Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3864 материал табылды

Спорт • 13 Мамыр, 2019

«TENGRI ULTRA-2019» додасы аяқталды

Алматы облысы аумағында орналасқан Таңбалы тас шатқалында дәстүрлі «TENGRI ULTRA-2019» үлкен марафоны аяқталды. Жарыс жолына шыққан 1 500 атлет 15, 35 жəне 70 шақырымдық қашықтық және скандинавиялық жүрістен сайысқа түсті. Сондай-ақ, кани-кросс немесе 3,5 шақырымға итпен жүгіру жарысы ұйымдастырылды.

Спорт • 13 Мамыр, 2019

Дзюдо: Қазақстан тумасы топ жарды

Әзірбайжанның бас шаһары – Бакуде өткен «Grand Slam» турнирінде Қазақстанның дзюдошылары бірде-бір жүлдеге қол жеткізе алмай, елге бос қоржынмен оралды.

Спорт • 13 Мамыр, 2019

Жүзу: Баландин бабында екен

Венгрияның астанасы – Будапеште жүзуден «Champions Swim Series» санатындағы халықаралық турнирдің екінші кезеңі аяқталды.

Спорт • 13 Мамыр, 2019

Кәсіпқой бокс: GGG көш бастап тұр

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) бұл күндері осы ұйымның қанатының астында жұдырықтасып жүрген кәсіпқой боксшылардың рейтингін жаңартты.

Спорт • 09 Мамыр, 2019

Бэнкс туралы не білеміз?

Қазақстанның ең әйгілі кәсіпқой боксшысы, бірқатар белді нұсқалар бойынша орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин барлық атағынан айырылғаннан кейін өзінің жеке бапкері Абель Санчеспен қоштасқаны белгілі. Көп кешікпей жерлесіміз алдағы уақытта Джонатон Бэнкстің қол астында жаттығатыны жайында жалпақ жұртқа жария етті. Ал біз GGG-нің таңдауы түскен сол маман жайында не білеміз?

Спорт • 09 Мамыр, 2019

Мұхаммед пен Мэннидің мәрттігі

Жуырда АҚШ-тың әйгілі «Time» журналы жер жаһандағы ең ықпалды 100 адамның тізімін жария етті. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін есімдерін жатқа білетін бес бірдей спортшыны айтулы басылым үздіктер қатарына енгізген екен. Ал солардың арасында атақты футболшы, Мысырдың ұлттық құрама мен Англияның «Ливерпуль» клубының сақа ойыншысы Мұхаммед Салахтың көші бәрінен ілгері тұр. Бүгінгі таңда ол «Титан» аталымы бойын­ша жеңімпаз деп танылып отыр.

Спорт • 08 Мамыр, 2019

Баскетбол: Шешуші айқастар алда

Баскетболдан Қазақстанның тұрақты біріншілігі аяқталып, плей-оффқа жолдама алған командалар анықталды.

Спорт • 08 Мамыр, 2019

Баландин, Мусин мен Қасқабай АҚШ-та жаттығады

Қазақстанның үздік үш жүзушісі – Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин және Әділ Қасқабай енді АҚШ-қа аттанып, әйгілі бапкер Дэйв Салоның қол астында жаттығады.

Спорт • 08 Мамыр, 2019

Кәсіпқой бокс: Ахмедовтың қарсыласы анықталды

8 маусымда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы әйгілі «Madison Square Garden» аренасында Қазақстанның әйгілі кәсіпқой боксшысы Геннадий Головкиннің әлі ешкімнен жеңілмеген канадалық Стив Роллспен күш сынасатыны белгілі.

Спорт • 08 Мамыр, 2019

Таңбалы таста үлкен марафон өтеді

10-12 мамыр аралығында Алматы облысы аумағында орналасқан Таңбалы тас шатқалында дәстүрлі «TENGRI ULTRA-2019» үлкен марафоны өтеді.