Өнер • 30 Желтоқсан, 2025
Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының репертуарынан қырық жыл бойы түспеген Иоганн Штраустың «Жарқанат» опереттасы биыл жаңа қырынан танылды. Өйткені қазақ сахнасындағы әлемдегі ең танымал опереттаның қоюшы-режиссері, дирижері, орындаушылары мен костюмдері, сценографиясы, тіпті декорациясына дейін өзгеріп отыр.
Медицина • 27 Желтоқсан, 2025
Алматы қалалық кардиологиялық орталығында алғаш рет жүрек ауыстыру операциясы жасалып, терминалдық кезеңдегі созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан 34 жастағы азаматқа донорлық жүрек салынды.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2025
Жуырда Өңірлік коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті басшысының орынбасары Шынарай Әлімхан мен Алматы қаласы әкімі аппаратының этика жөніндегі уәкілі Мамай Ахетов сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беруді дамыту және мемлекеттік қызметшілер арасында этикалық қалыпты нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыс жөнінде мәлімет ұсынды.
Өнер • 20 Желтоқсан, 2025
Ұлтымыздың мәдени-рухани дамуына үлес қосып жүрген сахна шеберлерін ұлықтайтын «Еңлікгүл – 2025» сыйлығы биыл да өңірлердегі өнер тарландарының мерейін тасытты.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2025
Желтоқсан ерлеріне ерекше құрмет
Алматы шаһары үшін Тәуелсіздік мерекесінің орны қашан да ерекше. Елдігімізге бастау болған мереке қарсаңында жыл сайын қала жастары мен қонақтары Желтоқсан қаһармандарына тағзым етіп, еске алу іс-шаралары өтіп жатады.
Медицина • 13 Желтоқсан, 2025
Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі
Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты отандық медицинадағы кезекте межені бағындырып, екі науқасқа соңғы шыққан үш камералы кардиостимуляторлар орнату операциясын сәтті атқарып шықты.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Дәстүрге жат есімнің сұрауы бар ма?
Елімізде жыл сайын 12 мыңға жуық адам аты-жөнін өзгертеді. – Ол қыздың аты – Уэллуэй. – Уэллуэй? Уэллуэй деген есім қандай мағына береді өзі? – Шыңғыс хан шешесінің аты екен. – Шыңғыс хан шешесінің аты Өэлүн емес пе еді? Уэллуэйі несі? Үйдегі ұл мен қыздың осындай екеуара әңгімесін құлағым шалып отыр. Жуырда өзім де Бекертуған деген есімді кездестіріп, кей адамдардың іштен шыққан баласына тумай жатып қатыгез болатыны несі, әлде перзент құтаймаған біреу ме екен дегендей ойға шомып жүрген едім. Бірақ жүз жерден ырымшыл болсаң да, онсыз да тауқыметі көп тірлікте адамның есімі тағдырына ықпалы бар екеніне күмәніңіз болмасын.
Руханият • 10 Желтоқсан, 2025
Төмендегі оңды жаңалықты оқырманға ұсынбас бұрын, осыдан төрт жыл бұрынғы оқиғаға ораламыз. 2001 жылы Жетісу өңіріндегі «Арқарлы асуынан табылған петроглифтер қиратылып жатыр» деген мәселе көтеріліп, бұған қоғам белсенділері де араласып, көне жазбалар қорғау ісі Үкіметтік деңгейде шешімін тапқан болатын. Осылайша, жекеменшіктің қолындағы жерден табылған Арқарлы жазбалары шаруашылық жұмыстары кезінде жойылып кетуден аман қалғаны есімізде.
Қоғам • 29 Қараша, 2025
«Қаржы жүйесі экономиканың қан айналымы секілді»
Экономикадағы тоқтап тұрған активтерді қайта жандандыратын «Проблемалық кредиттер қоры» бүгінде жаңа деңгейге шықты. Осы орайда «Проблемалық кредиттер қоры» басқармасының төрағасы, танымал қаржыгер, экономика ғылымдарының докторы Калилла АБДУЛЛАЕВПЕН сұхбаттастық.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Мұқтаж жандарға қамқорлық – қоғам парызы
Алматы қаласында күн тәртібінен түспейтін мәселенің бірі – мұқтаждық пен мүгедектігі бар жандарға қарайласу, әлеуметтік тұрғыда қолдау танытып, түйткілді жайттарды реттеп отыру. Мегаполисте мұқтаж азаматтарға 17 түрлі әлеуметтік көмек түрі қарастырылған. Осы іске жауапты мекемелер әлеуметтік осал топтарға қолдауды күшейтіп, цифрлық қызметтерді көптеп енгізіп жатыр.