Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
318 материал табылды

Күрес • 03 Қазан, 2023

Балуандар бабында ма?

Белградтағы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін Біріккен күрес әлемі (UWW) өз рейтингін қайта жаңартты. Сербияның астанасында атой салған саңлақтар үздіктер тізімінде бірнеше сатыға жоғарылап, жалпы есептегі жағдайларын жақсартса, сәтсіз өнер көрсеткен немесе жарысқа мүлдем қатыспаған ­балуандар, керсінше төмен қарай құлдилады. Ал біздер үшін ең қуанышты жағдай – ТОП-10-дықтың қатарында Қазақстанның 10 өрені бар.

Спорт • 28 Қыркүйек, 2023

Сербияда сенім ақталды ма?

Сербия астанасы – Белградта күрес түрлерінен әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін осы жарыста көргеніміз бен көңілге түйгенімізді қағаз бетіне түсіруді жөн көрдік. Аталған додада келесі жылы Парижде алауы тұтанатын ХХХІІІ жазғы Олимпия ойындарының жолдамалары сарапқа салынғандықтан, барлық мемлекет өздерінің мықты балуандарын аламанға қосты. Солардың қатарында Олимпиада мен әлем чемпио­наттарында жеңіс тұғыры­на көтерілген спортшылар да болды.

Күрес • 26 Қыркүйек, 2023

«Классиктер» медальсыз қалды

Күрес түрлерінен Сербияда өткен әлем чемпионаты мәресіне жетті. Бұл жарыста Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері өз жанкүйерлерін қуанта алмады. Қарт құрлыққа сапар шеккен тоғыз жерлесіміздің бірде-біреуінің жеңіс тұғырына көтерілуге күш-жігері жетпеді. Өзге елдің өрендері түрлі-түсті медальдың сан түрін олжалап жатқан кезде, біздің балуандар жанарларымен жер шұқып тұрды.

Күрес • 24 Қыркүйек, 2023

Жігіттерімізге жігер жетіспеді

Еркін күрес шеберлері Сербияда өткен әлем чемпионатын қорытын­дылағаннан кейін бозкілемге бұрым­дылар шықты. Өкінішке қарай, 10 жерлесіміздің сегізі алғашқы айналымдардан аса алмады. Олардың қалай жеңілгенін біз бұған дейін де егжей-тегжейлі баяндағанбыз. Соңғы үмітіміз – Жәмила Бақбергенова мен Елена Шалыгина еді. Талай дүбірл­і дүрмекте ысылған сол сақа спорт­шыларға үлкен үміт арттық.

Спорт • 21 Қыркүйек, 2023

Балуандар үздік бестік қатарында

Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатын Қазақстанның еркін күрес шеберлері 1 алтын және 1 қола медальмен қорытындылады. Бас жүлдені 92 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан Ризабек Айтмұхан жеңіп алса, 86 кило салмақта белдескен Азамат Дәулетбековке қола медаль бұйырды. Дәл осы нәтижемен жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте үздік бестіктің қатарына енді.

Спорт • 20 Қыркүйек, 2023

Бәсеке бәсі – нәтиже

Алматыда орналасқан 70 жылдық тарихы бар Қаркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінен талай саңлақтар түлеп ұшқаны белгілі. Кезінде ел мақтанышына айналған Қайрат Мысықбаев, Александр Парыгин, Асхат Житкеев, Жасұлан Қыдырбаев, бұл күндері халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүрген Елдос Сметов, Әлішер Ерғали, Милад Карими, тағы басқа дүлдүлдер – дәл осы қара шаңырақтың түлектері.

Кәсіпқой бокс • 19 Қыркүйек, 2023

GGG үздіктер тізімінде жоқ

Танымал vRINGe.com сайты кәсіпқой боксшылардың рейтингін жариялады. Өкінішке қарай, үздіктер тізімінде Қазақстанның бірде-бір өкілі жоқ.

Кәсіпқой бокс • 19 Қыркүйек, 2023

Жекпе-жекке шақырды

Ұлыбританияның танымал кәсіпқой боксшысы Крис Юбенк еліміздің мақтанышы Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды. Әлеуметтік желі арқылы ол GGG-ге «Мен Генамен бұрыннан бері жұдырықтасқым келіп жүрген. Бірақ реті бір келмеді. Енді біздің бетпе-бет келуімізге еш кедергі жоқ деп ойлаймын. Егер Головкин қаржылық жағдайын жақсартқысы келсе, менімен күш сынассын. Сонда ол материалдық тұрғыдан үлде мен бүлдеге оранады» деген жазба қалдырды.

Спорт • 19 Қыркүйек, 2023

Жетістіктер жылнамасы

1994 жылдың қоңыр күзінде Жапонияның Хиросима қаласында ХІІ жазғы Азия ойындарының алауы тұтанды. Аталған жарыс­та Қазақстанның спортшылары алғаш рет бой көрсетті. Сары құр­лықтың саңлақтары жиналған дүбірлі додаға жерлестерімізден бөлек, бұған дейін Өзбекстан, Қыр­ғызстан, Тәжікстан, Түрік­менстан қосылды.

Сұхбат • 13 Қыркүйек, 2023

Ислам БАЙРАМУКОВ: Балуандарымыз әлі талай асуды бағындырады

Қазақстанның еркін күрес тарихында Ислам Байрамуковтың алатын орны ерекше. Ол 2000 жылы Сиднейде алауы тұтанған Олимпиадада күміс медаль олжалап, Азия ойындарында қола жүлде иеленді. Азия чемпионатында бес мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Сол жүлделердің 1-еуі алтын, 3-еуі күміс, 1-еуі қола. Жалпы, Исламды сегіз қырлы, бір сырлы азамат деп айтсақ та жарасады. Қарашай ұлтының өкілі қазақ тілін жетік меңгерген. Сөзге шешен, тілі өткір, ойы жинақы, өресі биік. Мақал-мәтелдеп сөйлегенде, тамсанбай тыңдамау мүмкін емес. Оның осы қасиеттерін біз теледидар арқылы байрақты бәсекелерден тікелей репортаж жүргізу барысында байқадық.