Спорт • 08 Ақпан, 2023
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасы аясында күрес түрлерінен өткен бәсекелер өз мәресіне жетті. Жарыстың соңғы екі күнінде еркін күрес шеберлері бозкілемге шығып, өз өнерін ортаға салды. Бұл белдесулер өте тартысты өтіп, бірқатар жас балуан өздерінің мықтылығын мойындатты және сан мың көрерменнің зор қошеметіне бөленді.
Спорт • 07 Ақпан, 2023
Татами табандылықты талап етеді
Португалияның Алмада қаласында өткен Гран-при турнирі аяқталғаннан кейін дзюдошылардың әлемдік рейтингі қайта жаңартылды. Биылғы маусымның алғашқы жарысында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсеткеніне ешкімнің күмәні болмаса керек. Олай деп айтуға негіз, дүбірлі додалардан біздің балуандардың үш жүлдемен оралған кездері тым сирек. Оның үстіне, жеңіс тұғырына көтерілген үш спортшымыз да финалда күресті. Нәтижесінде, Пиреней түбегінде бір алтын мен екі күміс медаль олжаладық.
Спорт • 06 Ақпан, 2023
Алматы облысының аты озған спартакиада
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасы жалғасып жатыр. Жексенбі күні әйелдер күресінен белдесулер өтті. Бұл жарыста Алматы облысының арулары алдарына жан салмады. 144 ұпай жинаған олар жалпыкомандалық есепте жеке-дара көш бастады. Екінші және үшінші орындарды Ақмола (115 ұпай) мен Түркістан (113 ұпай) облыстары олжалады. Сондай-ақ Астана қаласы (100 ұпай) мен Қарағанды (97 ұпай) өңірінің өкілері де жақсы нәтижеге қол жеткізіп, үздік бес команданың қатарына қосылды.
Спорт • 06 Ақпан, 2023
Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Астананың «Барысы» Мәскеуде әйгілі ЦСКА клубына қарсы өткізіп, жеңіске жетті.
Спорт • 06 Ақпан, 2023
Қазақстанның ерлер құрамасы Дэвис кубогінің іріктеу турниріне қатысу үшін Чилидің Ла-Серена қаласына сапар шегіп, жергілікті теннисшілермен күш сынасқан еді.
Спорт • 06 Ақпан, 2023
Конькиден Германияның Инцель қаласында өтіп жатқан жасөспірімдердің Әлем кубогі жолындағы жарысында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп жатыр.
Спорт • 05 Ақпан, 2023
Балуандар белдескен спартакиада
Бұл күндері Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасы аясында күрес түрлерінен бәсекелер өтіп жатыр. Өткен аптаның соңында «классиктер» өз жарысын аяқтады. Екі күнге созылған жарыстың командалық есебінде 121 ұпайды қоржынға салған Шымкенттің грек-рим күресі шеберлері бас жүлдені олжалады. Екінші және үшінші орындарда Жетісу (98 ұпай) мен Шығыс Қазақстан (94 ұпай) өңірінің балуандары иеленді. Сондай-ақ Ақтөбе (76 ұпай) мен Алматы (43 ұпай) облысының өкілдері үздік бестіктің қатарынан көрінді.
Спорт • 05 Ақпан, 2023
Қазақстанның теннисшілері Чилидің Ла-Серена қаласындағы «Ла Трентино» аренасында өтіп жатқан Дэвис кубогінің іріктеу турнирін сәтті бастаған еді.
Спорт • 05 Ақпан, 2023
Дзюдодан Францияның бас шаһары – Парижде өтіп жатқан Гранд-Слэм турнирінде Қазақстан құрама командасының қоржынына екі жүлде түсті.
Спорт • 05 Ақпан, 2023
Конькиден Германияның Инцель қаласында жалауы желбіреген жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогі жолындағы жарыста 28 мемлекеттен келген 218 спортшы бақ сынап жатыр.