Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3895 материал табылды

Спорт • 11 Мамыр, 2023

Жарысты сәтті бастады

Италияның астанасы – Римде теннис­тен ерлер мен әйелдер арасындағы «Мас­терс» турнирі басталды. Бұл жарыста Қазақстанның төрт ойыншысы бақ сынауда.

Спорт • 10 Мамыр, 2023

Алғашқы қарсыласымыз – Норвегия

Алдағы жұма күні шайбалы хоккейден әлем чемпионаты басталады. 28 мамырға дейін созылатын байрақты бәсеке Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қалаларында өтеді. Аталған жарыста ең үздік 16 команда бақ сынайды.

Спорт • 10 Мамыр, 2023

Дохада даралана алмай жатырмыз

Катардың бас шаһары – Дохада өтіп жатқан дзюдошылардың әлем чемпионаты бел ортаға таяды. Қазірдің өзінде алты салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімі белгілі. Өкінішке қарай, бағы жанған балуандардың қатарында Қазақстанның бірде-бір өкілі жоқ.

Спорт • 10 Мамыр, 2023

Әлем чемпионатына аттанды

12-28 мамыр аралығында Финлян­дия­ның Тампере және Латвияның Ри­га қалаларында шайбалы хоккейден әлем чем­пионатының жалауы жел­бірейді.

Спорт • 10 Мамыр, 2023

Қос мықты тең тарасты

Кеше футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы кездесуін тама­шаладық. Бұл бәсекеде Мадридтің «Реалы» мен «Манчестер Сити» клубтары күш сынасты.

Спорт • 10 Мамыр, 2023

Еламанның алтыны

Ауыр атлетикадан Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Еламан Сейітқазы кіші алтын медаль иеленді.

Спорт • 24 Сәуір, 2023

Төрткүл дүние назары – Ташкентте

Келесі айда Жер жаһандағы бокс сүйер қауымның назары толықтай Ташкентке ауады. Өйткені, 1-14 мамыр аралығында Өзбекстанның бас шаһарында бокс­тан кезекті әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Бірден айта кетейік, осы дүбірлі дода қарсаңында Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) жүлде қорын екі есеге көбейтті. Қазір ол 5,2 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Соған сай әлем чемпионы атанған саңлақ 200 мың долларды олжаласа, финалда сүрінгендер сол соманың тең жартысын алады. Ал қола жүлдеге қол жеткізгендер 50 мың долларды қалтаға басады.

Пікір • 23 Сәуір, 2023

Сенделген саңлақтар

Қазақстанда спортқа деген қам­қор­лық ерекше. Әр жыл сайын осы саланы дамытуға мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлінеді. Ірі қалалар­дан бастап, аудан орталықтарына де­йін спорт кешендерінің салынуы, респуб­ликамыздың әр аймағында дүбірлі дода­лардың жиі ұйымдастырылуы, байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырына көтерілген саңлақтардың мол көлем­де сыйақы алуы осы сөзіміздің айқын дәлелі.

Спорт • 19 Сәуір, 2023

Ел мақтаны – Елена

Соңғы кездері толағай табыстарымен сан миллион жанкүйерді қуантып жүрген спортшылардың бірі әрі бірегейі Елена Рыбакина екені сөзсіз. Өзгелерді айтпағанда, теннис өнері­нің жілік-майын ішкен майталман мамандардың өздері жерлесіміздің өнерін аса жоғары бағалап отыр.

Күрес • 16 Сәуір, 2023

Астанадағы тарихи жеңіс

Мадияр Құрамысов жаттықтыратын Қазақстанның еркін күрес шеберлері өткен Азия чемпионатында жеті жүлде жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте жеке-дара көш бастады. Нақтылап айтсақ, біздің балуандар 4 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль олжалады. Барлығы – 7 жүлде! Өткенге зер салсақ, бұған дейін сары құрлықтың басты додасында Қазақ елінің әнұраны бірде-бір рет төрт мәрте шырқалмаған екен. Сол себепті де «Осы жолы біз тарихи жеңіске қол жеткіздік» деп нық сеніммен айта аламыз.