желе-жортып жөңкіле жөнелген ұзын-сонар тілектің арасынан «Тайың туып, тайлағың боталасын!» деген сөз көкейге қона кеткені.

Тарих • 26 Тамыз, 2020

Қазақ тарихының бір кезеңі

Қазан төңкерісі 1914 жылы басталған дүние­жүзілік соғыстың салдарынан Ре­сей империясы: бірінші – эко­номикалық, екінші – саяси дағдарысқа ұшырады. Елдің шаруашылығы қирады, өн­діріс орындары тоқтады, сауда-эко­номикалық қатынас бұзылды, ауыл шаруашылығы құлдырап, жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген наразылығын туғы­зады. Сөйтіп осы дағдарыс себепті, 1917 жылы ақпан айында патшалық билік құлады. Бұл оқиғаны тарихта «Ақпан төңкерісі» деп атап жүрміз. Осы төңкерістің нәтижесінде бур­жуазиялық Уақытша үкімет пайда болды. Бірақ бұл билік халықты экономикалық дағдарыстан алып шыға алмады.

Руханият • 25 Тамыз, 2020

Қандастарға арналған "Атамекен" кітабы жарық көрді

Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы шетелдегі этникалық қазақтарды қолдаудың 2018-2022 жылдарға арналған ісшаралар жоспарының "Қазақстанның қасиетті жерлерімен таныстыру мақсатында ақпараттық-анықтамалық материалдарды әзірлеу және шығару" тармағы бойынша "Атамекен" ақпараттық-танымдық кітабын жарыққа шығарды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 24 Тамыз, 2020

"Ұлы даланың ұлық тұлғасы" үздік эссе байқауы өз мәресіне жетті

"Ұлы даланың ұлық тұлғасы" үздік эссе байқауының қорытындысы белгілі болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Руханият • 24 Тамыз, 2020

Бұландыдан зілдің жілігі табылды

Бүгін Ақмола облысы Бұланды ауданы Новобратск ауылдық окургіне қарасты Буденновка ауылы маңынан, нақтырақ айтқанда елді-мекенді жанай ағып жатқан Аршалы өзені бойынан зілдің (мамонт) жілігі табылды, - дейді Егеменнің редакциясына хабарласқан аудандық газеттің қызметкері, таланты ақын Жайнарбек Зандыбайұлы.

Өнер • 24 Тамыз, 2020

«TURAN» ансамблінің тартуы

Өткен сенбіде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы, «Отандастар қоры» КеАҚ және «Қазақконцерт» ұйымы бірлесіп, «TURAN» этно-фольклорлық ансамблінің қатысуымен шеттегі қазақтарға арнап «Ұлы дала елінен» атты онлайн концерт өткізді.

Қоғам • 22 Тамыз, 2020

Алты адамның өмірін арашалаған спортшы

Кеше Мәдениет және спорт мининстрлігі Спорт дәне денешынықтыру істері комитетінің баспасөз өкілі хабарласты. Айтпағы: жуықта Алматы қаласында өрт болып, тосыннан келген апат салдарынан ауыр жағдайға душар болған алты адамды Дәурен Рысқұлов деген азамат жанын жалдап жүріп құтқарып қалыпты. Қысқасы, осы оқиғаны оқырмандарыңызға жеткізсеңіз дейді ғой...

Руханият • 21 Тамыз, 2020

Абай оқуларының жеңімпаздары анықталды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының ұйымдастыруымен өткен қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеу мақсатында әлеуметтік желілерде жарияланған «ІV Абай оқулары» әдебиет сайысының жеңімпаздары анықталды.