Спорт • 20 Желтоқсан, 2021
Қылышынан қан тамған қызылдар империясы ыдырап, бұрынғы «бауырлас» 15 республика тәуелсіздікке қол жеткізген тұста да спорт саласындағы бұра тартушылық тоқтаған жоқ. Сол жылы өткен аса ірі халықаралық додаларға Қазақстанның санаулы ғана спортшылары күш сынасу құрметіне ие болды. Елішілік жарыстарда біраз жерлесіміз табысты өнер көрсеткенімен, оларға Кеңес Одағы құрамасы сапынан орын табылмады. 70 жылдан астам уақыт бойы үстемдік жүргізіп үйреніп қалған Мәскеу билігі бұл жолы да әділдікті белден басып, өз өрендеріне арқа сүйеуді құп көрді.
Спорт • 14 Желтоқсан, 2021
Талғарда балғын балуандар белдесті
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Алматының іргесінде орналасқан Талғар қаласында қазақ күресінен әлем және Азия чемпионатының жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Еркін Сайдақовтың жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.
Хоккей • 14 Желтоқсан, 2021
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» кезекті тур ойынын өз айдынында Нижнекамскінің «Нефтехимигімен» өткізді.
Спорт • 14 Желтоқсан, 2021
Нұр-Сұлтандағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында грек-рим күресінен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті.
Бокс • 14 Желтоқсан, 2021
Ақмола облысының Щучинск қаласында бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста 12 салмақ дәрежесі бойынша медальдар сарапқа салынды.
Спорт • 13 Желтоқсан, 2021
Гандболдан Испанияда өтіп жатқан әлем чемпионатының кезекті тур ойынын Қазақстанның әйелдер құрамасы Нидерландтың қол добы шеберлеріне қарсы өткізді.
Кәсіпқой бокс • 13 Желтоқсан, 2021
Кеше Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Фируза Шәріпова ирландиялық Кэти Тейлормен күш сынасты.
Спорт • 13 Желтоқсан, 2021
Еркін күрестен Нұр-Сұлтанда өткен Қазақстан чемпионатында Жамбыл облысының командасы ең үздік нәтиже көрсетті. Олар 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальды олжалады.
Спорт • 07 Желтоқсан, 2021
Қарсыласы – әйгілі Кэти Тейлор
Үстіміздегі жылдың соңғы айында әлемнің бірқатар мемлекеттерінде кәсіпқой бокстан ірі жарыстар ұйымдастырылады. Аталған бәсекелердің біразында біздің өрендер де өнер көрсетеді. Солардың арасындағы ең маңыздыларының бірі – 12 желтоқсан күні Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтетін бокс кеші.
Ауыр атлетика • 05 Желтоқсан, 2021
Толағайлар Ташкентте тоқайласады
7-17 желтоқсан аралығында Өзбекстанның астанасы – Ташкентте ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Жер-жаһанның әр қиырынан жиналған мықтылардың жарысында ерлер мен әйелдерді қоса алғанда, 20 салмақ дәрежесі бойынша түрлі-түсті медальдар сарапқа салынады. Аталған додада Қазақ елі намысын бес спортшы қорғайды. Олар – Арли Чонтей (55 кило), Нұрғиса Әділетұлы (96 кило), Артем Антропов (96 кило), Карина Құзғанбаева.