Спорт • 26 Сәуір, 2022
Спорт • 26 Сәуір, 2022
Моңғолияда өткен Азия чемпионатының соңғы жүлделерін еркін күрес шеберлері сарапқа салды. Бозкілемге шыққан Қазақстанның үш балуаны ақтық сынға жолдама алды. Олар – Нұрқожа Қайпанов, Азамат Дәулетбеков және Әлішер Ерғали. Ал Ақбар Құрбанов пен Әділет Даулынбаев қола медаль үшін таласты. Нәтижесінде, бұл жігіттердің барлығы да жеңіс тұғырына көтерілді.
Спорт • 25 Сәуір, 2022
Спорт • 25 Сәуір, 2022
Таяуда Vesti.kz сайты аралас жекпе-жек әлеміндегі ең белді промоушен – UFC-ге байланысты бірнеше қызықты мәліметті жария етті. Бұл жолы олар жартылай орта салмақта күш сынасып жүрген «ТОП-15» спортшыға кеңінен тоқталып, кімнің қандай елеулі табыстарға қол жеткізгені туралы тартымды ақпарат таратты.
Спорт • 25 Сәуір, 2022
Моңғолияның астанасы – Ұланбатырда өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен бәсекелер аяқталып, барлық 10 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Бұл жолы да Қазақстан құрамасы өте тамаша өнер көрсетіп, төрт жүлдеге қол жеткізді. Атап айтсақ, апалы-сіңлілі Мәдина мен Жәмила Бақбергеновалар теңдессіз деп танылса, Гүлмарал Еркебаева мен Жұлдыз Ешімова қола медальды иеленді.
Спорт • 22 Сәуір, 2022
Грек-рим күресі шеберлері Ұланбатырда өтіп жатқан Азия чемпионатын қорытындылады. Алғашқы жарыс күні Серік Жұмашев жетекшілік ететін Қазақстанның ұлттық құрамасы бес жүлдені иеленгені жайында біз бұған дейін хабарлағанбыз. Келесі күні тағы төрт балуанымыз жеңіс тұғырына көтерілді. Осылайша 2 алтын, 5 күміс және 2 қола медальді олжалаған жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте алдына жан салмай, барша күрес жанкүйерін қуантты.
Спорт • 21 Сәуір, 2022
UFC-де өнер көрсетіп жүрген аралас жекпе-жектің хас шебері Дамир Исмағұлов өзінің келесі кездесуін үстіміздегі жылдың 19 маусымында өткізеді. Ресейде туып-өскен 31 жастағы қандасымыз бұған дейін түрлі промоушендерде күш сынасқан Скандинавия түбегінің сақа спортшысы Гурам Кутателадземен сайысқа түседі.
Хоккей • 21 Сәуір, 2022
Осыдан біраз уақыт бұрын Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін Нұр-Сұлтанның «Барыс» клубының бапкерлері мен ойыншылары, әкімшілік және техникалық персоналдың қызметкерлері «Жалақымызды ала алмай жүргенімізге үш айға жуықтады» деп дабыл қаққан еді. Сондай сипаттағы мақалалар баспасөз беттерінде де жарық көрді. Ал өткен аптада аталған команданың баспасөз қызметі «Барлық қарыздан толықтай құтылдық» деген ақпарат таратты.
Спорт • 21 Сәуір, 2022
Моңғолияның бас шаһары – Ұланбатырда күрес түрлерінен Азия чемпионатының шымылдығы түрілді. Аталған жарыста сары құрлықтың көптеген мемлекеттерінен келген белді балуандар күш сынасуда. Солардың қатарында Қазақстанның да өрендері бар. Бозкілемге алғаш болып грек-рим күресінің шеберлері шығып, 10 салмақ дәрежесінің жүлделерін сарапқа салып жатыр.
Спорт • 19 Сәуір, 2022
Бокстан әйелдер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты 2001 жылы АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Скрантон деп аталтын шағын ғана қаласында ұйымдастырылды. Тұсаукесер бәсекеде 12 жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Сол кезден бері аталған жарыстың жалауы 11 мәрте желбіреді. Ал Олимпия ойындарының бағдарламасына ол 2012 жылы ғана енді. Лондонда өткен додада әйелдер үш салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.