Спорт • 24 Қаңтар, 2023
Теннистен Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Латвияның мықтысы Елена Остапенкомен күш сынасты.
Спорт • 24 Қаңтар, 2023
Кеше Мәскеудегі Vegas City Hall кешенінде «Шахмат жұлдыздары» деп аталатын халықаралық турнир басталды. Бір аптаға созылатын жарыста жер-жаһанның әр қиырынан жиналған 10 гроссмейстер бақ сынап жатыр.
Бокс • 23 Қаңтар, 2023
Таиландтың астанасы Бангкокта бокстан жастар арасындағы (U-22) Азия чемпионатының жартылай финалдық кездесулері өтті. Алғашқы күні біз қыздар арасындағы бәсекелерді тамашаладық. Шаршы алаңға тоғыз бұрымдымыз шықты. Солардың арасынан тек екеуі ғана ақтық сайыста күш сынасу құрметіне ие болды.
Спорт • 23 Қаңтар, 2023
Штаб-пәтері Германияның Бонн қаласында орналасқан Халықаралық футбол тарихы мен статистика федерациясы (IFFHS) әлемнің ең үздік ішкі чемпионаттарының рейтингін жариялады.
Спорт • 23 Қаңтар, 2023
Рыбакинаның рейтингі жоғарылады
Әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті ұтып, Аустралия ашық біріншілігінің ширек финалына шыққан Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі жағдайын біршама жақсартты.
Спорт • 23 Қаңтар, 2023
Бахрейннің астанасы – Манамада семсерлесуден жастар арасындағы әлем кубогі ақталды. Бұл жарыста 14 мемлекеттен келген 100-ге тарта спортшы бақ сынады.
Футбол • 22 Қаңтар, 2023
«Қайрат» пен «Пахтакор» кездесуі
Биыл Алматының «Қайраты» мен Ташкенттің «Пахтакоры» жолдастық кездесулер сериясын өткізуді жоспарлап отыр. Егер қос команданың баспасөз қызметтері таратқан мәліметтерге сүйенсек, алғашқы ойын 25 ақпанда Ташкентте өтеді. Одан кейін аталған команданың футболшылары жазда Алматыдағы Орталық стадионда ұйымдастырылатын қарымта матчта қайта жолығады.
Спорт • 22 Қаңтар, 2023
Астанада анықталатын әлем чемпионы
Биыл көктемде жер жаһан жанкүйерлерінің назары қайта Қазақстанға ауады. Өйткені республикамыздың бас шаһары – Астанада шахматтан әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтетін бұл бәсекеде 32 жастағы ресейлік Ян Непомнящий мен 30 жастағы қытайлық Дин Лижэнь шеберлік байқасады.
Бокс • 22 Қаңтар, 2023
Жартылай финалға шыққан 20 өрен
Бұл күндері Таиландтың астанасы – Бангкокта бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты (U-22) жалғасып жатыр. Күні кеше ғана жартылай финалға жолдама алған барлық былғары қолғап шеберлерінің есімдері белгілі болды. Әзірге жерлестеріміздің аяқалысы жаман емес. Тай еліне сапар шеккен Қазақстанның 25 өренінің (13 ер+12 әйел) 20-сы (11 ер+9 әйел) жартылай финалда күш сынасу құрметіне ие болды.
Спорт • 22 Қаңтар, 2023
АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан ХХХ қысқы Дүниежүзілік универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына түскен медальдар саны сегізге жетті.