Спорт • 01 Мамыр, 2020
Осыдан дәл 20 жыл бұрын Сиднейде Олимпия ойындарының алауы тұтанды. Айтулы жарыста Қазақстаннның жеті өрені олжаға кенеліп, елге оралғаннан кейін барлығы үлде мен бүлдеге оранды. Сол кезде ғаламдық доданың алтын тұғырына көтерілген боксшы Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ыбырайымов, желаяқ Ольга Шишигина, күміс медальді мойындарына ілген былғары қолғап шеберлері Болат Жұмаділов пен Мұхтархан Ділдәбеков, еркін күрестің өкілі Ислам Байрамуков және велошабандоз Александр Винокуровтың бал-бұл жайнаған бейнелері күні бүгінгідей көз алдымызда.
Спорт • 30 Сәуір, 2020
«Барысты» финн маманы баптауы мүмкін
Біраз уақыттан бері бас бапкерсіз қалған Нұр-Сұлтанның «Барыс» клубынның тізгінін танымал финляндиялық маман Кари Ялонен ұстауы мүмкін.
Спорт • 30 Сәуір, 2020
Онлайн-турнирде үш ойыншы үзеңгі қағыстырып келеді
Шахматтан жүлде қоры 250 мың АҚШ долларын құраған «Magnus Carlsen Invitational» онлайн-турнирінің алтыншы туры аяқталды.
Спорт • 30 Сәуір, 2020
Футбол тарихындағы үздік бапкерлер анықталды
Әйгілі Four Four Two журналы футбол тарихындағы ең білікті 100 бапкердің тізімін жариялады. Үздіктер көшін атақты маман Алекс Фергюсон бастап тұр.
Спорт • 30 Сәуір, 2020
Англияның ең қымбат футбол командалары
Англия Премьер-лигасындағы ең қымбат футбол командасы «Тоттенхэм Хотспур» клубы екен. Ливерпуль университетінің менеджменті өздері жүргізген зерттеу жұмыстарынан кейін осындай қорытындыға келді.
Спорт • 30 Сәуір, 2020
Марк-Андре тер Штеген 28 жасқа толды
Футболдан Германия ұлттық құрама командасы мен Испанияның «Барселона» клубының қақпашысы Марк-Андре тер Штеген бүгін 28 жасқа толды.
Спорт • 30 Сәуір, 2020
Фируза Шарипова 4 шілдеде шаршы алаңға шығады
Осыған дейін 19 маусымда Ресейдің Қазан қаласында өтеді деп жоспарланған қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова мен ресейлік София Очигаваның жекпе-жегі 4 шілдеге шегерілді.
Спорт • 30 Сәуір, 2020
Ең үздік жас футболшылар көшін Килиан Мбаппе бастап тұр
Әйгілі ESPN арнасы әлі 21 жасқа толмаған әлемдегі ең үздік футболшыларының тізімін жасады. Бұл көшті - Килиан Мбаппе бастап тұр.
Сұхбат • 30 Сәуір, 2020
Нұржан Сманов: Бір арманым іште кетті
Кезінде даңқты бапкер Әбдісалан Нұрмаханов БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында ұлттық құрама сапындағы өзінің таңдаулы шәкірттерінің бірі Нұржан Смановты «Қазақ боксының ақыл-ойы!» деп атаған еді. Көпшілік мұны жас жігіттің айшықты өнері ғана емес, ой-өресінің де биіктігіне берілген баға ретінде қабылдады. Иә, ұзақ жылдар отандық боксты өрге сүйреген Әбекеңдей ақсақалдың дуалы аузынан шыққан осы теңеуге ешкімнің таласы болмауға тиіс. Шырайлы Шымкент өңірінің тумасы еліміздің ең үздік былғары қолғап шеберлерінің бірі әрі бірегейі болғаны баршаға мәлім. Шынында да, Нұржан ойлы боксшы еді. Сонымен қатар оқығаны мен тоқығаны көп, ой-өресі биік, парасаты жоғары азамат жайшылықта қарапайым қалпынан айныған емес. Осы қасиетінің арқасында айналасындағы адамдарды өзіне бірден баурап алатын. Қай жерде жүрсе де Смановтың қолынан кітап түспейтін. Сапарға шыққанда немесе қауырт жаттығудан қолы босаған сәтте әлем әдебиеті мен қазақ қаламгерлерінің шығармаларын тегістей оқып шығатын. Міне, сол азаматпен жуырда жүздесудің сәті түсті.
Спорт • 29 Сәуір, 2020
Дэйна Уайт: Аралда да айқасуға әзірміз
Қазіргі кезде коронавирус дерті жер жаһанды жайлап тұрғанына қарамастан UFC президенті мамыр айында төрт турнир өткізуді көздеп отыр.