Спорт • 07 Маусым, 2022
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Болат Тұрлыхановты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды. Күрестің үш түрін қамтыған жарыста рейтингтік ұпайлар берілетіндіктен көптеген мемлекеттің мықты балуандары Алатау баурайын бетке алды. Олардың қатарында Олимпия ойындары, әлем және құрлық чемпионаттарында атой салған саңлақтардың да қарасы мол болды. Ал біздің ұлттық құрама аталған жарысқа өздерінің ең үздік өрендерін қосты.
Спорт • 06 Маусым, 2022
Үстел теннисінен Қазақстанның қыздар құрамасы Алматыда өткен Орталық Азия аймағының іріктеу турнирінде топ жарып, құрлықтың басты додасында бақ сынау мүмкіндігіне ие болды.
Спорт • 06 Маусым, 2022
Теннистен Францияның бас шаһары – Парижде өткен «Ролан Гаррос» турнирінің әйелдер арасындағы бәсекесінде Ига Швентекке тең келер ешкім табылмады.
Спорт • 06 Маусым, 2022
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында аралас жекпе-жектен өткен UFC Fight Night 207 турнирінде Жалғас Жұмағұлов Джефф Молинамен күш сынасты.
Спорт • 30 Мамыр, 2022
Таяуда ғана vRINGe.com интернет-журналының жаңартылған рейтингінде орта салмақтағы ең үздік кәсіпқой боксшылар қатарына Қазақстанның қос өрені енгені жайында жазған едік. Мықтылар тізімінде атақты Геннадий Головкин көш бастап тұрса, Жәнібек Әлімханұлы төртінші орынды иеленіп отыр. Күні кеше барлық салмақ дәрежесі бойынша ТОП-10 былғары қолғап шеберінің есімдері жарияланды. Өкінішке қарай, үздіктер тізімінен GGG мен Qazaq style-ден басқа жерлестеріміздің есімдерін кезіктіре алмадық.
Спорт • 30 Мамыр, 2022
11 маусымда Ақтауда Adal Promotions промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтетіні белгілі. Сол жарыстың басты жекпе-жегінде орта ауыр салмақта күш сынасып жүрген қазақтың қайсар ұлы Бекзат Нұрдәулетов аргентиналық Дурваль Паласиомен шаршы алаңға шығады.
Спорт • 26 Мамыр, 2022
Бір күндік үзілістен кейін «Джиро д’Италия» көпкүндігі қайта жалғасты. Жарыстың 15-кезеңі Апеннин түбегінің солтүстігінде орналасқан Ломбардия өңірінде өтті.
Спорт • 26 Мамыр, 2022
5 маусымда аралас жекпе-жектен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC Fight Night 207 турнирінің толық карды белгілі болды. Аталған жарыста Жалғас Жұмағұлов та өнер көрсетеді.
Спорт • 26 Мамыр, 2022
Парижде тосын нәтижелер тіркелуде
Париждегі «Ролан Гаррос» турнирі биыл тосын нәтижелермен басталды. Дуалы ауыз мамандар кемінде ширек финалға шығады деп жорамалдаған үш бірдей мықты теннисші алғашқы айналымнан аса алмады. Олар – тунистік Онс Жабер, испаниялық Гарбинье Мугуруса және аустриялық Доминик Тим. Сондай-ақ Пиреней түбегінің тағы бір мықтысы Алехандро Давидович Фокина мен америкалық Дженсон Бруксби сынды сақа ойыншылар да тұсаукесер кездесулерінде сүрінді.
Спорт • 26 Мамыр, 2022
11 маусымда Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza Fighting Championship турнирі өтеді. Бұл жарыста аталған ұйымның екі бірдей алтын белбеуі сарапқа салынады.