Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
685 материал табылды

Білім • 17 Тамыз, 2024

Колледждерге 145 мың грант бөлінді

Колледждерде тегін білім алуға мүмкіндік молайды. Оқу-ағарту министрлігінің жақында жариялаған жаңалығына сүйенсек, техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында білім алуға 145 мың грант бөлінді.

Медицина • 16 Тамыз, 2024

Обырды емдейтін отандық дәрі

Отандық ғалымдар әзірлеп жатқан обырға қарсы дәрі клиникалық сынақтың бірінші кезеңінен сәтті өтті. 1 шілдеден сынақтың екінші кезеңі басталды. Бұл туралы Назарбаев университетінде өткен баспасөз жиынында айтылды.

Білім • 14 Тамыз, 2024

Магистратураға құжат қабылдау басталды

Магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау ­басталды. Осы аптаның басы, яғни 12 тамыз күні басталған құжат қабылдау 15 тамызға дейін (қоса алғанда) жалғасады. Үміткерлер өз құжаттарын жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, оның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы тапсыра алады.

Білім • 03 Тамыз, 2024

«Болашақ» бакалавриатпен қайта қауышпақ

Қазіргі таңда үміткерлер «Болашақ» бағдарламасымен тек магистратура мен докторантурада оқи алады. Енді бакалавриатқа да аталған бағдарламамен үздік шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік берілмек. Бірақ шарт пен талап қатаңдатылады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдас­тырған баспасөз жиынында айтылды.

Білім • 02 Тамыз, 2024

Балаңыз сабаққа дайын ба?

1-сыныпқа баратын балалардың мектепке дайындығы дегенде қалам, дәптері еске түседі. «Балаңыз сабаққа дайын ба?» деп сұрағанда да көп ата-ана материалдық қажеттілікке қарай жауап береді. Ал ол мектепке, ең алдымен, оқуға барады.

Сұхбат • 02 Тамыз, 2024

Айгүл Ахметова: Инженерлік мамандыққа кешенді көзқарас қажет

Елімізде жыл сайын ең көп грант инженерлік мамандықтарға бөлінеді. Соған қарамастан аталған салада маман тапшы. Мұның бір себебі кадр даярлау ісінің сапасыздығында секілді. Жақында өткен қоғамдық жиында осы мәселені көтерген «Аllur» компаниясы басшысының білім мен ғылымды дамыту жөніндегі кеңесшісі, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу бағдарламасының авторы Айгүл АХМЕТОВАНЫ сөзге тарттық.

Технология • 23 Шілде, 2024

ЖИ дағдыларын меңгереді

Елімізде оқушылар мен педагогтерге бағдар­ламалау негіздері оқытылады. Осы үшін арнайы онлайн білім беру платформасының қанатқақты жобасы іске қосылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Білім • 20 Шілде, 2024

Білім бәйгесінің берендері

Біз көбінесе спорт пен өнер жұлдыздарының түрлі додадан дараланғанын жарыса жазамыз, сүйіншілейміз. Бірақ еліміздің көк туын шетелдерде көкке желбіретіп жүрген білім бәйгелерінің берендері де бар, міне, солар әдетте қалыс қалып қоя береді. Бүгінгі материалымызда осы олқылықтың орнын толтырмақпыз.

Ғылым • 19 Шілде, 2024

Докторантураға құжат қабылдау басталды

11 шілдеден докторантураға түсу үшін құжат қабылдау басталды. Өтініш келесі айдың 3-іне дейін қабылданады. Докторантураға түсу емтиханына қатысу үшін Ұлттық тестілеу орталығының http://app.testcenter.kz/ сайтында тіркелу қажет.

Білім • 16 Шілде, 2024

270 мыңнан аса баланың құжаты қабылданды

1-сыныпқа қабылдауға 270 мыңнан аса өтінім түскен. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі ­хабарлады.