Білім • 29 Қаңтар, 2025

Пенсильвания университеті грант ұсынды

61 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігі­нің тарат­қан ақпаратына сүйенсек, шетелдік белді жоғары оқу орнының грантын ол­жалаған оқушы бүгінде Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алып жүр. Енді мектептегі оқуын бітір­ген соң, өзін шақырған Пенсильва­ния университетінде грантта оқи алады. Аталған университет Айви Лигасына (Ivy League – Американың және әлемнің ең үздік жоғары оқу орындар қауымдастығы) кіреді. Қауымдастық құрамындағы білім ордалары ондағы оқыту сапасы­ның жоғарылығымен ерекшеленеді, қауымдастықтың құрамында Гар­вард уни­верситеті секілді беделді оқу ордалары бар.

Пенсильвания университеті грант ұсынды

Иманәлінің роботтехникаға деген қызы­ғушылығы 7-сынып­та бас­талған. Соның ішінде халық­ара­лық «First Global Challenge» (FGC) байқауына қатысуы оның бұл бағытқа деген құштарлығын еселей түскен. «Сингапурдағы FGC – 2023-те инженер болудан бөлек, матчтар кезінде жүргізуші болдым және роботты басқардым. Бұл стреске төзімділікті қажет етеді. Жарыста 194 елдің арасында өнер көрсетіп, бірінші орын алдық. Бұл коман­даның ауызбіршілігі, табандылығы мен тынымсыз еңбектің нәтижесі екенін көрсеттік», дейді Иманәлі.

Дәл сол уақытта Қазақстан құра­масы робот­техника бойынша екін­ші рет әлем чем­пионы атанған еді. Да­рын­ды оқушы инно­вациялық жобалар­ды әзірлеумен де белсенді айна­лысып жүр. Мәселен, ол есту қабілеті нашар адамдарға арналған ақылды сағат жасап шығарды. «Бұл сағат есту қабілеті нашар адамдарға вибрация арқылы күмәнді немесе қауіпті дыбыстар туралы ескерту береді. Мен мұқтаж адамдардың өмірін жақсартатын технологияны жасағанымды мақтан тұтамын», дей­ді 17 жастағы чемпион.

Иманәлі болашақта еліміздің технологиясы мен экономика­сын да­мытуға үлес қос­қысы келеді. Сон­дықтан Пенсильвания университетін таңдап отырғанын жеткіз­ді. «Wharton School» бизнес мектебі әлемде бірін­ші орында болғандықтан осы уни­вер­ситетті таңдадым. Универси­тет тек білім беріп қана қоймай, сту­денттердің әлеуметтік өмірін дамытады, бұл маған өте маңызды. Мен алған білімімді өз елімнің дамуына пайдалану үшін жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін еліме оралуды ­жоспарлап отырмын. Менің оқи­ғам жастарды өз армандарына ұмты­луға және ешқашан берілмеуге ша­быттандырады деп үміттенемін», ­деді И.Көксал.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15