
Қоғам • 05 Маусым, 2020
Тұрғындардың 35 пайызы медициналық оңалтудан өтті
МӘМС жүйесіндегі медициналық оңалту және қалпына келтіру емінің көлемі 1 тоқсанда 6,2 млрд теңгеге дейін өсті. 2020 жылдың 1 - тоқсанының қорытындысы бойынша қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту көлемі өсті: егер өткен жылдың бірінші тоқсанында медициналық көмектің бұл түрін 23,3 мың адам алса, биылғы жылы - 31,5 мың адам алды, деп хабарлайды «ӘМСҚ» КЕАҚ баспасөз қызметі.
Спорт • 05 Маусым, 2020
Хаким Зиеш пен Тимо Вернерді Челси сатып алды
Ағылшын премьер лигасындағы азулы команданың бірі Челси құрамы екі мықты футболшымен толықты. Соның бірі Нидерландтың Аяакс клубының жартылай қорғаушысы, Марокко футболының жарық жұлдызы Хаким Зиеш болса, екіншісі Германия ұлттық құрамасының шабуылшысы қазіргі таңда Лейпциг сапында өнер көрсетіп жүрген неміс футболшысы Тимо Вернер.
Спорт • 05 Маусым, 2020
Токио-2020 олимпиадасы келер жылы өтуі мүмкін
Биыл жалауын көтеретін Токио-2020 жазғы ойындар олимпиадасы әлемді жайлаған коронавирусқа байланысты бір жылға шегерілген болатын. Екі апта бұрын ХОК егерде індеттің етек алуы осылай жалғаса берсе, Олимпиада ойындары күн тәртібінен түбегейлі алынып тасталуы да мүмкін екендігі жайлы мәлім еткен еді.
Әлем • 04 Маусым, 2020
Үш жыл түрмеде отырған көгершін босап шықты
Үндістан елінің қауіпсіздік мекемесі пәкістандық барлау-тыңшылық құрылымдарының мүддесі үшін қызмет атқарып жүр деген күдікпен үш жыл бұрын қарапайым көгершінді тұтқындаған.
Спорт • 04 Маусым, 2020
Жуырда Forbes журналы 2020 жылы әлем бойынша ең көп табыс тапқан ер азамат спортшылардың аты-жөнін жариялады. Бұл тізімнің басында әдеттегідей 106,3 миллион доллар пайда тапқан Швейцарияның атақты теннисшісі Рожер Федерер тұр.
Спорт • 04 Маусым, 2020
Францияның «Пари Сен Жермен» футбол клубында уақытша «жалдамалы» түрде ойын көрсетіп жүрген италияндық «Интер» клубының шабуылшысы Мауро Икардиды француздық клуб ресми түрде сатып алды.
Таным • 04 Маусым, 2020
Абай Қасымов шетелдегі қазақтарға қандай саяси әрекет жүргізді?
ХХ ғасыр басында патшалық Ресей империясы құлап, қоғамды идеологиялық тұрғыдан тап пен жікке бөліп басқаратын жаңа бағыт – социалистік жүйе пайда болды. Бұл жүйе ғаламға өз ықпалын күшейту үшін 1919 жылы «Коминтерн» атты ұйым құрды. Келесі жылы аталған ұйымның Шығыс және Қиыр Шығыс халықтарына революциялық жұмыс жүргізетін секциясы ашылады. Шығыс секциясының тапсырмасымен қазақ қайраткері Тұрар Рысқұлов 1924 жылдың қазан айынын бастап, 1925 жылдың шілдесіне дейін Моңғолияда қызмет атқарып, осы елдің жаңа конституциясын жазып беріп оны қабылдатумен қатар, ел астанасының атын Ұлан-батыр деп өзгертті.
Руханият • 03 Маусым, 2020
Бар қазаққа аты мәшһүр Қаздауысты Қазыбек би толысқан кемел шағында жолаушылап келе жатып, жол-жөнекей Қоңырат елінің шетіне ала отауын тіккен жігіттің үйіне түседі. Қазақтың қонақжай дәстүрін сақтаған жігіт би ағасына қой сойып, қол қусырып қызмет қылады. Жас бағыланның еті балбырап пісіп, үлкен астаумен қадірлі қонақтың алдына тартылады.
Руханият • 03 Маусым, 2020
Жүздік құрылымның сипаты қандай?
Жақында танымал антрополог-академик Оразақ Смағұловтың «Қазақ халқының шығу тегі» атты еңбегі жарыққа шықты. Туындыда қазақ халқы осыдан қырық ғасыр бұрын Еуразия даласында дара этнос ретінде қалыптасқаны физикалық антропология арқылы дәлелденіпті. Кітаптағы елді елең еткізерлік оқиға – ұзақ жыл сарапталған морфофизиологиялық зерттеулер нәтижесі көрсеткендей қазақтың үш жүздік құрылымында ешқандай, рулық, туыстық үлес жоқ екен. Бар қазақ – бір қазақ екен.
Аймақтар • 03 Маусым, 2020
«Жаңа кәсіптер атласы» жобасына қолдау көрсетіледі
Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы (КРКФ) «Жаңа кәсіптердің атласы» жобасы бойынша зерттеулерге қолдау көрсететін болады. Бұл туралы федерацияның орталық кеңсесінде Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин мен аталмыш жоба жетекшісі BTS Education компаниясының бас директоры Саясат Нұрбек уағдаластыққа қол жеткізді.