
Еңбек • 03 Сәуір, 2024
Жас кәсіпкер Әсем Тұрарованың күнделікті әдеті – таңертең ерте тұрып, қорасындағы 3 сиырын сауу. Алған сүтті бір күн айран қылып ұйытып, бір күн сүттей аулындағы дүкенге өткізеді. Осы кәсібімен жан бағып, бала-шағасын асырап отыр. Ол тұратын ауыл – Шымкент қаласының ең шеткі аймағындағы Көкбұлақ елді мекені. Шаһарға қарасты болса да, бұл жердің халқы әлі күнге дейін төрт түлік мал бағып, егін салады. Өйткені әр отбасының есік алдында үйіргелік жері, шағын бау-бақшасы бар. Халық малын ауыл маңындағы қоғамдық жайылымға өргізеді.
Экспорт • 29 Наурыз, 2024
Шетелге өнім экспорттайтын кәсіпорын
2003 жылы құрылған инновациялық технологияға негізделген «KARLSKRONA LC AB» кәсіпорны сорғы агрегаттарын жасаумен айналысады. Барлық керекті бөлшек негізінен осында жасалатындықтан, зауыт толық циклді кәсіпорын санатына жатады.
Қоғам • 28 Наурыз, 2024
Этнограф ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық қолөнері мен мәдениетінің шырақшысы болған ұлт сардары Өзбекәлі Жәнібеков есімін иеленген Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде қайраткердің құрметіне орай мемориалдық тақта ашылып, «Өзбекәлі Жәнібеков құбылысы: тұлға тағылымы және педагогикалық құндылықтар» тақырыбында «Жәнібеков оқулары-1» тұңғыш рет халықаралық, ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырылды.
Қоғам • 28 Наурыз, 2024
Мұқтаж жандарға азық-түлік үлестірді
Шымкенттің орталық мешіті Ақмешітте әлеуметтік тұрмысы төмен жандарға азын-аулақ азық-түлік таратылды. Рамазан қоржыны деп аталатын азық-түлік тізімінің ішінде ұн, пісте май, макарон, күріш басқа да өнімдер бар. Орталық мешітте әлеуметтік көмек 100 отбасыға көрсетілсе, шаһардың өзге де құлшылық орындарында дәл осындай қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды. Бұл күні жалпы саны 800 отбасыға күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары таратылды.
Айбын • 28 Наурыз, 2024
Түркістан облысында 400-ге жуық жігіт әскерге аттанды
«Фараб» облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Бұл күні облыстан 50 бала Алматы қаласының десанттық-шабуылдау бригадасына аттанды, тағы 30 бала Шекара қызметіне жіберілетін көктемнің соңғы команда құрамына кірді, деп жазады Egemen.kz.
Театр • 27 Наурыз, 2024
Поэзияны асқақтатқан «Дариға жүрек»
Наурыз мерекесінің қарсаңында Шымкенттің Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың екі бөлімнен тұратын «Дариға жүрек» атты поэтикалық сазды толғауының премьерасы өтті. Спектакльге мұзбалақ ақынның «Дариға жүрек» пен «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының мазмұны арқау болды.
Еңбек • 19 Наурыз, 2024
Өткен жылы Шымкентте жолаушы тасымалдау компаниялары «ТТК», «Радуга», «T-BUS» серіктестіктерінде ереуіл бола жаздаған. Жолаушы тасымалдау қызметі әрдайым субсидияға мұқтаж екені рас. Қазір қалада жап-жаңа автобустар қызмет көрсетеді. Жоғарыда аталған компаниялар сол автобустарды «Shymkent» ӘКК-ден лизингке сатып алған.
Шымкент • 17 Наурыз, 2024
15 Наурыз – қайырымдылық, мейірімділік пен тату көршілікке шақыру күні. Бұл күні Шымкенттегі 10216 мен 55652 әскери бөлімдерінің қызметшілері көру қабілеті жеңіл және ауыр бұзылған балаларға арналған №33 «Ақбота» түзету балабақшасына арнайы ат басын бұрды. Ондағы мақсат – балалармен патриотизм туралы әңгіме өрбітіп, ойыншықтар мен тәтті сыйлықтар тарту ету.
Қылмыс • 13 Наурыз, 2024
Интернет алаяқтарынан сақтаныңыз!
Шымкентте кейінгі жылдары интернет алаяқтық қылмыстары өршіген. Осыған байланысты онымен күрес те тиісті орган тарапынан күшейіп жатыр. Жуырда интернет алаяқтарға алданып қалмаудың алдын алу мақсатында қалалық полиция департаментінде жиын өтті. Блогерлер, журналистер, қоғам белсенділері қатысқан отырыста полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев ғаламтор арқылы алаяқтар халықты қалай алдайтынын баяндап, осы мәселені жалпақ жұртқа кеңірек жеткізу керектігін айтты.
Білім • 10 Наурыз, 2024
М.Әуезов университетінің филиалы Өзбекстанда ашылды
9 наурыз күні Шыршық қаласында (Өзбекстан) Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Б.Атамқұловтың, Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрі Қ.А.Шариповтың және Шыршық қаласының әкімі Д.А.Хидоятовтың қатысуымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу университетінің өкілдерімен Шыршық қаласында университет филиалының ашылуы барысы туралы кездесу өтті, деп жазады Egemen.kz.