Спорт • 04 Мамыр, 2019
Күрес: Әлиевтің турнирі аяқталды
Ресейдің Каспийск қаласында еркін күрестен әлемнің бес дүркін чемпионы, даңқты Дағыстан күрес мектебінің түлегі Әли Әлиевті еске түсіруге арналған халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Айтулы жарыста мына балуандар жеңіс тұғырына көтерілді:
Спорт • 04 Мамыр, 2019
Мергендер Мюнхенде сайысқа түседі
21-23 мамыр аралығында Германияның Мюнхен қаласында нысана көздеуден әлем кубогының кезеңдік сайысы өтеді.
Спорт • 04 Мамыр, 2019
Бұл күндері Қызылордада Қазақстан Республикасының V жазғы Спартакиадасы аясында өтіп жатқан жарыстың ширек финалына шыққан боксшылар анықталды. Бүгін түс бел ортадан ауа мына былғары қолғап шеберлері сайысқа түседі.
Спорт • 03 Мамыр, 2019
Мәулен Мамыров: Бозкілемде «әттеген-айлар» да аз болған жоқ...
Ел спорты тарихында Мәулен Мамыровтың алар орны ерекше. Айтулы азаматтың есімі Қазақстанның еркін күрес өнерін биік белестерге көтерген балуан ретінде спорттық шежіреге алтын әріптермен жазылды. Сексенінші жылдардың екінші жартысында жасөспірімдер мен жастар буыны арасында аса ірі халықаралық додаларда дараланған қандасымыз кейіннен ересектер дуында да орасан зор табыстарға қол жеткізді. Атап айтсақ, ол – КСРО кубогының иегері, КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері, КСРО және ТМД біріншілігінің қола жүлдегері, Азия чемпионы, Шығыс Азия және Орталық Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы, Азия кубогының төрт дүркін иегері, Азия ойындарының жеңімпазы, Олимпия ойындары мен әлем чемпионатының қола жүлдегері. Жасыратыны жоқ, осы спорт түрін серік еткен бірде-бір жерлесіміз дәл осындай орасан зор табысымен мақтана алмайды. Бұл ретте Мамыровтың тұғыры өзге балуандардан әлдеқайда жоғары екенін барша жұрт мойындайды.
Спорт • 30 Сәуір, 2019
Бангкокта барымызды көрсете алмадық
Таиландтың бас шаһары – Бангкокта бокстан өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Айтулы жарыста 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медальды иеленген Қазақстанның ерлер құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға табан тіреді. Бұл жолы да біздің гүрзі жұдырықты жігіттеріміз Өзбекстанға есе жіберді. Олар 4 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдені қоржынға салды.
Спорт • 30 Сәуір, 2019
Өткен аптада «Egemen Qazaqstan» газетінде дзюдодан Азия чемпионаттарының тарихы жайында көлемді мақала жарық көрді. Ол кезде біз ерлер арасында сары құрлықтың көшбасшы командалары кімдер, қазіргі кезде қай елдің қарқыны күшті және де тәуелсіздік алған кезден бері Қазақстан балуандарының қол жеткізген табыстары туралы біраз мағұлұмат бердік. Ал бүгінгі әңгіменің тақырыбы – әйелдер дзюдосы.
Спорт • 28 Сәуір, 2019
Қытайдың Сиань қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында кеше Қазақстанның бес бірдей грек-рим күресі шебері қола медаль үшін таласты.
Спорт • 28 Сәуір, 2019
ММА: АСА-дағы жерлестеріміздің айқын жеңісі
Мәскеуде ережесіз жекпе-жектен Еуропадағы ең үздік промоушен – АСА өзінің кезекті турнирін өткізді. Бұл жарыста Қазақстанның екі өрені күш сынасты.
Спорт • 27 Сәуір, 2019
Күрес: Бес балуанымыз жүлде үшін таласады
Қытайдың Сиань қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресі шеберлері өз бәсекелерін бастады. Бүгін бес салмақ дәрежесі бойынша белдесулер өтуде.
Футбол • 27 Сәуір, 2019
Алматыда футзалдан өтіп жатқан УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Қайрат» Испанияның «Барселонасын» ойсырата ұтты.