Спорт • 27 Маусым, 2022
Бүгін Ұлыбританияның астанасы – Лондонда теннисшілдердің «Уимблдон» турнирі басталды. Бұл жарыста Қазақстанның төрт өкілі бақ сынауда.
Спорт • 26 Маусым, 2022
Кеше АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында аралас жекпе-жектен UFC промоушенінің кезекті турнирі өтті. Аталған жарыстың басты бәсекелерінің бірінде күні бүгінге дейін жеңілістің кермек дәмін татпаған қазақтың қайсар ұлы Шавқат Рахмонов жартылай орта салмақтағы үздіктер тізімінде тоғызыншы орында тұрған АҚШ-тың белді спортшысы Нил Мэгнимен айқасты.
Спорт • 24 Маусым, 2022
Үндістанның бас шаһары – Делидегі Индира Ганди атындағы жабық стадионда велотректен ересектердің 41-ші, жасөспірімдердің 28-ші және пара-спортшылар арасындағы 10-шы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Жыл сайын ұйымдастырылатын Сары құрлық біріншілігіне биыл 15 елдің үздіктері жиналды. Мұнда Париж Олимпиадасының іріктеуіне ұпай беріледі.
Спорт • 14 Маусым, 2022
Жүлде қоры – 47,1 миллион еуро
27 маусым мен 10 шілде аралығында Ұлыбританияның астанасы – Лондонда «Уимблдон» турнирінің жалауы желбірейді. Биылғы жарыстың басты екі жаңалығы бар. Біріншісі, ұйымдастырушылар аталған додадан Ресейді шеттетті. Соған жауап ретінде Халықаралық теннис федерациясы қатысушылар қаншалықты табысты өнер көрсетсе де, оларға соқыр ұпай да берілмейтінін жария етті. Яғни ойыншылардың ATP мен WTA рейтингінде жоғарылауына еш мүмкіндік жоқ. Екіншісі, былтырғы жылмен салыстырғанда жүлде қоры бірден 11,1 пайызға артып, биыл ол 47,1 миллион еуроны құрап отыр.
Спорт • 13 Маусым, 2022
Германияның Transfermarkt порталы Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетіп жүрген футболшылардың трансферлік құнын жариялады. Бұл тізімде Қостанайдың «Тобыл» клубының шабуылшысы Игорь Сергеев көш бастап тұр. Бүгінгі таңда ол 1,7 миллион еуроға бағаланып отыр.
Спорт • 12 Маусым, 2022
Күштілердің қатарына қосыла алмадық
Біріккен күрес әлемінің (UWW) жаңартылған рейтингі жарияланды. Өкінішке қарай, уақыт озған сайын мықтылар тізіміндегі қазақстандық өрендердің саны кеміп барады. Мәселен, грек-рим күресіндегі ТОП-10 балуанның қатарына бар-жоғы төрт жерлесіміз ғана енген. Олар – Қорлан Жақанша, Алмат Кебісбаев, Нұрсұлтан Тұрсынов және Аманғали Бекболатов.
Спорт • 10 Маусым, 2022
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін Алматының «Қайрат» клубының бас бапкері болып Кирилл Кекер тағайындалды.
Спорт • 10 Маусым, 2022
Әйгілі vRINGe.com сайты әлемдегі ең үздік кәсіпқой боксшылардың рейтингін жариялады. Өкінішке қарай, мықтылардың тізімінде Қазақстанның бірде-бір өкілі жоқ.
Спорт • 10 Маусым, 2022
Италияда өткен «Адриатика-Ионика» көпкүндігі өз мәресіне жетті. «Астана» клубының велошабандозы Вадим Пронский аталған жарыста табысты өнер көрсетті.
Спорт • 09 Маусым, 2022
Ливанның Джуния қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстанның самбошылары айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Ерлер мен әйелдер арасындағы бәсекелердің өзінде ғана 9 алтын, 13 күміс және 3 қола медаль олжалаған жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады. Барлығы – 25 жүлде. Енді осы жарысқа қысқаша шолу жасап өтейік.