Банк • 17 Сәуір, 2026
Төлем нарығындағы өсім: 1 млрд-тан астам транзакция өңделді
Ұлттық Банк 2025 жылғы төлем қызметтері нарығының дамуына қатысты шолу жариялады. Құжатта төлем жүйелерінің жұмысы, төлем карталары нарығы, электронды банкинг, халықаралық ақша аударымдары және төлем ұйымдарының қызметі туралы негізгі мәліметтер қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 17 Сәуір, 2026
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Қазақстан жолдарында Қытайда тіркелген көліктер жиі кездесіп жүр. Осыған орай: «бұл көліктерді кімдер басқара алады және ел азаматтарына оларды жүргізуге рұқсат бар ма?» деген сұрақ жиі туындайды. Заңнамаға сәйкес, халықаралық қозғалыстағы көліктерге елге кірген сәттен бастап 1 жылға дейін рұқсат беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 17 Сәуір, 2026
Ормұз бұғазы ашылды: Иран маңызды теңіз жолын қайта іске қосты
Иран Ормұз бұғазы арқылы коммерциялық кемелердің өтуіне шектеуді алып тастады. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Аббас Аракчи X әлеуметтік желісінде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ипотека • 17 Сәуір, 2026
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
2024 жылғы 17 сәуірден бастап Қазақстанда ипотеканы өтеу тәртібіне қатысты жаңа өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер екінші деңгейлі банктерде ипотекасы бар азаматтарға қатысты және зейнетақы жинақтарын пайдалану ережелерін жаңартады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 17 Сәуір, 2026
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматыда алдағы төрт жыл ішінде жаңа ірі жобалар жүзеге асып, қалада каналдар мен жағалауы бар ерекше аймақ – «алматылық Венеция» салынады. Сонымен қатар океанариум мен су үстіндегі бақ сияқты заманауи нысандар бой көтермек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының ресми түрде ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 17 Сәуір, 2026
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскерге шақыру науқаны бірнеше кезеңнен тұрады: шақырту алу, медициналық тексеруден өту және құжаттарды рәсімдеу. Әрбір азамат бұл процестің қалай жүретінін және өз құқықтары мен міндеттерін білуі керек, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Сәуір, 2026
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қазақстанда әрбір кәмелетке толған азамат тегін жер телімін алуға құқылы. Бұл құқық Жер кодексінің 50-бабында көрсетілген. Алайда іс жүзінде бұл мүмкіндікті пайдалану оңай емес: кезек жылдарға созылады, ал кейбір өңірлерде бос жер мүлде аз, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Сәуір, 2026
Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды
Алматы тұрғыны хайуанаттар бағында тәртіп бұзып, арыстанның қоршауына тасқа ұқсас зат лақтырғаны үшін жауапқа тартылды. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарап, көпшіліктің наразылығын тудырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • 17 Сәуір, 2026
Анталия дипломатиялық форумы: Қазақстанның халықаралық рөлі қандай?
Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумы аясында бірқатар жоғары деңгейдегі кездесулер өткізіп, халықаралық әріптестермен өзекті мәселелерді талқылады. Форум Қазақстанның сыртқы саясаттағы белсенді ұстанымын тағы бір мәрте айқындаған маңызды алаңдардың бірі болды. Халықаралық қатынастар және экономикалық саясат сарапшысы Ерік Батырхановтың пікірінше, мұндай форматтағы кездесулердің басты құндылығы – жедел шешім қабылдауға мүмкіндік беретін тікелей диалог алаңын қалыптастыруында. Оның айтуынша, қазіргі геосаяси жағдайда Қазақстанның икемді әрі теңгерімді саясаты елге әртүрлі күш орталықтарымен тиімді байланыс орнатуға жол ашып отыр, деп жазады Egemen.kz.