Спорт • 14 Қазан, 2019
Галбадрах болмаса қайтер едік?!
Осыдан бірер күн бұрын «Egemen Qazaqstan» газетінде (№195, 9 қазан, 2019 жыл) «Әлемдік рейтингтің үздіктер санатында үш өреніміз бар» атты көлемді мақала жарық көрді. Ол жерде біз отандық дзюдоның даму барысын тілге тиек ете отырып, қазіргі кезде ерлер сайысында қай мемлекеттің көші ілгері екеніне кеңінен тоқталдық. Ал бүгінгі әңгімеміздің өзегі – әйелдер дзюдосы.
Руханият • 11 Қазан, 2019
Қарсыластардың емес, қазылардың соққысы ауыр тиді
Осыдан дәл 35 жыл бұрын ел спортында елеулі бір оқиға болды. Атап айтсақ, 1984 жылы Өзбекстанның бас шаһарында өткен КСРО чемпионатында қазақтың төрт боксшысы қарсыластарының барлығын қоғадай жапырып, жарыстың бас жүлдесін олжалады. Олар – Кәрімжан Әбдірахманов (48 кило), Серік Нұрқазов (57 кило), Серік Қонақбаев (67 кило) және Асылбек Қилымов (75 кило). Егер спорттық шежіренің сарғайған беттерін парақтасақ, Қазақстанның боксшылары бұрын-соңды осындай орасан зор табысқа қол жеткізе алған жоқ. Ал Ташкент төрінде төрт бірдей қандасымыздың жеңіс тұғырының ең биік сатысында марқайып тұруы мерейімізді өсірді. Міне, сол жұлдызды команданың сапында жасындай жарқыраған Кәрімжан ӘБДІРАХМАНОВПЕН жуырда жүздесудің сәті түсті.
Хоккей • 10 Қазан, 2019
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» кезекті тур ойынын Уфада өткізіп, жергілікті «Салават Юлаевқа» сан соқтырды.
Спорт • 09 Қазан, 2019
Головкин Муратамен жұдырықтасуы мүмкін
Кәсіпқой бокстан IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин жапониялық Рёта Муратамен жұдырықтасуы мүмкін.
Спорт • 09 Қазан, 2019
Дзюдо: Бразилиядағы турнир аяқталды
Бразилияның астанасы – Бразилиада дзюдодан өткен «Гранд Слэм» турнирі өз мәресіне жетті.
Спорт • 09 Қазан, 2019
Жүзу: Алғашқы қос кезең Қытайда өтеді
Күні кеше Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA)«Champions Swim Series-2020» жарысының кестесін жария етті.
Спорт • 09 Қазан, 2019
Футзал: Чемпиондар лигасында «Аят» ұтты, «Қайрат» ұтылды
Осы аптада қарт құрлықтың бірқатар мемлекеттерінде футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңдік бәсекелері өтуде.
Спорт • 09 Қазан, 2019
Әлемдік рейтингтің үздіктер санатында үш өреніміз бар
Бұл күндері дзюдо саласының майталман мамандарынан бастап, қатардағы қарапайым көрерменге дейін әрбір дүбірлі дода аяқталған сайын жаңарып тұратын әлемдік рейтингке үнемі үңілуде. Себебі келесі жылы Жапония астанасында алауы тұтанатын XXXIII жазғы Олимпия ойындарына қатысатын балуандар тек осы тізім арқылы анықталады. Яғни, айтулы рейтингте барынша жоғары тұрған спортшылардың Токио татамиіне табаны тию мүмкіндігі соғұрлым арта түседі. Міне, барлық гәп осында.
Спорт • 08 Қазан, 2019
Шайбалы хоккей: Бас бапкердің таңдауы кімдерге түсті?
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» келесі тур ойындарын сыртта өткізеді. Атап айтсақ, ертең олар Уфада «Салават Юлаевқа» және 11 қазанда Новосібірде «Сибирьге» қарсы ойнайды.
Спорт • 08 Қазан, 2019
Қыздар құрамасы бокстан Азия біріншілігіне аттанды
Ертең Біріккен Араб Әмірлігінде (БАӘ) бокстан қыздар арасындағы Азия біріншілігінің жалауы желбірейді.