
Германияның астанасында жүлде қоры 678 814 еуроны құраған дүбірлі доданың алғашқы айналымында әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина ресейлік Полина Кудерметовамен күш сынасты. 20 жастағы Полина үздіктер рейтингінде 139-орында тұр. Берлинде жаңбырдың толассыз жауғанының салдарынан бұл бәсеке біресе тоқтап, біресе қайта жалғасты. Ақыры 4 сағат 18 минутқа созылған тартыс 6:4, 6:2 есебімен жерлесіміздің пайдасына шешілді. Кеше кешкісін Рыбакина хорватиялық Донна Векичпен екінші кезеңде шеберлік байқасты.