Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
178 материал табылды

Білім • 29 Қаңтар, 2025

Пенсильвания университеті грант ұсынды

Оқу-ағарту министрлігі­нің тарат­қан ақпаратына сүйенсек, шетелдік белді жоғары оқу орнының грантын ол­жалаған оқушы бүгінде Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алып жүр. Енді мектептегі оқуын бітір­ген соң, өзін шақырған Пенсильва­ния университетінде грантта оқи алады. Аталған университет Айви Лигасына (Ivy League – Американың және әлемнің ең үздік жоғары оқу орындар қауымдастығы) кіреді. Қауымдастық құрамындағы білім ордалары ондағы оқыту сапасы­ның жоғарылығымен ерекшеленеді, қауымдастықтың құрамында Гар­вард уни­верситеті секілді беделді оқу ордалары бар.

Білім • 25 Қаңтар, 2025

«Болашақ» стипендиясының талабы өзгерді

«Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді ірік­теу қағи­даларына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Жаңа талап­тар­дың тізбегіне көз салсақ, үміткерлерге үміт сыйлайтыны да, дайын­дығын пысықтауға итермелейтіні, бұрын болмаған кате­го­рияның түрі де бар.

Білім • 25 Қаңтар, 2025

Жеке мектеп: мүмкіндігі мен мәселесі

Білімге ден қойған мемлекетте мектептер бір ауысым­да ғана жұмыс істейді. Ал біздің елде әлі күнге дейін үшауысымды оқу ошақтары бар. Бұған апатты жағдайдағы білім ұяларын қосыңыз. Мұның бәрі оқушы орнының тапшылығын тудырады, соған қоса білім сапасын төмендетеді. Бұл мәселені шешудің жолы – мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында жеке мектептер желісін көбейту. Аталған жүйе осыған дейін 3–6 жастағы балаларды балабақшалармен қамтуды ілгерілеткен еді.

Сұхбат • 18 Қаңтар, 2025

Саясат Нұрбек: Зерттеу университеттері жаңа деңгейге көтерілуге міндетті

Ғылым мен жоғары білім саласы өткен жылы неден ұтты, неден ұтылды? Жаңа жылда қандай өзгеріс күтіп тұр? Бұл саланың болашағы қандай? Осы және басқа да сұрақтарға жауап алу үшін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті сөзге тарттық.

Білім • 16 Қаңтар, 2025

Биыл білім саласын не күтіп тұр?

Осы жыл оқыту жүйесінде «Білімді ұлт» ұлттық жобасының тәмамдалаты­ны­мен маңызды болғалы тұр. Аталған жобаны 2021–2025 жылдары барлық деңгейде (мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық, жоғары, қосымша және инклюзивті білім) сапасын арттыруды көздейтін ауқымды жоспарлар жиынтығы деуге келер. Саланы алда не күтіп тұрғанын сол «Білімді ұлт» жобасынан болжауға болатындай. Осыдан өзге қандай мақсат, нендей меже көзделген? Діттеген мұратқа жеткізетін нақты міндеттер қайсы? Бағамдап көрейік.

Білім • 16 Қаңтар, 2025

ҰБТ басталды

Осы аптаның басынан қаңтар айында өтетін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды, бұл 10 ақпанға дейін жалғасады. Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 167 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Олардың 76,7%-ы қазақ тілінде, 23,2%-ы орыс тілінде, 142 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге ниет білдірді.

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

«Болашақ» бағдарламасымен қаншама мыңдаған жас шетелде білім алды. Бұл өз кезегінде еліміздің кадрлық әлеуетін арттыруға айтарлықтай ықпал еткені анық. 30 жылдан аса тарихы бар стипендияның шарттары, талаптары жыл өткен сайын заман ағымына қарай жетілдіріліп, өзгертіліп отырды. Соған қарамастан осы бағдарламаны үйлестіруші ұйымға, жұмысына, жалпы бағдарламаға қатысты оң көзқарастармен қатар, сыни пікірлер де толас­та­май келеді. Жақында тағы да шу шықты, біз бұны да байыптап көрдік.

Білім • 31 Желтоқсан, 2024

Білім саласы: балабақшадан колледжге дейін

Биыл мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық, қосымша, инклюзивті оқыту жүйесінде нақты нендей нәтижеге қол жетті? Қай мәселе күн тәртібіне шығып, дәл қайсысы шешілді? Сандар «сөйлегенде» сапамен үйлесім тапты ма? Оқу-ағарту министрлігі ұсынған деректерге сүйеніп, шолу жасап көрген едік.

Мектеп • 20 Желтоқсан, 2024

Шалғайдағы мектептер қалай жаңарады?

Елімізде 8 мыңға тарта оқу ошағы бар. Соның 70 пайызға жуығы, анығы 5 247-сі – ауыл мектебі. Осы айдың басында өткен Үкімет отырысында айтылғандай, бүгінде үш ауысымда оқытатын мектептердің 57%-ы және апатты жағдайдағы мектептердің 76%-ы ауылда орналасқан. Осыдан да болар, ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығы әлі де үлкен. Үкімет бұл мәселені қалай шешпек?

Ғылым • 19 Желтоқсан, 2024

Жас ізденушілерге жасалған қамқорлық

Соңғы уақытта отандық ғылымды дамыту, осы салаға кейінгі толқынның келуін қолдауда серпін байқалады. Соның бір үлгісін жақында зерттеушілердің тұрғын үй иеленгенінен көрдік. Елімізде еңбек ететін 10 жас ғалым пәтер сертификатын алды.