Banner
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
152 материал табылды

Қоғам • Бүгін, 08:55

Ағайынды алғырлар

Кейіпкерлеріміз Сәулен отбасынан төрт ізденуші шығып отыр. Үлкені Ақсұңқар – халықаралық деңгейдегі қаржы және экономика саласының маманы. Ол 2015 жылы Қытайдың беделді оқу орындарының бірі – Шанхай қаржы және экономика университетінде білім алды. Көп өтпей Франциядағы атақты «Université Paris 1 Panthéon-Sorbonne» университетінде экономика мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. Еңбек жолын 2016 жылы «Kazakh Invest» ұлттық компаниясында бастап, шетелден инвестиция тарту бағытында қызмет атқарды. Ал 2019 жылдан 2025 жылға дейін «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігінде экономист, бөлім басшысы және инвестиция тарту маманы ретінде жұмыс істеп, ел экономикасына халықаралық капитал тарту ісіне үлес қосты.

Ғылым • 24 Ақпан, 2026

Нейрохирургиядағы тың ізденіс

Қазіргі медицина – ғылым, технология және адамдық жауапкершіліктің тоғысқан кеңістігі. Бұл салада жаңалық тек құрал-жабдықпен өлшенбейді, ойлау мәдениетімен, кәсіби этикамен және болашаққа деген көзқараспен айқындалады. Бүгінгі кейіпкеріміз – медицина саласынан PhD, Кувейттегі Әл-Рази ауруханасы омыртқа бөлімінде дәрігер болып жұмыс істейтін отандасымыз Шенол Жәдік. Ол – осыған дейін ми мен омыртқаға қатысты 6 мыңнан астам операцияны сәтті жасаған білікті маман.

Тарих • 19 Ақпан, 2026

Объективке ілінген ақжарқын бейне

Мына суретке қараңызшы, Ташкент пойы­зының алдында емен-жарқын күліп тұрған қазақ әйелінің бейнесі тұр. Бұл суретті швей­цариялық саяхатшы, жазушы, фотограф Элле Майларт түсіріпті. Әттең, объективке ілінген ақжарқын бейненің аты-жөнін жазбапты. Кім біледі, газет бетіне шыққан осы жазбадан кейін біреуден біреу естіп, көріп оның ұрпақтары танитын болар...

Зерде • 13 Ақпан, 2026

Түркітанудың ізашар жиыны: ғасырдан да ұзақ үн

1926 жылы Баку қаласында өткен тұңғыш Түркологтер съезі – тарихы мен тағдыры ортақ тілдес халықтардың ­­ХХ ғасырдағы ғылыми, мәдени өмірінде айрық­ша орын алатын уақиға. Биыл осы елеулі ғылыми жиынға бір ғасыр толып отыр. Аталған съездің мән-маңызын талдап-талқылау мақсатында арнайы дөңгелек үстел мәжілісін ұйымдастырудың сәті түсті. Іс-шараға Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы Насими атындағы Тіл білімі институ­ты­ның директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Надир Мамедли, Өзбекстан Республикасы Нәубет құрбан­дары мемлекеттік мұражайы­ның бас ғылыми қызметкері Бахром Ирзаев, Халықаралық Түркі академиясының сарапшысы, PhD Нурдин Усеев, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ахметтану бөлімінің меңгерушісі, PhD Ермұхамет Маралбек қатысты.

Экономика • 12 Ақпан, 2026

Жаңару бастамасы және өнеркәсіп мүддесі

Елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа елдің саяси жүйесін жаңартумен қатар, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына да тікелей ықпал ететін маңызды кезең ретінде бағаланып отыр. Бұл мәселе «Атамекен» Ұлт­тық кәсіпкерлер палатасы президиумы жанындағы Геология, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің отырысында кеңінен талқыланды.

Қоғам • 12 Ақпан, 2026

Спортқа серпін беретін бағдарлама

Спортты дамыту енді медаль саны немесе ин­фрақұрылыммен өл­шен­бейді. Қазіргі спорт – басқару мәдениеті, көшбасшылық және ұлт­тық деңгейдегі күр­делі экожүйені тиімді ұйымдастыру қабіле­тін де қамтиды. Дәл осы сұранысқа жа­уап ретінде Қазақ ұлт­­тық спорт уни­вер­ситеті мен Фран­циядағы klore-ED School of Management бірлесіп әзірлеген қос дипломды «Executive MBA in Sport Manage­ment» бағ­дарламасы іске қосылды.

Әдебиет • 07 Ақпан, 2026

Ақиық ақынды шетел оқырманы қалай бағалайды?

Қазақ поэзиясының биік шыңы саналатын Мұқағали Мақатаев – ұлттық рухты, адам жанының терең иірімдерін оқшау жырларымен сөйлеткен сирек дарын. Елімізде оның есімі халықтық деңгейге көтеріліп, өлеңдері жатқа айтылып келеді. Ал біздің санамызда «шетел оқырманы Мұқағалиды біле ме?» деген заңды сұрақ туындайды. Бұл сауалға біржақты «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру қиын. Дегенмен кейінгі жылдары ақын мұрасы әлемге едәуір тарала бастағанын байқаймыз.

Білім • 06 Ақпан, 2026

Білім миграциясы: Күнгейі мен көлеңкесі

Кейінгі жылдары жастардың шетелде білім алуға деген ұмтылысы арта түсті. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Корея, Түркия, Қытай университеттері отандық талапкерлердің басты бағытына айналды. Бұл құбылыс қоғамда «білім миграциясы» деген ұғымды өмірге әкелді. Жат жұрттан білім іздеген көштің нақты мақсаты қандай? Олар кері оралып, елдің дамуы мен өсуіне еңбек ете ме? Басты сұрақ – осы.

Қоғам • 04 Ақпан, 2026

Әдебиеттің айбоздары анықталды

Астанада Мемлекет басшысының бастамасымен тағайындалған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық пен «Айбоз – 2025» ұлттық әдеби байқауы лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Жүлдегерлер арасында газетіміздің бүгінгі тілшісі, жазушы Қанат Әбілқайыр мен бұрынғы тілшісі, ақын Хамит Есаман да бар. Әріптесіміздің бағы ұлттық сыйлықтың «үздік балалар әдебиеті» аталымы бо­йынша жанып отыр.

Digital • 04 Ақпан, 2026

Гүлмираның «yoonee.ai» платформасы

Қазіргі жаһандану дәуірінде білім – ең басты капитал. Алайда әлемнің үздік университеттерінде оқу бәріне бірдей қолжетімді емес. Құжаттық рәсімдердің күрделілігі, қымбат аударма қызметі мен кеңесшілер көптеген дарынды жастар үшін кедергіге айналып отыр. Осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат еткен жаңа технологиялық – «yoonee.ai» платформасы Орталық Азия жастары үшін жаһандық білім кеңістігіне жол ашуды көздейді.

Яндекс.Метрика