Гүлнар ЖОЛЖАН
Гүлнар ЖОЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
541 материал табылды

Әлем • 20 Қыркүйек, 2024

АҚШ-тағы президент сайлауы: Кім жеңіске жетеді?

Қараша айында АҚШ-та президент сайлауы өтеді. Азуын айға білеген алпауыт мемлекеттің басшысы кім болатыны өз халқының ғана емес, әлем елдерінің де назарында тұр. Өйткені мұхиттың арғы жағындағы елдің саяси ұстанымы көптеген мемлекетке әсер ететіні белгілі. Сонымен Американың 47-президенті кім болуы мүмкін? Қандай саясат жүргізілмек, әсіресе Орталық Азияға ықпалы қандай болмақ? Таяу Шығыстағы мәселені реттей ала ма?

Басылым • 19 Қыркүйек, 2024

Басқа басылымдардан: Германия Канцлері – Қазақстанда

Қазір Германия Қазақстанның маңызды сауда және инвестициялық серіктесі болып отыр. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2024 жылдың алғашқы 7 айында 13 пайызға өсіп, 2,3 млрд долларды құраған. Германиядан Қазақстанға салынған тікелей инвестиция көлемі өткен жылы 64 пайызға өсіп, 770 млн долларға жетті.

Қоғам • 19 Қыркүйек, 2024

Бастаманың маңызын түсіндірді

Атом электр стансасының қандай артық­шылығы бар? Елдегі ауыл-аймақтарды газдандыру мәселесі қалай жүріп жатыр? «Amanat» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысында осы мәселелер талқыланды.

Референдум • 18 Қыркүйек, 2024

ОРК дайындықты пысықтады

Орталық референдум комиссиясы елімізде АЭС салуға қатысты респуб­ликалық референдумға дайындық барысын талқылады. Комиссияның екінші отырысында мүгедектігі бар адамдардың дауыс беру тәртібі, өңірлердің дайындығы, дауыс беруге арналған бюллетеньдерді әзірлеу, дауыс беру тәртібі мен референдумға халықаралық ұйым мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу мәселесі талқыланды.

Қазақстан • 06 Шілде, 2024

Бейбітшілік пен келісім алаңы

Бүгінде Астана жаһанға бейбітшілік алаңы, меймандос қала ретінде танылды. Бұған қоса шаһар әлемнің бірінші көшбасшылары жиналатын, мемлекетаралық мүдделерді тоғыстырған, геосаяси тұрақсыздықты реттеуге шақыратын бітім­гершілік миссиясын да абыройлы атқарып отыр. Елорда өз беделін батыл қадамдардың арқасында қалыптастыра білді.

Басылым • 28 Маусым, 2024

Әлемнің беделді басылымдары: Дәстүр жалғасады

Интернет желісі дамығалы әлемде классикалық медиа кенжелеп қалды ма? Телевизия көрерменін, радио тыңдарманын, баспасөз оқырманын азайтып алды ма? Бұл – цифрлық медиажүйе дамығалы жиі қойылатын сұрақтар. Бір нәрсе анық. Әлемдегі классикалық журналистика жұмысын тоқтатқан жоқ. Есесіне жаңа технологияның мүмкіндігімен қайтадан жаңғырып, бәсекеге түсіп, «классикалық» деген ұғымға сай қызмет атқарып келеді. Болашақта да атқара бермек. Өйткені классика – мәңгілік, қазіргі сөзбен айтсақ ешқашан «трендтен» түспейді.

Маман • 25 Маусым, 2024

HR институты: Маманды басқарудың жаңа әдісі

Президент тапсырмасына сәйкес мемлекеттік жүйеде стратегиялық бас­қа­ру, ұйымдық мәдениет, адамға бағдарланған құндылықтар бірінші орында болуы керек. Осыған орай отандық сарапшылар шетелдік әріптестерімен жыл сайын осы саладағы жетістіктерімен бөлісіп, тәжірибе алмасады. Биыл да Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мамандар адам ресурстарын дамытудағы оңтайлы әрі тиімді тәсілдерді талқылады.

Саясат • 20 Маусым, 2024

Сыртқы саясаттың елеулі жетістігі

Сарапшылардың пікірінше, бүгінде Қазақстан жаңашыл сыртқы саясаты арқылы халық­аралық қатынастардың озық үлгісін көрсетіп келеді. Әсіресе кейінгі жылдары БҰҰ-ның сессияларында экология, адам құқығы секілді мәселелерді қам­титын ел бастамаларын аталған ұйым бірден қолда­ды. Ал көршілес жатқан ал­пауыт мемлекеттердің ығына жығылмай, өз ұстанымына беріктігін көрсете отырып байланысын нығайтуы тіпті АҚШ-ты мойындатты.

Әлем • 20 Маусым, 2024

Табиғи апаттарға тосқауыл: малайзиялық үлгі

Су тасқынының салдары тосын табиғи апаттарға дайын емес екенімізді ұғындырды. Тасқын су әсіресе мемлекеттік қызмет­ші­лерді әбден әбігерге түсірді. Ендігі кезде өңір әкімдері малайзия­лық әріптестерінен тәжірибе жинақтап, тосыннан келген табиғи құбылыстарға төтеп бермек.

Пікір • 11 Мамыр, 2024

Кадр қадірі

Ұлыбритания университеттерінің бірінде тағылымдамадан өтіп жүргенімізге жарты жылдан асты. Жақында зерттеу жұмысымызға байланысты өзге қалаға жол түсті. Табан тіреген шаһарда қазақтар, оның ішінде осы елге қоныстанған отбасылар – бір қауым ел. Бірі – дәрігер, бірі – мұғалім, енді бірі – ғалым. Елден жырақ кетуге түрлі себеп түрткі болған. Көбі «Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар?», дегенге саяды.