Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2537 материал табылды

Театр • 12 Мамыр, 2025

«Астана Балет» театрының Алматыдағы айшықты гастролі басталды

Бұл жолы астаналық театр алматылықтарға рок-балеттегі танго мәнерінде «Жыл маусымы» атты ауқымды бағдарламасында классикалық, ұлтық хореография мен заманауи балет пен симфониялық музыканы ұсынғалы отыр. Бүгін Алматы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен конференцияда осы концерттің жай-жапсары баяндалды.

Алматы • 12 Мамыр, 2025

Алматыда 14 орталық жастарға тегін көмек көрсетеді

Президенттің жанындағы Ұлттық комиссияның қолдауымен мамыр айының 12-16 аралығында Қазақстанда республикалық репродуктивті денсаулық аптасы өтпек. Бұл бастамаға Алматы да қосылды. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы мәслихатының депутаты, әкімнің гендерлік мәселе жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Айгүл Шалбаева Алматы бұл акцияны қолдап қана қоймай, үлкен іс-шаралар да өткізетінін атап айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 05 Мамыр, 2025

Қазақ циркінің акробаттары Миланда әлемдік рекорд орнатты

Алматы циркінің әртістері Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл оқиғаны – отандық цирк өнерінің ауыз толтырып айтарлықтай кезекті табысы десек те болады, деп жазады Egemen.kz. 

Медицина • 04 Мамыр, 2025

Денсаулық сақтау министрлігі мен «АстраЗенека» мәмілеге келді

Лондонда өткен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының 11-ші отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «АстраЗенека» халықаралық биофармацевтикалық компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рекорд • 02 Мамыр, 2025

Алматылықтар 1704 метр лағман дайындап, рекорд орнатты

«Қосылғанның – қолы ұзын, қос керуеннің – жолы ұзын» деген осы болар, тамаша мерекеден бастау алатын мамырдың алғашқы күнінде кіндік қаны қазақ жерінде тамған барша отандастарымыз Қазақстан халқының достығын паш етіп, ерекше оқиғаларға мұрындық болды. Соның бірі – Алматыда дайындалған ең ұзын лағман. Осылайша, жұртты жұмылдыра білген көңілді оқиға барысында елдік рекорд орнатылды, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 02 Мамыр, 2025

Бөлшек сауданың үштен бірінен астамы Алматыда шоғырланған

Биыл Алматы қаласындағы бөлшек сауда наурыз айында 23%-ға өсіп, 571,2 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 02 Мамыр, 2025

Алматылық Олимпиада жүлдегерлері уәде етілген үйлерін алды

Бүгін Париждегі жазғы Олимпиадада көк байрағымызды желбіреткен Олимпиада жеңімпаздары Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шахановтың қолынан жаңа пәтерлердің кілттерін алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 30 Сәуір, 2025

Алматыда үй хайуанаттарының иелері үшін жаңа ережелер қабылданды

Енді Алматыдағы барша үй хайуанаттарының иелеріне  оларды серуендету мен алып жүру ережелеріне бағынуға тура келеді, деп жазады Egemen.kz.

Медицина • 28 Сәуір, 2025

Мойын ісігімен туған нәрестеге ота жасалды

Алматы перзентханаларының бірінде 23 наурыз күні құрсаққа біткеніне 34 апта толған ер бала сирек кездесетін, туа бітті кеселмен дүниеге келген еді. Сәбидің мойнының оң жағында үлкен кистозды лимфангиомасы болған. Онымен қоса тыныс алу және жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігі де ісіктің асқынуына себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саясат • 26 Сәуір, 2025

«Орталық Азия – Қытай» форматындағы сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі аяқталды

Бүгін Алматыда «Орталық Азия – Қытай» форматындағы сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі өтті. Оған Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Қытай Сыртқы істер министрі Ван И, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов пен Түрікменстан өкілі қатысты.