Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
92 материал табылды

Сұхбат • 23 Сәуір, 2025

Жаңа форматтың құны артады

23 сәуір – Ұлттық кітап күні қарсаңында еліміздегі алғашқы цифрлық кітапханалық жүйе «QazaqMura»-ның негізін қалаушы және ең ауқымды кітап фестивалінің бірі – «Kitap Fest»-тің құрылтайшысы Жұлдыз Омарбекке хабарласып, аз-кем әңгімелескен едік.

Мәдениет • 18 Сәуір, 2025

Ән көмкерген ақтық сөз

Ақтық сөзін, соңғы тілегін, арман-аңсарын айта алмай кеткен жан аз дейсіз бе өмірде? Арманда кеткеннен сақтасын, әрине. Ол жеке бас­тың, жалғыз-жарым пенденің тілеуі ғана емес, туған халқының, асыл өнердің шын мұратын көксеген өнер иесінің соңғы арызы болуы да мүмкін ғой. Ел-жұртының арман-тілегін арқалап, кейінгі ұрпаққа аманат­таушы өнер иелерінің соңғы сөзі немесе назы айтылмай арманда кетсе, нағыз қасірет сол шығар. Онда ұлт мұратының бір шеті кетіл­генмен пара-пар ғой.

Әдебиет • 11 Сәуір, 2025

Табиғаты тылсым «Қарғам-ау»

Жапонияда жыл сайын ерекше жарыс өтетіні туралы ақпарат көз­дері жарыса жазады. Оның ерекшелігі сол, қатысушылар жай ғана тыныш отырып, түк істемеуге тиіс. Аталған сайыс 2014 жылы Оңтүстік Кореядан басталып, Тайвань, Нидерланд, Гонконг сияқты елдерде тұрақты ұйымдастырылып келеді.

Кино • 04 Сәуір, 2025

Ұлт өнерінің құдіреті

Шәкен Аймановтың «Алдар көсе» фильмін бала күнімізде «қырылып» көруші едік қой. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарымен тұспа-тұс келген біздің балалық шақ үшін айтарлық жаңалық еді. Өйткені туындының әр бөлшегінен қазақылық аңқып тұратын.

Мереке • 22 Наурыз, 2025

Ұлыстың тойы – ырыстың тойы

Мұнда тарих пен тамыр, татулық пен тұтастық, үлгі мен өнеге, ең бастысы, шуағын шашқан мейір мен махаббат бар. Дүниеде шуақ пен мейірімге жететін жаратылыс жоқ. Өмір сондықтан тәтті. Әйтпесе, «ата-анадай елжірер күннің көзі» деп айта ма ұлы Абай. Қараны – ақ, суықтың мысын жылу басқан күннен бастап бәрі теңеседі. Қай жерде жарық пен шуақ мол, халық пен махаббат та сонда үйірсектейтіні бесенеден белгілі. Біздің жыл басы Наурыз бойына осы құбылыстардың бәрін топтастырған ұлы мейрам екеніне бәс тігуге бармыз ендеше.

Қоғам • 20 Наурыз, 2025

Ән-күйлеріміздің әлемдік аясы кеңейеді

«Алтын қордағы» қазақтың ән-күй, жыр-терме, бесік жырлары мен ертегілері тура жүз жылдан соң, тұңғыш рет әлемдік онлайн платформаға қондырылды. Бұдан былай қазақтың төл өнерін қалта телефонына «Алтын қор», «Spotify», «Apple Music» сынды платформаларды жүктеп алып, тыңдай бересіз. Мысалы, мұнда осыдан жүз жыл бұрын, 1925 жылы Ақан серінің «Балқадишасын» шырқаған Әміренің дауысы бар, 1937 жылы Құрманғазының «Байжұмасын» Оқап Қабиғожиннің орындауында қондырған. Осындай мыңжылдық мұралар топтастырылған «Асыл мұра: 1500 тарихи аудиошығарма» жинағының таныстырылымы салтанатты жағдайда өтіп, оған мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қатысты.

Кино • 12 Наурыз, 2025

Көпті ойландырған туынды

Бұған дейін ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» повесі кітап болып қолдан-қолға өткені белгілі. Кейін спектакль ретінде қойылғаны өз алдына, қазір көркем фильм еліміздің кинотеатрларын кезіп жүр және көрермен жақсы қабылдап жатқанын айта кеткен жөн.

Ән • 01 Наурыз, 2025

Аңсарлы күйдің асқақ әуені

«Сүю деген бірге өлу деген сөз ғой, Ғашықтық деп өзгерткен кімдер оны?» Есенғали ақынның осы бір жыры үнемі есімде жүреді. Ал шынында сүю деген сөздің түп-төркініне жеткен жан аз ғой, аз. Өмір бойы көкейден кетпей жүрген осы сұрақтың жауабын мен, әрине, әннен, ән болғанда да халық әндерінен табам-ау деп ойламаппын.

Мирас • 26 Ақпан, 2025

Француздарды қазақ тарихымен таныстырады

Париждегі Эмиль Гиме негізін қалаған Азия өнерінің ұлт­тық музейі жыл сайын әлемнің түрлі елінің тарихын таныстырады. Бұған дейін Тәжікстан (2021), Ауғанстан (2022), Жапония (2023) мәдени мұрасын паш еткен музей биыл Қазақстанның тарихи қазыналарын жинақтап отырғаны белгілі. Ол туралы француздың geo.fr сайтында: «Орталық Азияның аз зерттелген алып мемлекетінің таңғажайып тарихы» атты мақала да жарияланыпты.

Әдебиет • 25 Ақпан, 2025

Адамзат жүрегінің алтын сағаты

Бұрындары Қасымның «Абдолла» дастаны деп аталатын. «Ақын өлімі туралы аңыз» деген сөз тақырыпша ретінде жақшаға алынатын. Кейіннен ғайыптан тайып Қ.Аманжоловтың осы поэмасының тақырыбы жоғалып, «Ақын өлімі туралы аңыз» деген жақшаға алынған түсінік тақырып болып шыға келді. Ақынның бұл шығармасына тоқталмаған әдебиетші, сыншы жоққа тән шығар. Сондықтан жаңалық ашайын деп отырғанымыз жоқ. Алайда Абдолла туралы айтпай кетуге бола ма?