Спорт • 24 Маусым, 2019
Венгрияның Пакс қаласында дзюдодан жастар арасындағы Еуропа кубогы жолындағы жарыс мәреге жетті.
Спорт • 20 Маусым, 2019
Төрт дзюдошымыз үздіктер санатында
Дзюдошылардың әлемдік рейтингінде Қазақстанның төрт бірдей балуаны үздік ондықтың қатарынан еніп отыр. Олар – аса жеңіл салмақтағы Елдос Сметов пен Отгонцэцэг Галбадрах және Ерлан Серікжанов (66 кило) пен Ислам Бозбаев (90 кило).
Спорт • 20 Маусым, 2019
Иван Дычко америкалық боксшымен жұдырықтасады
Аса ауыр салмақта күш сынасып жүрген қазақстандық кәсіпой боксшы Иван Дычко 12 шілдеде бразилиялық Рафаэль Зумбаномен кездесуге тиіс еді.
Спорт • 18 Маусым, 2019
Лепсідегі жас өрендердің жарысы
Бұл күндері Алматы облысы Алакөл ауданының Лепсі ауылында «Қазақ батырлары» жобасы аясында бокстан еліміздің мақтан тұтар азаматтары – Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам және әлем мен құрлық чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Жәнібек Әлімханұлының жүлдесі үшін республикалық турнир өтуде.
Қысқы спорт • 17 Маусым, 2019
Шайбалы хоккейден Словакияда өткен әлем чемпионаты аяқталған бетте келесі жарыстың жеребесі тартылып, қатысушы командалардың қайсысы қай топта ойнайтыны белгілі болды. Жеребе тарту рәсімін Қазақстанның жанкүйерлері де тағатсыздана күтті. Себебі 2020 жылдың 8-24 мамыры аралығында Швейцарияның қос қаласы – Цюрих пен Лозаннада жалауы желбірейтін байрақты бәсекеде біздің жігіттер де өнер көрсетеді.
Бокс • 15 Маусым, 2019
Алматыда боксшылар бәсекесі аяқталды
Алматыда бокстан Халық Каһарманы Қайрат Рысқұлбековты еске түсіруге арналған және Қазақтың спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Зәкірияновтың жүлдесі үшін халықаралық турнир өз мәресіне жетті.
Спорт • 15 Маусым, 2019
«Boxing Kingdom» деп аталатын танымал твиттер-аккаунт бүгінгі таңдағы ең үздік кәсіпқой боксшылардың тізімін жариялады. Өкінішке қарай, «ТОП-10» былғары қолғап шеберлері тізімінде біздің Геннадий Головкин енбей қалды.
Спорт • 15 Маусым, 2019
UWW басшылары Нұр-Сұлтанға келді
Қазақстанның астанасына Бірлескен күрес əлемінің (UWW) ресми өкілдері келді. Құрамында ХОК атқару комитетінің мүшесі, UWW президенті Ненад Лалович, UWW бюро мүшесі, ƏЧ-2019 техникалық делегаты Питер Бача, UWW жарыстарын өткізу жөніндегі менеджері Рамиль Ахмадов сынды лауазымды тұлғалар бар комиссия грек-рим, еркін жəне əйелдер күресінен Нұр-Сұлтанда өтетін əлем чемпионатына (14-22 қыркүйек) дайындық \ барысын тексеруде.
Футбол • 14 Маусым, 2019
«Реал» 303 миллион еуро жұмсады
Осыған дейін Францияның «Лионында» ойнаған Ферлан Менди Испания Премьер-лигасында өнер көрсететін Мадридтің «Реал» клубының жейдесін киді.
Спорт • 14 Маусым, 2019
Садақ атудан Голландияның Хертогенбос қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Олимпия ойындарының жолдамасын иеленді.