Спорт • 29 Мамыр, 2019
Самбо: Парижде Бейімбет Қанжанов бас жүлдені олжалады
Францияда самбодан өткен Париж Гран-Приі додасында Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі Бейімбет Қанжанов қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдені олжалады.
Спорт • 29 Мамыр, 2019
Күрес: Әлем чемпионатының кестесі бекітілді
Күрес түрлерінен биылғы жылғы әлем чемпионаты 14-22 қыркүйек аралығында Нұрс-Сұлтанда өтетіні белгілі. 2020 жылы Жапонияның бас шаһары –Токиода алауы тұтанатын Олимпия ойындарының жолдамалары сарапқа салынатын айтулы жарыстың күні кеше кестесі бекітілді.
Футбол • 29 Мамыр, 2019
Бүгін түнде Еуропа лигасының финалы өтеді
Мамырдың 29-нан 30-на қараған түні Әзірбайжанның бас шаһары – Бакуде УЕФА Еуропа лигасының финалдық ойыны өтеді. Беделі зор осы жарыстың бас жүлдесін Англияның қос клубы – «Челси» мен «Арсенал» өзара сарапқа салады.
Спорт • 28 Мамыр, 2019
Футбол: Бельгия мен Сан-Мариноға қарсы кімдер ойнайды?
2020 жылы жалауы желбірейтін футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы келесі айдың алғашқы жартысында екі жолдастық кездесу өткізеді.
Спорт • 28 Мамыр, 2019
Корбан Найт «Барыстың» жейдесін киді
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Нұр-Сұлтанның «Барыс» клубының қатары канадалық шабуылшысы Корбан Найтпен толықты.
Спорт • 28 Мамыр, 2019
Теннис: Диас пен Бублик ұтты, Путинцева ұтылды
Францияның астанасы – Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің жекелеген сайысында биыл Қазақстанның бес теннисшісі бақ сынау құрметіне ие болды.
Спорт • 28 Мамыр, 2019
Шайбалы хоккей: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Шайбалы хоккейден элиталық дивизион командалары арасындағы әлем чемпионаты 2020 жылы Швейцарияның қос қаласы – Цюрих пен Лозаннада өтетіні белгілі.
Спорт • 28 Мамыр, 2019
Алматыда жағажай волейболынан ұлттық біріншіліктің алғашқы тур ойындары өтті
Ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстарда Алматы қаласының өкілдері бас жүлдені олжалады.
Спорт • 28 Мамыр, 2019
Өткен аптаның аяғында грек-рим күресінің шоқ жұлдыздары Алматыда бас қосып, 25 жыл бойы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан Болат Тұрлыхановтың кубогы жолындағы жарыста күш сынасты. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына жиналған сан мың көрермен Ресей, Грузия, Армения, Молдова, Беларусь, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран және Қазақстанның әр өңірінен келген даңқты балуандардың бәсекелерін тамсана тамашалады.
Спорт • 27 Мамыр, 2019
Спорттық би мәселесі талқыланды
Алматы қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Рүстем Байсейітовтің түрлі федерация өкілдерімен бейресми жағдайда кездесуі жақсы бір дәстүрге айналды.