
Шымкент • Бүгін, 08:30
Шымкент – еліміздегі республикалық қала мәртебесі берілген үш мегаполистің бірі. Шаһар өз алдына отау тіккелі үлкен жаңғыртуларды бастан өткеріп жатыр. Ол, ең алдымен, қала инфрақұрылымының дамуына қатысты. Қала аумағы шеттен қосылған Түркістан облысы аудандарының ауылдары есебінен ұлғайған соң, барлық елді мекенге коммуналдық-инженерлік инфрақұрылым тарту мәселесі алға шықты.
Сұхбат • Кеше
Серікбай ОНБАЕВ: Патриоттық тәрбие талбесіктен басталады
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қаласы филиалының төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Онбаев жасы жетпістен асса да, қоғамдық жұмыс арқылы елге қызмет етіп жүр. Ардагердің бастамасымен мектеп оқушылары, колледж бен университет студенттері арасында ұлттық, патриоттық тәрбиені насихаттау бағытында тындырымды тірлік атқарылып жатыр. Ендеше, патриоттық тәлім-тәрбиенің көрінісі қандай болу керек деген сауал төңірегінде қоғам қайраткерімен сұхбаттасқан едік.
Шымкент • 14 Қазан, 2025
Эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шымкентте жыл басынан бері жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ), тұмау мен COVID-19 індетіне қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова мәлімдеді.
Аймақтар • 14 Қазан, 2025
Балаға қамқорлықтың жарқын үлгісі
Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында Білім салалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды. Жиынға Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мақсат Өткелбаев, қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Ысқақов, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев, жекеменшік мектептердің жетекшілері, кәсіпкерлер, «Қаржы орталығы» АҚ өкілдері қатысты.
Медицина • 14 Қазан, 2025
Ұйқы безіне жасалған алғашқы тіліксіз операция
Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханасында ұйқы безі қатерлі ісігі диагнозымен түскен науқасқа лапароскопиялық әдіспен, яғни ешқандай тіліксіз тұңғыш рет операция жасалды. Науқас мұның алдында басқа қалаларға барып, сол жақтың клиникаларында бірнеше тексеруден өткен.
Бизнес • 10 Қазан, 2025
«Дамумен» өрісін кеңейткен кәсіпорындар
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне баспасөз турын ұйымдастырды. Іс-шара барысында журналистер Қор арқылы несие қаражатын алып кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен танысты.
Жастар • 08 Қазан, 2025
Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты «Тау самалы» демалыс аймағында «Қарапайым жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «Ауыл» партиясының бастамасымен республикалық «Auyl jastary» форумы өтті. Бұған еліміздің әр аймағынан белсенді жастар қатысты.
Маман • 30 Қыркүйек, 2025
«Үздік маман» байқауының жеңімпаздары анықталды
«QazaqGaz» ҰК» АҚ құрамына кіретін «Интергаз Орталық Азия» АҚ Шымкент филиалының өндірістік объектілері базасында жыл сайын дәстүрге айналған «Үздік маман–2025» жұмысшылардың кәсіби шеберлігін анықтайтын байқау кезекті мәресіне жетті. Биылғы жарыс Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ұйымдастырылды.
Айбын • 25 Қыркүйек, 2025
«Ақтас» полигонындағы жауынгерлік жаттығу
Шымкент қаласы аумақтық қорғаныс бригадасының әскери міндеттілері арнайы оқу-жаттығу жиынына қатысты. Қарулы күштер сапына қайта қосылған шымкенттік азаматтар «Ақтастағы» оқу-жаттығу полигонында он күн болып қайтты.
Шымкент • 25 Қыркүйек, 2025
Жолаушы тасымалы саласындағы өзгерістер
Шымкент қаласындағы №146, №150 қоғамдық көлік бағыттары 30 жаңа автобуспен толықты. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық көлік паркінде болып, жаңа көліктерді арнайы тексеріп шықты. Жолаушы тасымалдаушы көліктер Қарағандыдағы «Qaz Tehna» ЖШС зауытында өндірілген. «Yutong» маркалы заманауи автобустар халықаралық стандарттарға толық сай келеді, әрқайсысының сыйымдылығы 85 жолаушыны құрайды.