Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3725 материал табылды

Спорт • 25 Сәуір, 2019

Ауыр атлетика: Рахимов жүлдесіз қалды

Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтсіз өнер көрсетуде.

Спорт • 25 Сәуір, 2019

Күрес: Үш қызымыз қола медаль үшін таласады

Қытайдың Сиань қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін үш қызымыз қола медаль үшін таласады. Олар – Валентина Исламова (50 кило), Марина Седнева (55 кило) және Ирина Казюлина (68 кило).

Спорт • 25 Сәуір, 2019

Бокс: Шәкімова мен Шолтай ұтылып қалды

Бокстан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалдық сайысының күндізгі бағдарламасына күш сынасқан Қазақстанның әйелдер құрамасының қос мүшесі де өз қарсыластарына есе жіберді.

Спорт • 25 Сәуір, 2019

Бүгін – жартылай финал

Бокстан Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатының бүгін жартылай финалдық сайыстары өтеді. Қазақстанның ерлер құрамасының жеті мүшесі осы межеге сүрінбей жетті. Әзірге бұл жаман нәтиже емес. Десек те жанкүйерлер алдағы күндері де жерлестерімізден жарқын жеңістер күтеді. Өйткені біздің басты мақсатымыз – барынша көп алтын алып, жалпы командалық есепте көш бастау.

Спорт • 25 Сәуір, 2019

Ендігі мақсат – әлемді мойындату

Осы аптаның басында Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында дзюдодан Азия чемпионаты аяқталды. Осы жарыста Айдын Смағұлов жетекшілік ететін Қазақстанның ерлер құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді олжалап, жалпы командалық есепте төртінші орынға табан тіреді. Бұл бәсекеде Моңғолия, Жапония және Оңтүстік Корея алдымызды орады. Отандық дзюдошылар үшін бұл елеулі табыс па, әлде ортаңқол нәтиже ме? Осы сауалға нақты жауап алу үшін бұған дейін өткен сары құрлықтың басты додасының көрсеткіштеріне көз жүгірткен жөн.

Руханият • 25 Сәуір, 2019

Көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз еді...

Көзі тірі болғанда абзал азамат, көрнекті ғалым, өнертап­қыш, техника ғылымдарының докторы Анвар Акчурин үстіміздегі жылдың 28 сәуірінде 75 жасқа толатын еді.

Спорт • 24 Сәуір, 2019

Күрес: Қайсанов бас жүлде үшін таласады

Қытайдың Сиань қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрес шеберлері бүгін тағы бес салмақ дәрежесінің жүлделерін сарапқа салуда.

Спорт • 24 Сәуір, 2019

Бокс: Дычконың қарсыласы анықталды

Аса ауыр салмақта жұдырықтасып жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко өзінің келесі кездесуін 10 мамырда АҚШ-тың Флорида штатындағы «Seminole Hard Rock Hotel and Casino» сауықтыру кешешінде өткізеді.

Спорт • 24 Сәуір, 2019

Боксшыларымыз қашан және кіммен жұдырықтасады?

Бокстан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының ертеңгі жартылай финалдық сайысында Қазақстан құрама командасы мүшелерінің кімдермен және қай уақытта жұдырықтасатыны жайында кестені оқырмандар назарына ұсынамыз.

Спорт • 24 Сәуір, 2019

Ел таеквондошылары Оңтүстік Кореяға аттанды

Таеквондодан Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамасы әлем чемпионатына тыңғылықты даярлану мақсатында оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Оңтүстік Кореяға аттанды.